Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұрақтандыру шарасы күшейтілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында қалада баға өсімін тежеуге бағытталған кешенді жұмыс қолға алынған. 16 сәуірден бастап «Барыс-4» базарындағы көтерме сауда алаңында жүйелі мониторинг жүріп жатыр.
Оған Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті тартылған.
Негізгі мақсат – баға тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының негізсіз өсуіне жол бермеу. Әсіресе сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауына және жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдал буындарды қысқартуға басымдық беріліп отыр.
Қалада тек бақылау жүргізіліп жатқан жоқ. Кәсіпкерлермен және базар әкімшілігімен түсіндіру жұмысы да қатар жүріп жатыр. Саудаға қатысушыларға заңнама талаптары, баға белгілеудің ашық тәртібі, сондай-ақ дұрыс рәсімделген әрі қолжетімді баға жапсырмасының болуы қажет екені түсіндірілуде.
Егер заңбұзушылық анықталса, қолданыстағы заңнамаға сай мемлекеттік бақылау шарасы қолданылады. Мониторинг қорытындысы өңірлік комиссияның қарауына шығарылады. Талапты бұзған тарапқа қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданады.
Қаладағы осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Бағаны бақылау мәселесі жіті назарда тұр. Нәтижесі бойынша қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.
Алматыда 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында шамамен 2 мың азамат мерзімді әскери қызметке жіберіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







