Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноттарды қатар қолдану мерзімі 24 маусымда аяқталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлттық банк мәліметінше, 25 маусымнан бастап бетінде «Қазақ Елі» монументі мен ұшқан көгершіндер бейнеленген ескі 2000 теңгелік купюралармен дүкендерде төлем жасауға болмайды.
Алайда азаматтар бұл банкноттарды жоғалтып алмай, кейін де айырбастай алады. 25 маусымнан бастап оларды үш жыл бойы барлық банк пен «Қазпошта» бөлімшелерінде жаңа үлгідегі ақшаға ауыстыруға болады.
Ал Ұлттық банктің филиалдарында 2012 жылғы 2000 теңгелік банкноттар мерзімсіз айырбасталады. Еске сала кетейік, ескі және жаңа 2000 теңгелік купюралардың қатар айналым кезеңі 2024 жылғы 25 желтоқсанда басталған еді.
Сонымен қатар жаңа 500 теңгелік банкноттар 2017 жылғы үлгідегі купюралармен бірге 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін қатар айналымда болады.
Ал 10 000 теңгелік ескі және жаңа банкноттардың қатар қолданылу мерзімі бұрын 2026 жылғы 27 маусымда аяқталады деп жоспарланған. Бірақ Ұлттық банк бұл мерзімді тағы бір жылға, яғни 2027 жылғы маусымға дейін ұзартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







