Жазғы демалыс маусымы басталғанда валютаға деген сұраныс күрт артады. Қазақстандықтар Түркияға, Малайзияға, Дубайға, енді бірі АҚШ-қа жол тартады. Мұндай кезде билет пен қонақүйден бөлек, сапар бюджетіне тікелей әсер ететін тағы бір мәселе бар. Ол валютаны қай кезде және қандай бағаммен айырбастау, деп жазады Ertenmedia.kz.
3 маусым күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ForteForex-те долларды сатып алу бағамы 491,04 теңге, сату бағамы 491,20 теңге болды. Сатып алу мен сату арасындағы спред 0,16 теңгені құрады. Ал Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде сол күні таңертең сағат 10:02 шамасында долларды сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 495 теңге болды. Яғни айырбастау пункттеріндегі спред 7 теңгені құрады. Сондықтан мұндай жағдайда ресми бағамға емес, клиент валютаны нақты қандай бағаммен сатып алатынына немесе сататынына назар аударған маңызды.
Сондықтан шетелге шығар алдында валютаны қандай шартпен, қандай сәтте және қаншалықты ыңғайлы тәсілмен алғаныңыз маңызды.
Көп адам валюта айырбастауды әдетте соңғы сәтке қалдырады. Әуежайға жеткенде немесе сапар алдында асығыс айырбастауға мәжбүр болады. Мұндай кезде таңдау да азаяды. Әзір қандай бағам тұр, соған келісуге тура келеді. Ал бағам күн сайын өзгеріп тұрған кезде бірнеше теңгенің өзі үлкен сомада сезіледі.
Жоғарыдағы мысал бойынша доллар сатып алған кезде айырбастау пунктіндегі сату бағамы мен ForteForex бағамының айырмасы әр долларда 3,80 теңге болды. Демек, 1000 доллар сатып алғанда клиент 3800 теңге, 3000 доллар алғанда 11 400 теңге, ал 5000 доллар алғанда 19 000 теңге артық төлеуі мүмкін еді.
Долларды сатқан кезде де айырма ForteForex пайдасына болды: ForteForex-те 491,04 теңге, ал айырбастау пунктінде 488 теңге, яғни әр долларда 3,04 теңге айырма бар. Соңғы уақыттағы валюта динамикасы осындай ұсақ көрінетін айырманың нақты шығынға айналуы мүмкін екенін көрсетті.
2024 жылдың қаңтарында доллардың орташа айлық бағамы 451,3 теңге шамасында болса, өткен жылдың тамыз-қараша айларында 539-540 теңгеге дейін барған.
Осындай құбылмалы кезеңде валюта айырбасқа мұқият қараған жөн. Сапарға шыққан адамға да, шетелде оқитын баласына ақша жіберетін ата-анаға да, іссапарға жиі баратын кәсіпкерге де бағамды бақылау маңызды.
ForteBank саяхатшыларға не ұсынады?
ForteBank осы қажеттілікке жауап беретін пайдалы қызмет ұсынып отыр. ForteForex сервисінде клиент валюта сатып алу немесе сату бағамын өзі белгілей алады. Яғни айырбас пунктіндегі дайын бағамға ғана тәуелді болмай, өзіне қолайлы деңгейде өтінім қою мүмкіндігі бар. Егер қарсы тарапқа сол ұсыныс қолайлы болса, операция орындалады. Ақша сіздің ағымдағы шотыңызға немесе картаңызға бірден түседі. Бір тәулік ішінде 200 өтінімге дейін беруге болады, ал операциялардың жалпы күндік лимиті 400 млн теңгеге дейін жетеді.
ForteApp мобильді қосымшасында жұмыс істейтін ForteForex сервисінің басты ерекшелігі — клиенттердің қалаған бағамын өздері көрсете алуы. Әдеттегі айырбас кезінде клиент банк немесе айырбастау пункті көрсеткен бағаға амалсыз келіседі.
