Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 18%-дан 17%-ға дейін төмендетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұған мамыр айындағы инфляцияның жылдық көрсеткішінің 10,4%-ға дейін төмендеуі себеп болған. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны баяулауы (10,7%), тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифінің тұрақталуы әсер еткен. Сонымен қатар, тұтынушылық несиелендіру қарқыны бәсеңдеп, халықтың инфляциялық болжамы да төмендеген.
«Жыл басынан бері тұрғындардың инфляциялық күтімі төмендеп, мамыр айында 12,7%-ды құрады. Ал нарықтың кәсіби қатысушылары инфляцияны жыл соңына қарай 10% деңгейінде болжап отыр», – деп хабарлады реттеуші.
Ұлттық банктің жаңартылған болжамы бойынша, биыл инфляция 9-11%-ға дейін төмендеп, бір таңбалы деңгейге түседі. Орта мерзімді перспективада инфляцияның мақсатты көрсеткіш 5%-ға дейін тұрақталатыны күтіледі.
ЖІӨ өсімі бойынша болжам да жақсарған. Биыл экономикалық өсім 4,5-5,5%-ға жетуі мүмкін. Бұған мұнай бағасының жоғары болуы ($90/баррель), сондай-ақ ішкі экономикалық белсенділіктің өсуі ықпал етуі тиіс.
Бас банкир Тимур Сүлейменов ставкінің төмендеуі экономика үшін несие алу құнын азайтып, бизнесті қаржыландыруға жол ашады деп есептейді.
Ал шілдедегі келесі отырыста мөлшерлемеге қатысты жаңа шешім қабылданады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







