Мемлекет басшысының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қауымдастықпен кездесу барысында сөйлеген сөзі Қазақстан үшін ғылымды дамыту аса маңызды басымдықтың бірі екенін тағы да айқын көрсетті.
Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыты ретінде бекітілуі бұл міндеттерге ұзақ мерзімді әрі жүйелі сипат береді.
Осындай жағдайда Ғылым және білім эндаумент-қоры өз миссиясын жекелеген жобаларды қолдаумен ғана шектемей, білімге, талантқа және зерттеулерге ұзақ мерзімді инвестиция салудың жаңа мәдениетін қалыптастырумен байланыстырады. Қор бизнес, академиялық орта және қоғамның мүмкіндіктерін елдің зияткерлік және ғылыми әлеуетін нығайту сияқты ортақ ұлттық міндет төңірегінде тоғыстыра алатын заманауи институт ретінде құрылды.
Қордың қызметі…
Дарынды жастарды, ғылыми жобаларды, білім беру бағдарламаларын, зерттеу инфрақұрылымын, сондай-ақ жаңа технологиялар, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект саласындағы бастамаларды қолдауға бағытталған.
«Жақын кезеңде Қор нысаналы капиталды нығайтуға, гранттық және стипендиялық бағдарламаларды іске қосуға, келешегі зор ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға және ел болашағына қызмет ететін тұрақты әріптестік моделін қалыптастыруға басымдық береді», — дейді осы тұста қор директоры Тимур Макенов.
Бүгінгі таңда уақыт талабына бейімделіп қана қоймай, ұлттық дамуға серпін беретін мықты институттарды қалыптастыру айрықша маңызды. Ғылым және білім эндаумент-қоры дәл осындай міндетті атқаруға арналған: ғылым мен білім саласындағы стратегиялық бастамалардың сабақтастығын, тұрақтылығын және ұзақ мерзімді қолдауын қамтамасыз ететін сенімді платформаға айналу.
Ғылым және білім эндаумент-қоры адам капиталына, ғылыми көшбасшылыққа және Қазақстанның болашағына салынатын инвестиция. Қор елдің жаңа ғылыми-білім беру экожүйесінің негізгі өсім нүктелерінің біріне айналуды мақсат етеді.
Айта кетелік, күні кеше президент Тоқаев ҚазҰУ-да жиын өткізіп, ғылым саласына қатысты ойын ортаға салған-тұғын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







