Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Жетісу облысында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Өңірдің бірнеше ауданында тұрғындар сайлау учаскелеріне топтасып келіп, өз таңдауын жасауда, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлауда алғашқылардың бірі болып Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та дауыс берді. Өңірде азаматтардың сайлау учаскелеріне ұжымдасып келуі бірнеше елді мекенде байқалды. Алакөл ауданының Қайнар ауылында Қ. Сқақұлы, І. Жансүгіров, М. Мәметова және Б. Момышұлы көшелерінің 40 тұрғыны бір мезгілде сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Текелі қаласында да «Бір көше – бір дауыс» бастамасына әл-Фараби көшесінің 50-ге жуық тұрғыны қосылды. Олар №452 сайлау учаскесіне бірге келіп, әрқайсысы өз таңдауын жасады. Сарқан ауданының Шатырбай ауылында 50 тұрғын сайлауға топтасып…

Толық оқу

Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхунның айтуынша, байқаушылар әзірге заң бұзу дерегін тіркемеген және шағым алмаған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ол Астанадағы Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. ШЫҰ өкілдері Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық пен дауыс беру барысын халықаралық байқау миссиясы аясында қадағалап отыр. Миссия мүшелері Қазақстанға 20 тамызда келген. Сайлау алдында олар түрлі учаскелерді аралап, ұйымдастыру жұмыстары мен дауыс беруге жасалған жағдайды бағалаған. Т.Р. Мидхунның айтуынша, бүгін байқаушылар таңғы сағат 06:30-дан бастап Астананың бірнеше ауданындағы сайлау учаскелеріне барған. – Қазіргі уақытқа дейін…

Толық оқу

Жетісу облысының Сарқан ауданында мәдениет саласының өкілдері Құрылтай сайлауына ерекше көңіл күймен қатысты. Өнерпаздар өз таңдауын жасап қана қоймай, сайлау учаскесінде домбырамен ән шырқап, ұлттық өнердің көркін кіргізді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сарқандық өнерпаздар домбыраның қоңыр үніне қосылып, көпшілікке жақсы таныс «Күміс құман-ай, бекзаттарым-ай» әнін орындады. Осылайша дауыс беру сәті ұлттық ән мен дәстүр сабақтасқан ерекше көрініске ұласты. Әннің «бекзаттарым-ай» деген жолдары бүгінгі күннің мазмұнымен де үйлесім тапқандай әсер қалдырды. Өнерпаздар оны елдің ертеңіне бейжай қарамай, өз таңдауын жасауға келген азаматтарға деген ізгі тілекпен байланыстырды. Сайлау учаскесінде аға буын мен жастар қатар өнер көрсетті. Мұндай көрініс азаматтық белсенділік пен ұлттық…

Толық оқу
Канье Уэст

15 тамызда Алматының Орталық стадионында өткен YE концерті қала экономикасына шамамен 5 млрд теңгелік әсер берген. Ұйымдастырушылардың есебінше, халықаралық шоу туристер ағынын күшейтіп, қонақүй, мейрамхана, көлік және өзге де қалалық сервистерге сұранысты арттырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Концертке 31 мың адам қатысты. Оның 7,7 мыңы Қазақстанға шетелден арнайы келген көрермендер болды. Қонақтар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, БАӘ, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Австралия және басқа мемлекеттерден жеткен. Жалпы концертке шамамен 50 елдің азаматтары келген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шетелдік көрермендердің 2 мыңға жуығы YE-нің әлемдік турын тұрақты қадағалап, әр елдегі бірнеше концертіне қатар қатысатын жанкүйерлер. Туристер ағыны Алматыдағы орналастыру орындарына да айтарлықтай әсер етті.…

