Қонаев қаласында Орталық Азия дрифт-шоуының 4-кезеңіне қатысқан спортшылар Құрылтай сайлауына спорт көлігімен келіп, дауыс берді. Жарыс жолынан бірден сайлау учаскесіне бет бұрған спортшылар осылайша азаматтық белсенділіктің де жылдамдық пен шеберлік секілді жауапкершілікке сүйенетінін көрсетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаев жаз бойы дрифт маусымының қызған ортасына айналды. Облыс орталығында өткен жарыстарға Қазақстанның әр өңірінен келген үздік спортшылармен қатар, алыс-жақын шетелден жеткен қатысушылар да бақ сынады. Маусым қорытындысында жеңімпаздар қатарынан Алматы облысының спортшылары да көрінді. Сайлау күні сол дүбірлі жарыстарға қатысқан төрт спортшы учаскеге жуырда ғана трассада жүрген спорт көліктерімен келді. Олар тіркеуден өтіп, бюллетень алып, өз таңдауларын жасады. Осы көрініс Қонаевтағы…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Абай облысының әкімі Берік Уәли Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Өңір басшысы Семей медицина университеті ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Берік Уәли бүгінгі сайлауды елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі деп бағалады. Оның айтуынша, азаматтардың өз таңдауын білдіруі ел болашағына қатысты шешімдерге қатысудың негізгі тетіктерінің бірі саналады. «Бүгін – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты шешімдер қабылдауға қатысуының маңызды мүмкіндігі», – деді облыс әкімі. Өңір басшысы Абай облысында дауыс беруге қажетті барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оның пікірінше, басты міндет – сайлау…
Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушылар дауыс берудің ұйымдастырылуына назар аударды. Солардың қатарында Пәкістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары Сикандар Сұлтан Раджа да бар. Ол Астана қаласындағы 228 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бақылап, сайлаудың ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру деңгейі мен тәртіп мәселесі ерекше әсер қалдырған. Пәкістандық байқаушы бақылау барысында сайлау процесіне қатысушылармен пікір алмасып, олардың атқарып жатқан жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтынына көз жеткізген. «Біз жаңа ғана сайлау учаскесінде болдық. Ондағы тәртіп пен ұйымдастыру деңгейі бізге өте жақсы әсер қалдырды. Сонымен қатар халықаралық байқаушылардың бұл процеске үлкен қызығушылық танытып отырғанын көрдік», деді Сикандар…
Алматы облысының Іле ауданында Құрылтай сайлауы күні ерекше акция өтті. Запастағы офицер, парашюттік дайындық бөлімінің командирі және тандем-нұсқаушы Тимофей Меркулов ұшақтан парашютпен секіріп, дауыс беру орнына дәл қонды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Парашютшінің аспаннан түскен сәті жиналған жұрт үшін күтпеген көрініске айналды. Іле ауданының тұрғындары спортшының ұшақтан секіріп, жерге қонуын қызығушылықпен тамашалады. Ерекше акцияны жүзеге асырған Тимофей Меркулов – парашют спорты саласында тәжірибесі мол маман. Оның еншісінде әртүрлі үлгідегі парашюттермен жасалған 1 700-ден астам секіру бар. Ол Мысырдағы пирамидалар маңына қонған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде де танымал. Бұдан бөлек, Эльбрус тауына парашютпен секіріп, АҚШ аспанында өткен 100-way халықаралық әуе формациясына…
Ақтау қаласында Құрылтай сайлауы күні тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көлік тегін қатынап жатыр. Қала билігінің бұл шешімі азаматтардың дауыс беру орындарына баруын жеңілдетіп, сайлауға қатысуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, тегін қоғамдық көлік қатынасы сайлау күні бойы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Негізгі мақсат – азаматтардың учаскеге жетуіне байланысты көлік мәселесін барынша азайту. Әсіресе жеке көлігі жоқ, қоғамдық көлікті тұрақты пайдаланатын тұрғындар үшін мұндай мүмкіндік маңызды. Тегін қатынас қаланың әр бөлігіндегі сайлау учаскелеріне баруды жеңілдетіп отыр. Ақтаудағы бастама дауыс беру күні сайлаушыларға жасалып жатқан ұйымдастырушылық жағдайлардың бірі саналады. Азаматтар қоғамдық көлікті пайдаланып,…
