Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

дауыс беру

Армения Орталық сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Эрмине Арутюнян елордадағы Қ. Мыңбаев атындағы мектеп-лицейге барып, №131 сайлау учаскесінің жұмысымен танысты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Армения Орталық сайлау комиссия делегациясы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының ресми шақыруымен дауыс беру басталардан бір күн бұрын елімізге келген. Эрмине Арутюнянның айтуынша, сапардың алғашқы сағаттарынан бастап халықаралық сарапшыларға сайлауға дайындық барысымен танысуға және сайлау учаскелерін аралауға мүмкіндік берілген. «Біз дауыс беруге бір күн қалғанда келдік. Кеше Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен танысуға мүмкіндік алдық. Орталық сайлау комиссиясы атқарып жатқан жұмыстың ауқымы бізге ерекше әсер етті», – деді спикер. Ол Қазақстанға бұл алғашқы сапары емес екенін…

Толық оқу
дауыс беру

23 тамызда Ақтау қаласындағы №17 сайлау учаскесіне «Өрмекші адам» костюмін киген тұрғын келіп, өз таңдауын жасады. Ерекше образдағы сайлаушы көпшіліктің назарын аударып, учаскедегі мерекелік көңіл күйді күшейтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кино әлеміндегі танымал кейіпкердің бейнесін таңдаған азамат сайлау учаскесіне келген сәттен-ақ жұрттың қызығушылығын тудырды. Қызыл-көк костюмдегі «Өрмекші адам» дауыс беру рәсіміне қатысып, кейін тұрғындармен суретке түсті. Оның айтуынша, мұндай образды таңдаудағы мақсаты – сайлау күніне аздап көңіл күй қосып, айналасындағыларға жағымды әсер сыйлау. «Қазір «Өрмекші адам» фильміне әлем жұртшылығының назары ауып отыр. Трендтегі кейіпкердің костюмін киіп, адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлағым келді», – деді ол. №17 сайлау учаскесіндегі бұл…

Толық оқу
дауыс беру

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Өңір басшысы бүгін таңғы сағат 09:00-де Ақтау қаласының 16-шағынауданында орналасқан №68 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дауыс беру рәсімінен кейін Нұрдәулет Қилыбай Құрылтай сайлауының елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай саяси үдеріс азаматтардың мемлекет дамуына қатысты өз ұстанымын білдіруіне және қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуына мүмкіндік береді. – Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына және қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс, – деді облыс әкімі. Нұрдәулет Қилыбай Құрылтай жұмысы елдің одан әрі дамуына…

Толық оқу
дауыс беру

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Іргелі ауылында тұратын Карповтар отбасы Құрылтай сайлауына ерекше форматта қатысты. Олар №455 сайлау учаскесіне «Құрылтай» деген жазуы бар әуе шарымен ұшып келіп, балалардың көптен бергі арманын ел өміріндегі маңызды саяси күнмен ұштастырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Карповтар үшін бұл әуе шарымен жасалған алғашқы сапар болды. Отбасы мүшелері көкке бірнеше минутқа көтеріліп, туған өлкені биіктен тамашалады. Балалар үшін көптен күткен арман орындалса, ата-анасы осы сәтті азаматтық таңдау жасайтын күнмен байланыстыруды жөн көрген. – Балаларымыз әуе шарымен ұшуды көптен бері армандап жүрген еді. Ойлана келе, олардың арманын сайлау күнімен ұштастыруды жөн көрдік. Біз елімізді жақсы көреміз, қазақ тілінде…

Толық оқу
дауыс беру

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ел тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Өңір басшысы зайыбымен бірге Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 сайлау учаскесіне келді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бейбіт Исабаев сайлаудан кейін Құрылтайдың елдің алдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа өкілді орган Қазақстанның өсіп-өркендеуіне қызмет етуі тиіс. – Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі конституциялық құқығымды пайдаланып, ел тарихында бірінші рет сайланып отырған Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым. Сол арқылы еліміздің болашағына, экономикалық-әлеуметтік дамуына, мемлекеттің қуаттылығы мен тұрақтылығына дауыс бердім. Жаңадан сайланып отырған Құрылтай Қазақстанның өсіп-өркендеуіне…

