Жуырда Қостанайдағы имам алкоголь ішіп, түнгі клуб жанында ұсталған еді. Артынша өңірдің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Кеше ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ол бұған дейін Қостанай қалалық «Марал Ишан» мешітінің имамы қызметін атқарды.
Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.