Шығыс Қазақстан облысында бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Өңірдегі 534 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастап, сайлаушыларды жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін қабылдайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 485 873 азамат енгізілген. Өңірдегі саяси науқанға жеті партияның филиалы қатысып отыр. Дауыс беру барысы мен сайлау рәсімдерінің сақталуын 3 мыңнан астам байқаушы қадағалауда. Олардың қатарында 10-ға жуық халықаралық өкіл бар. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов №1193 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Өңір басшысы дауыс беруге әкесі, жұбайы және отбасы мүшелерімен бірге келді. Нұрымбет Сақтағанов бүгінгі сайлауды елдің саяси дамуындағы маңызды кезең ретінде бағалады. «Бүгін…
Алматы облысының Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің 100-ден астам тұрғыны сайлау учаскесіне бірге келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Аға буын мен жастардың қатар қатысуы ауылдағы азаматтық белсенділіктің ерекше көрінісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан көшесінің тұрғындары дауыс беруге алдын ала келісіп, учаскеге бірге барған. Олардың қатарында балабақша тәрбиешісі, көпбалалы ана Альфия Долданова да бар. «Бүгін біз бүкіл көше болып, дауыс беруге бірге келдік. Бұл – еліміздің болашағына бейжай қарамайтынымыздың белгісі. Балаларымыздың болашағы жарқын болып, елімізде әрдайым бейбітшілік пен береке орнасын», – деді Альфия Долданова. Тұрғындардың айтуынша, сайлауға бірге келу көршілік қарым-қатынасты да нығайтып, маңызды күнге ортақ жауапкершілікпен қарауға…
Танымал скрипкашы, Қазақстанның халық артисі Жәмила Серкебаева Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Өнер иесі Алматыдағы №125 орта мектепте орналасқан №301 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жәмила Серкебаева ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі ретінде бағалады. Оның айтуынша, әр азаматтың дауысы мен таңдауы елдің болашақ бағытын айқындауда маңызды. Өнер иесі үшін сайлау учаскесіне келу тек конституциялық құқықты пайдалану ғана емес, қоғам өміріне белсенді араласудың және мемлекет болашағына бейжай қарамаудың белгісі болды. Қазақстанның халық артисі азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуы қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін күшейтетінін атап өтті. №301 сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген…
Атырауда жүгіруді өмір салтына айналдырған Run club мүшелері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Белсенді топ мүшелері М. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат ғимаратында орналасқан №8 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділік танытты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Спортты тұрақты серік еткен атыраулық жастар мен қала тұрғындары сайлау күні қоғамдық өмірден де шет қалмады. Олардың айтуынша, салауатты өмір салтын ұстану мен елдегі маңызды саяси үдерістерге қатысу бір-бірін толықтыратын жауапкершілік. Run club мүшелері Құрылтай сайлауын ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи кезеңдердің бірі ретінде бағалады. Сондықтан олар өз таңдауын жасап, азаматтық құқығын пайдалануды жөн көрген. Топ өкілдерінің пікірінше, қоғамдық белсенділік тек спорттық…
Бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысы халықаралық байқаушылардың да бақылауында. Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода сайлау үдерісінен алған әсерімен бөлісті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ол халықаралық байқауға қатысуға шақырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтып, биылғы сайлау науқанының елде жүргізілген конституциялық реформа аясындағы маңызына тоқталды. – Биыл көктемде Қазақстанда конституциялық реформа жүргізілді. Ол елдің сайлау жүйесі мен заң шығарушы билігіне де қатысты. Бұл Қазақстанда мемлекеттік институттарды дамыту бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді, – деді Бахтиёр Худоёрзода. Халықаралық байқаушы дауыс берудің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Оның айтуынша, қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп,…










