Ақтөбенің әскери бөлімдерінің бірінде ұлы қаза тапқан әйел халықтан өзін-өзі өлтіруге жеткізді деген ақпаратты таратпауға шақырды. Ирина Боровецтің үндеуі жергілікті парақшалардың бірінде жарияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Ұлым Ақтөбеде сәуірден бері қызмет етіп келеді. Кеше қайғылы оқиға болды. Ол борышын жақсы өтеп жүрді. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Үнемі қоңырау шалып тұрды, бәрі жақсы болды. Енді тергеу болады, олар жағдайды анықтайды деп үміттенемін.
Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген нұсқаны таратпауын да қоса кеткім келеді. Ұлымды сот-медициналық тексерістен бұрын көрдім, көгерген жерлері, ұрып-соғу іздері жоқ», — деді сарбаздың анасы.
Айта кетейік, 23 қарашада Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери сарбаз қаза тапты.
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.