Толық оқу
дауыс беру

Абай облысында қоғам қайраткері Орал Шәріпбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Семей қаласындағы №84 сайлау учаскесінде дауыс беріп, ел өмірінде жаңа кезең басталғанын атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Орал Шәріпбаевтың айтуынша, қоғам өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болуы қажет. Оның пікірінше, ескі дүниемен бірге уақыт талабына сай келмейтін түсініктер де біртіндеп артта қалып, жаңашыл бастамалар ел дамуына қызмет етуі тиіс. Қоғам қайраткері кез келген үлкен өзгерістің бірден қалыптасып кетпейтінін атап өтті. Уақыт өте келе жаңа бастамалар тәжірибеден өтіп, өз арнасына түседі және қоғам өмірінің табиғи бөлігіне айналады деп есептейді. Осы ұстанымын білдірген Орал Шәріпбаев Семейдегі №84…

Толық оқу
Барыс

Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде орналасқан №102 сайлау учаскесіне бүгін ерекше қонақ – қаланың бойтұмары Барыс келді. Қала символының сайлау учаскесінде бой көрсетуі мерекелік көңіл күй сыйлап, тұрғындардың назарын Құрылтай сайлауына аударды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Барыс сайлау учаскесінде бюллетень алып, дауыс беру рәсіміне қатысты. Оның келуі бүгінгі күннің есте қаларлық көріністерінің біріне айналып, учаскедегі мерекелік атмосфераны күшейтті. Ерекше кейіпкерді көрген сайлаушылар Барыспен естелік суретке түсіп жатты. Әсіресе балалар қала символын ерекше ықыласпен қарсы алды. Тұрғындардың айтуынша, мұндай формат сайлау күнін қалыпты рәсімнен бөлек, есте қаларлық қоғамдық оқиғаға айналдыруға мүмкіндік береді. Қала бойтұмарының қатысуы сайлау учаскесіне келген отбасыларға көтеріңкі…

Толық оқу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол елдің болашағын айқындауда әр азаматтың жауапты қатысуы маңызды екенін атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаслан Мәдиев сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі ретінде бағалады. Оның айтуынша, мемлекет дамуының бағыты қоғамдық-саяси үдерістерге азаматтардың белсенді араласуымен тікелей байланысты. Министр әрбір сайлаушының дауысы ортақ шешімнің бір бөлігі екенін атап өтті. Сондықтан ол азаматтарды өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмауға үндеді. Бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Жаслан Мәдиевтің дауыс беруі мемлекеттік қызметшілердің де азамат…

Толық оқу
дауыс беру

Абай облысында Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Өңірде 402 408 сайлаушы тіркелген, дауыс беру үшін 464 учаске құрылып, олардың барлығы қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстағы 464 сайлау учаскесінің 429-ы ашық, 35-і жабық форматта жұмыс істейді. Сайлаушылар тізімі тиісті актілер негізінде учаскелік сайлау комиссияларына тапсырылған. Құрылтай депутаттарын сайлауды ұйымдастыруға барлығы 477 сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Оның құрамына бір облыстық, 12 аумақтық және 464 учаскелік сайлау комиссиясы кіреді. Комиссияларда 3 261 адам қызмет атқарады. Олардың 91,01 пайызының сайлау процесін ұйымдастыру тәжірибесі бар. Комиссия құрамында бос орын жоқ. Сайлау учаскелерінің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға…

Толық оқу
дауыс беру

Жуырда Бакуде өткен халықаралық фестивальде жүлдемен оралған «Шайыр» вокалдық ансамблінің өнерпаз әжелері Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Ансамбль мүшелері №176 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Шайыр» ансамблі жақында Әзербайжан астанасында өткен «SUMMER FEST BAKU 2026 – Harmony of Art» халықаралық фестивалінде өнер көрсетіп, аудан намысын қорғаған еді. Шетелдік сахнада қазақ өнерін танытқан әжелер сайлау күні де қоғамдық белсенділік танытты. Ансамбль мүшелері үшін дауыс беру ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысудың бір көрінісі болды. Олар сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық міндетін орындады. – Сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі. Бүгін азаматтық міндетімізді орындап, дауыс…

Толық оқу