Қазақстанның айырбастау нарығында 16 сәуір күні қалаға қарай валюта бағамының айырмасы айқын сезіліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша доллар 474,08 теңге, еуро 558,28 теңге, ал Ресей рублі 6,26 теңге деңгейінде белгіленген. Алайда айырбастау пунктеріндегі нақты бағамдар бұл көрсеткіштен де, бір-бірінен де едәуір өзгеше қалыптасқан. Әсіресе ірі қалалар арасындағы айырма көзге бірден түседі.
Алматыда доллар 473,32-475,68 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы 557,18 теңгеден 562,61 теңгеге дейін жетеді. Рубль 6,18-6,29 теңге шамасында. Яғни оңтүстік мегаполисте нарық салыстырмалы түрде бірқалыпты, айырма тым кең емес.
Ал Астанада жағдай басқаша. Мұнда доллар 470,03 теңгеден 476,95 теңгеге дейін құбылып тұр. Еуро 555,01–564,95 теңге аралығында, рубль 6,10–6,40 теңге көлемінде саудалануда. Ең үлкен назар аударатын жайт та осы. Елордада доллар бойынша спред 7 теңгеге жуықтап, еуро бойынша тіпті 10 теңгеге таяп қалған. Демек айырбас орны дұрыс таңдалмаса, шығын да бірден ұлғаяды.
Мәселен, 1000 доллар айырбастаған адам тек бағам айырмасынан шамамен 6900 теңгеге дейін жоғалтуы мүмкін. Қарапайым операцияның өзінде осындай айырма шығуы елордадағы нарықтың бүгінгі күні әлдеқайда шашыраңқы екенін көрсетеді. Ал Алматы мен оңтүстік бағыттағы қалаларда бұл алшақтық шамамен 2–3 теңге деңгейінде ғана.
Ақтөбе, Павлодар және Шымкентте бағам біршама жинақы қалыптасқан. Бұл қалаларда доллар 474–476,95 теңге, еуро 556,67-562,10 теңге, ал рубль 6,17-6,29 теңге аралығында саудаланып жатыр. Яғни айырбас кезінде шығын бар болғанымен, Астанадағыдай айқын алшақтық байқалмайды.
Бүгінгі көріністен шығатын негізгі қорытынды қарапайым. Валюта айырбастамас бұрын бірінші кездескен пунктке кіре салу тиімсіз болуы мүмкін. Әсіресе 500 не 1000 доллар көлеміндегі операцияда әр доллардағы 2-3 теңгенің өзі елеулі ақшаға айналады. Сондықтан бағамды алдын ала салыстырып алған дұрыс.
Рубльге келсек, бүгін ол барлық өңірде ресми бағамға жақын саудаланып жатыр. Яғни осы валюта бойынша қатты ауытқу байқалмайды. Ал негізгі айырма доллар мен еуро нарығында анық көрініп тұр. Бүгінгі күннің басты белгісі де сол – Астанадағы кең спред және айырбас кезіндегі жасырын шығын қаупі.
Енді Қазақстанда бақылаусыз несие мен оңай рәсімделетін бөліп төлеу дәуірі бәсеңдей бастайтынын тілішілеріміз жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