Ал ForteForex форматында клиент нарықтағы ұсынысты көріп, өз шартын ұсына алады немесе қолжетімді үздік бағамның бірін таңдайды. Мұндай тәсіл сатып алу мен сату бағамының арасындағы айырманы азайтуға көмектеседі.
ForteForex сервисінде валюта динамикасын бақылауға арналған статистика мен график те бар. Сервис күн сайын, демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді. Бұл ма, бұл жазғы маусымда өте-мөте маңызды. Себебі сапар көбіне демалыс күндеріне, мереке қарсаңына немесе банк бөлімшесі жабық уақытқа сәйкес келіп жататынын ескеру керек.
ForteForex арқылы теңге, доллар, еуро, рубль, британ фунты, швейцар франкі, түрік лирасы, БАӘ дирхамы, Қытай юаны және Канада доллары секілді негізгі валюталармен операция жасауға болады. Тізім қазақстандықтар жиі баратын туристік және іскерлік бағытты қамтитынын айта кету керек. Біріне доллар керек, біріне еуро қажет, ал Түркия, Дубай, Бейжің бағытына шығатындар үшін басқа валюталар да өзекті.
Нақты бағамға неге назар аудару керек?
Қазақстандықтар арасында долларға сұраныс әлі де жоғары, әсіресе демалыс маусымы мен шетелге сапар алдында бұл айқын байқалады. Сондықтан валюта айырбастау тәсілін таңдағанда анықтамалық көрсеткішке емес, нақты шарттарға қараған жөн: сатып алу бағамы, сату бағамы, спред және операцияны өзіңізге ыңғайлы сәтте жасау мүмкіндігі маңызды.
Осындай жағдайда валюта айырбастаудағы басты қағида асықпау және бағамды алдын ала бақылау. Жазғы демалысқа дайындалып жүрген адам жолға шығардан бір күн бұрын ғана емес, бірнеше апта бұрын бағам динамикасына назар аударғаны жөн.
Ал ForteForex сияқты сервистер сол процесті телефон арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Сервисте жасырын комиссия бар ма?
Тағы бір маңызды мәселе — ашық шарт. ForteBank мәліметінше, ForteForex-тегі комиссия 0% құрайды. Клиент операция алдында бағамды көріп, шешімді өзі қабылдайды. Валюта айырбастау кезінде дәл осы айқындық маңызды. Өйткені сапар бюджетінде әр шығын алдын ала есептелгені дұрыс.
ForteForex-те қаржылық сауатыңызды ашатын оқу бөлімі бар
Егер валюта айырбастау мәселесінде тығырыққа тірелсеңіз, ForteApp қосымшасындағы сервисте арнайы оқу бөлімі бар. «Оқу бөлімі» деп аталатын бөлімде банк сервистің қалай жұмыс істейтінін, шоттарды қалай баптауға болатынын, валютаны қалай айырбастау керектігін, сауда-саттықты қай жерден көруге болатынын жіпке тізіп түсіндіріп береді. Сервистің қазақ тілінде нұсқасы оқуға жеңіл, түсінікші нақышта жазылған.
Жазғы демалыста қаржылық жайлылық ұсақ-түйек нәрседен басталады. Карта жұмыс істей ме, қолма-қол ақша жеткілікті ме, шетелде төлем жасауға қосымша комиссия бар ма, валюта қай бағаммен алынды? Осындай сұрақтарға алдын ала жауап тапқан адам сапар кезінде артық уайымнан арылады.
ForteForex валюта айырбастауды банк бөлімшесіне немесе айырбас пунктіне бармай-ақ, мобильді қосымша арқылы жасауға жол ашады. Бағамды бақылау, өз ұсынысын қою, қолайлы сәтті таңдау және операцияны онлайн орындау жазғы маусымда шетелге шығатындар үшін нақты қаржылық артықшылық.
Бұған дейін шетелге жиі шығатын қазақстандық туристерге арналған ForteTravel сервисі туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ForteBank» АҚ-ға 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензия.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







