Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Экзитполдың алдын ала нәтижелері жарияланғаннан кейін «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияны қолдаған азаматтарға алғыс білдірді. Оның айтуынша, бір айға созылған сайлауалды науқан кезінде штаб елдің барлық 20 өңірін аралап, сайлаушылармен 28 мың кездесу өткізген, – деп жазады Ertenmedia.kz. Айбек Дәдебай сайлауалды бағдарламаның ауқымды күн тәртібін қамтығанын атап өтті. Партия заң үстемдігі, мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік саясат пен цифрландырумен қатар мәдениет, экология және адами капитал мәселелеріне де басымдық берген. Партия төрағасының айтуынша, өңірлердегі кездесулер сайлаушылардың нақты сұранысын тікелей естуге мүмкіндік берген. Азаматтар әлеуметтік жағдай, экономика, мемлекеттік басқару және өңірлік мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салған. «Сайлауалды науқан кезінде еліміздің әр өңірін…

Толық оқу

Құрылтай сайлауы күні Алматы облысындағы сайлау учаскелерінен әдетте рингте, кілемде немесе халықаралық жарыстарда көретін танымал спортшыларды кездестіруге болды. Олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпиондары және ұлттық құрама көшбасшылары өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев та сайлауға қатысты. Халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүрген балуан дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергендердің арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Балауса Муздиман да болды. Ол 2023 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, бір жылдан кейін Таиландта WBA Asia белбеуін жеңіп алған еді. Стенд атудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы,…

Толық оқу
Халықаралық

Астанадағы №341 сайлау учаскесінде дауыс беру барысын бақылаған Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев сайлау процесінің ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Оның айтуынша, учаскеде заң бұзушылық байқалмаған, ал сайлаушылардың белсенділігі қазақстандықтардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ғимаратында орналасқан №341 сайлау учаскесі 23 тамызда таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Елорда тұрғындары күні бойы учаскеге келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Учаскеде сайлаушыларды тіркеу, бюллетень беру және дауыс беру рәсімдері белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған. Азаматтардың еркін әрі құпия таңдау жасауына қажетті жағдай қарастырылды. Құрылтай сайлауын ел бойынша 42 мемлекет пен…

Толық оқу

Алатау қаласында Құрылтай депутаттарын сайлау күні бір отбасы үшін қос қуанышпен есте қалды. Екінші сәбиін күтіп жүрген Елдар Оспан мен Айшагүл Жананұр алдымен сайлауға қатысып, өз таңдауын жасаса, кейін жақындарымен бірге болашақ сәбидің жынысын анықтауға арналған гендер-пати өткізді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Отбасы мүшелері мен жақындары әуелі сайлау учаскесіне бірге барып, дауыс берді. Осыдан кейін барлығы отбасылық мерекеге жиналып, болашақ сәбиге қатысты қуанышты жаңалықты бөлісті. Осылайша ел өміріндегі маңызды саяси күн жеке отбасының ерекше сәтімен сабақтасты. Жақындары болашақ сәбиге зор денсаулық, жарқын ғұмыр мен бақытты тағдыр тілеп, ата-анасына амандық пен қуаныш тіледі. «Бүгін алдымен азаматтық борышымызды орындап, дауыс бердік. Одан…

Толық оқу

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауы мәресіне жақындап келеді. Сағат 16:00-дегі Орталық сайлау комиссиясының дерегі бойынша, 8 240 336 азамат дауыс беріп, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 65,37 пайызға жетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлау учаскелері жабыларға бірнеше сағат қалса да, азаматтардың белсенділігі бәсеңдеген жоқ. Тұрғындар учаскелерге отбасымен, балаларымен бірге келіп, жастар мен аға буын өкілдері қатар дауыс беріп жатыр. Сайлау күні мәдениет, спорт және қоғам саласындағы танымал тұлғалар да өз таңдауын жасады. Өңірлерде дауыс беруге қатысты түрлі ерекше бастамалар ұйымдастырылып, сайлау учаскелеріндегі күнделікті көріністер мерекелік реңкпен толықты. ОСК мәліметінше, сағат 16:00-де республика бойынша қатысу көрсеткіші 65,37 пайызды құрады. Ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында…

