Президент Тоқаев Қазақстанның вице-президенті қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Оны тағайындауға келісім беру мәселесін Құрылтай депутаттары қарайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
31 тамыз күні таңертең Құрылтай депутаттары вице-президент пен премьер-министрдің кандидатураларын келісу үшін жиналды.
Тоқаев Құрылтай сайлауы өткен 23 тамызда вице-президент қызметіне ел жақсы білетін танымал тұлға тағайындалатынын айтқан еді. Мемлекет басшысының таңдауы бұған дейін мемкеңесші, кейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған Ерлан Қаринге түсті.
Вице-президент қандай міндет атқарады?
Вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілді. Осы өзгеріске байланысты мемлекеттік кеңесші қызметі таратылған-тұғын.
Конституциялық заңға сәйкес, вице-президентті Құрылтай депутаттарының көпшілігі келісім бергеннен кейін Президент тағайындайды.
Вице-президент мемлекет басшысының тапсырмасымен оның Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге мемлекеттік органмен байланысын қамтамасыз етеді. Қосымша өкілеттікті Президенттің өзі белгілейді.
Бұған дейін Ertenmedia.kz «Президенттен кейінгі ең ауыр кресло: Тоқаевтың таңдауы кімге түспек?» деген тақырыпта талдау жасап, Ерлан Қаринды осы орынтақтың негізгі үміткері ретінде атаған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