Толық оқу
Жетісу

Бүгін, 23 тамызда, Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Жетісу облысының аудан-қалаларында қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдап жатыр. Бастама сайлаушылардың елді мекендер ішінде еркін қатынап, дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасауға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі жолаушылар тасымалдаушыларының бастамасымен бүгін автобус бағыттарында жолақы алынбайды. Тегін тасымал тек сайлау күніне арналған. 24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты күнделікті режимге оралады. Талдықорған қаласында саяжай аумақтарында тұратын азаматтарға да қосымша жағдай жасалған. Олардың сайлау учаскелеріне жетуін жеңілдету үшін арнайы автобус бағыттары ұйымдастырылып отыр. Мұндай шара жеке көлігі жоқ, қоғамдық көлікті тұрақты пайдаланатын тұрғындар үшін маңызды. Әсіресе сайлау учаскесінен шалғай тұратын азаматтардың дауыс беруге…

Толық оқу

Алматыда «МузАРТ» тобының солисі, белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Денсаулығына байланысты ауруханада ем алып жатқан өнер иесі арнайы ұйымдастырылған дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кенжебек Жанәбілов денсаулық жағдайына қарамастан, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмауды жөн көрген. Ауруханада жатқан сайлаушылар үшін жасалған арнайы тәртіп арқылы ол бюллетень алып, азаматтық құқығын жүзеге асырды. Әнші сайлауға қатысуды әр азаматтың ел болашағына қатысты жауапкершілігінің бір көрінісі ретінде бағалады. Оның пікірінше, маңызды саяси кезеңде азаматтар өз ұстанымын білдіріп, таңдау жасауға белсенді араласуы қажет. «Бүгін таңдау жасадым. Сіздер де дауыс беріп, елдің болашағы үшін жанымызды…

Толық оқу

«Ақ жол» демократиялық партиясының төраймы Дания Еспаева Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол сайлау науқанының елдің барлық өңірін қамтыған ауқымды саяси кампанияға айналғанын атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дания Еспаева дауыс беру арқылы өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. Оның айтуынша, Құрылтайдың алғашқы сайлауы елдің саяси жүйесіндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. «Ақ жол» партиясы сайлауалды науқан барысында Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс жүргізді. Партия кандидаттары мен белсенділері азаматтармен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, бағдарламалық ұсыныстарын таныстырды. Кездесулер барысында экономика, кәсіпкерлікті қолдау, салық саясаты, әлеуметтік мәселелер және азаматтардың құқықтарын қорғау…

Толық оқу
дауыс беру

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі саяси науқанды елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең деп бағалап, жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органға айналатынын атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Құрылтай сайлауы азаматтардың елдің алдағы даму бағытын айқындауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың қоғамдағы түрлі көзқарас пен ел болашағына қатысты ұстанымдарды тоғыстыратын біртұтас саяси алаң болуы қажеттігі жөніндегі сөзін де еске салды. «Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс.…

Толық оқу

Астанада пара және сурдоспортшылар, жаттықтырушылар мен спорт саласының өкілдері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық ұстанымын білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дауыс бергендердің қатарында пара армрестлингтен әлем және Азия чемпионы, пара оқ атудан әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Никита Ермаков бар. – Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы алғаш рет өтіп жатыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл – Қазақстан тарихында жаңа парақ ашатын маңызды кезең. Барлық азаматты сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырамын», – деді Никита Ермаков. Сайлауға пара оқ атудан Әлем кубогының қола…

Толық оқу

Алматыдағы №19 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №359 сайлау учаскесінде дауыс беру көтеріңкі көңіл күйде өтіп жатыр. Учаскеге келген тұрғындарға «Артхаус Продакшн» актерлік мектебінің жастары би флешмобын ұсынып, сайлау күнінің мерекелік реңкін арттырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жас өнерпаздар сайлау учаскесіне келген азаматтарды әуен және ырғақты қойылыммен қарсы алды. Флешмоб көпшіліктің назарын аударып, тұрғындарға дауыс беру рәсімінен бөлек ерекше әсер сыйлады. «Артхаус Продакшн» мектебінің өкілдері сайлауға қатысуды азаматтың құқығы ғана емес, өз ұстанымын білдіруге және ел болашағына қатысты саналы шешім жасауға берілген мүмкіндік деп бағалайды. Олардың пікірінше, пікір алуандығы мен азаматтық белсенділік сайлау процесінің маңызды негіздерінің бірі. №359 учаскеде бүгін…

Толық оқу