Толық оқу

Орал қаласындағы сайлау учаскелерінің біріне әлемге танымал «Кальмар ойыны» сериалы кейіпкерінің костюмін киген тұрғын келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Қызыл комбинезон мен бетперде киген ерекше сайлаушы көпшіліктің назарын бірден аударды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ерекше образдағы азамат сайлау учаскесінде белгіленген рәсімдерден өтіп, бюллетень алып, дауыс берді. Кейін учаске қызметкерлері және өзге сайлаушылармен естелік суретке түсті. Көпшілікке жақсы таныс сериал кейіпкерінің бейнесі сайлау күніндегі ресми атмосфераға креативті реңк қосты. Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары арасында да талқыланып, азаматтық белсенділікті ерекше форматта көрсету тәсілі ретінде қабылданды. Сайлауға дәл осындай костюммен келуінің себебін түсіндірген тұрғын бүгінгі таңдау мен сериалдағы оқиғалардың арасында…

Толық оқу
фермерлер

Қонаевтағы фермерлер шаруашылықтағы қызу науқанға қарамастан, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Шеңгелді ауылдық округінің фермерлері егіс алқабынан тракторларымен және өзге де ауыл шаруашылығы техникаларымен тікелей сайлауға келді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір Шеңгелді ауылдық округінде маусымдық жұмыс қызған шақ. Бір шаруашылық егін жинап жатса, енді бірі қысқа қажетті жем-шөп дайындаумен айналысуда. Мұндай кезеңде фермерлер үшін әр сағат маңызды. Соған қарамастан, шаруалар азаматтық құқығын пайдалануға уақыт бөлді. Дауыс беруге 10 шаруа қожалығының өкілдері қатысты. Солардың бірі – «Дидар» шаруа қожалығы. Биыл мұнда 30 гектар жерге картоп, жүгері, жоңышқа және бидай егілген. Қазір шаруашылықта жүгері жинау науқаны жүріп жатыр. Шаруашылық…

Толық оқу

Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұратын 116 жастағы Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Қазақстандағы ең қарт азаматтардың бірі саналатын кейуананың дауыс беруі азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген сенімнің ерекше көрінісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. 1910 жылы дүниеге келген Түймегүл апа биыл 116 жасқа толды. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен қария ел тарихындағы талай кезеңнің куәсі болып, бүгін тағы бір маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысты. Түймегүл Темірбаева өмірінің басым бөлігін отбасы мен адал еңбекке арнаған. Жолдасы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы өсіріп, ауыл шаруашылығымен айналысқан. Бүгінде ол 15 немере мен 25 шөберенің сүйікті әжесі. Ұзақ жасаудың сыры туралы айтқанда, Түймегүл…

Толық оқу

Алматы облысының Іле ауданындағы сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде жүрек тебірентерлік оқиға болды. Дауыс берген жас жігіт сүйіктісіне көпшіліктің алдында үйленуге ұсыныс жасап, жастар бір күнде ел болашағына қатысты таңдау мен жеке өміріндегі маңызды шешімді қатар қабылдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қанат Мейіржан мен Ажар Жанарбек сайлау учаскесіне бірге келіп, алдымен дауыс берді. Рәсім аяқталғаннан кейін Қанат сүйіктісіне күтпеген жерден жүзік ұсынып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бұл сәт учаскеде жүрген тұрғындардың назарын бірден аударды. Ажар ұсынысты қабылдаған соң, жиналған жұрт жас жұпты қошеметпен құттықтады. Қанат Мейіржанның айтуынша, ұсыныс жасау үшін Құрылтай сайлауы күнін таңдауы кездейсоқ емес. «Бүгін әр азамат…

Толық оқу

Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесінде қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевтің жары Күлтай Қасымова Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол дауыс берер алдында ақын ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлау учаскесі Тұманбай Молдағалиевтің есімімен аталатын мәдениет үйінде орналасқан. Күлтай Қасымова үшін осы мекеннің өзі ерекше естелікке толы болды. Ақын ескерткішіне гүл қойылғаннан кейін Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән шырқалды. Сазды әуен мен сырлы өлең сайлау учаскесіндегі сәтке ерекше жылылық беріп, жиналған жұрттың ықыласына бөленді. «Бүгін мен үшін ерекше әсерге толы күн болды. Сайлау учаскесінің Тұманбайдың атымен аталатын мәдениет үйінде орналасуының өзі…

Толық оқу