Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

ertenmedia

Астанада жаңа тұрғын орамдар мен әлеуметтік нысандардың көбеюіне байланысты электр желілеріне түсетін жүктеме күшейіп келеді. Елорданың тарату желілерін жаңғыртуға шамамен 1,5 млрд теңге бағытталады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіледі. «Астана-ӨЭК» акционерлік қоғамы кабель желілерінің екі учаскесін қайта жаңартуды жоспарлаған. Жоба электрмен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілетін арттырып, қаланың қарқынды дамуына қажетті инфрақұрылымдық қор қалыптастыруға бағытталған. Негізгі жұмыс Есіл ауданында жүргізіледі. Мұнда кернеуі 20 киловольт болатын, жалпы ұзындығы 7,08 шақырым кабель желісі ауыстырылады. Қолданыстағы желілер небәрі он жыл бұрын салынғанымен, электр энергиясын тұтынудың өсуі олардың қуатын жеткіліксіз ете бастаған. Жаңғырту «Олимп» және «Әуежай»…

Толық оқу
Кибергигиена

Қазақстанда азаматтардың жеке дерегі мен қаржысын кибералаяқтардан қорғауға арналған бірнеше цифрлық сервис жұмыс істейді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қауіпсіздікті күшейтетін құралдарды пайдаланып, қарапайым кибергигиена талаптарын сақтауға кеңес берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Вице-министр Досжан Мұсалиевтің айтуынша, азаматтар eGov Mobile қосымшасындағы «Stop Credit» сервисі арқылы өз атына несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым сала алады. Мұндай шектеу алаяқтардың бөтен адамның дерегімен қарыз алуына тосқауыл қоюға көмектеседі. Қажет болған жағдайда азамат сервистегі тыйымды өзі алып тастай алады. Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау сервисі жеке мәліметті өңдеуге қай ұйымдарға келісім берілгенін көрсетеді. Азамат күмәнді немесе қажетсіз рұқсатты кері қайтарып, дерегінің таралу аясын шектей…

Толық оқу
Пойыз интернет

Қазақстанда бес бағыт бойынша қатынайтын жолаушылар пойызы интернетке қосылды. Жаңа сервис сапар кезінде мессенджер пайдалануға, әлеуметтік желіге кіруге және онлайн жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Көлік министрлігінің мәліметінше, интернет Қызылорда – Павлодар, Жезқазған – Астана және Астана – Семей бағытындағы құрамдарда қолжетімді. Қызмет Алматы – Достық, яғни Алакөл бағыты мен Қызылорда – Көкшетау пойызына да енгізілген. Жолаушы вагон ішіндегі Wi-Fi желісін таңдап, авторизациядан өтуі керек. Қызметтің тегін және ақылы тарифі қарастырылған. Тегін пакет WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарлама жіберуге мүмкіндік береді. Толық интернет, әлеуметтік желі, бейнесервис және жұмыс қосымшасын пайдалану үшін ақылы тарифке қосылу қажет. Тасымалдаушыларға…

Толық оқу
жүргізуші

Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талап күшейіп, медициналық бақылау мен жол ережесін білу деңгейін тексерудің жаңа тәртібі енгізіледі. 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енетін өзгерістер егде жастағы жүргізушілерге, мүгедектігі бар азаматтарға және жолда өрескел құқық бұзған адамдарға қатысты болады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа талап бойынша 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс. Тексеру қорытындысы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен Ішкі істер министрлігінің дерекқорына автоматты түрде жіберіледі. Жүргізушінің денсаулығы көлік басқаруға жарамды екені жүйеде расталмаса, оның басқару құқығы тоқтатылады. Жүргізушіге медициналық тексеру нәтижесін полицияға қағаз күйінде апарудың қажеті болмайды. Қажетті мәлімет мемлекеттік…

Толық оқу
Өзен

Almaty SuperSki курортының су тұтыну көлемі Алматының жалпы су балансына елеулі салмақ түсірмейді. Жоба Көк-Жайлау шатқалындағы ауыз су жүйесіне қауіп төндірмейді деген қорытынды жасалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі 1994–2025 жылдар аралығындағы деректерге сүйеніп зерттеу жүргізген. Мамандар отыз жылдық гидрологиялық көрсеткіштерді, су көздерінің қуатын және қаладағы тұтыну көлемін салыстырған. Зерттеу қорытындысында курорттың суға сұранысы Алматының орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесіне кері әсер етпейтіні айтылған. Жоба аумағындағы шағын тау өзендері мен жылғалар қаланың орталық су жүйесіне қосылмаған. Алматы тұрғындарына берілетін ауыз су басқа су көздерінен алынады. Сондықтан курорт маңындағы шағын су арналары қаладағы негізгі ауыз су қорының қатарына…

Толық оқу
ипотека в Казахстане

Қазақстанда баспана яғни, жылжымайтын мүлік ұзақ жыл бойы ақшаны сақтайтын ең сенімді сейф саналды. Алайда қымбат ақша, жоғары инфляция және қаржы нарығының кеңеюі «бетон мәңгі өседі» деген сенімді қайта қарауға мәжбүрлеп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандықтардың санасында пәтер қарапайым мүліктен әлдеқашан биік тұрған активке айналды. Теңге әлсіресе де, инфляция үдесе де, шаршы метр құнын жоғалтпайды деген түсінік берік орнықты. Қытайда да халық байлығының басым бөлігі баспанаға байланып, жылжымайтын мүлік экономикалық сенімнің басты тірегіне айналған еді. Си Цзиньпин 2017 жылы «баспана алыпсатарлық үшін емес, өмір сүру үшін қажет» деген қағиданы жариялады. 2020 жылы құрылыс компанияларының қарызын шектейтін «үш қызыл сызық»…

Толық оқу
Exeed ES

Қытайда Chery концерніне тиесілі Exeed маркасының 2027 жылғы жаңартылған ES седаны сатылымға шықты. Лидармен, қуатты электроникамен және кеңейтілген жүргізуші көмекшілерімен жабдықталған модельдің бастапқы бағасы шамамен 12,5 миллион теңгені құрайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Exeed ES үш нұсқада ұсынылған. Жүріс қорын ұзартқышы бар 302 Max гибриді 179,9 мың юаньға, толық жетекті 255 Ultra нұсқасы 199,9 мың юаньға бағаланды. Толық электрлі 860 Max модификациясының құны 209,9 мың юаньды құрайды. Ұлттық банктің 21 шілдедегі бағамы бойынша бір юань 69,5 теңгеге тең болды. Тікелей есептегенде үш нұсқаның бағасы шамамен 12,5 миллион, 13,9 миллион және 14,6 миллион теңге шығады. Аталған сомаға Қазақстанға жеткізу, кедендік…

Толық оқу
ertenmedia

Италиялық Leonardo мен түркиялық Baykar құрған LBA Systems бірлескен кәсіпорны барлық қажетті рұқсатты алып, толыққанды жұмысын бастады. Компания жаңа буындағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу, өндіру және техникалық қызмет көрсетумен айналысады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа кәсіпорынның іске қосылғаны Ұлыбританиядағы Фарнборо халықаралық авиасалонында жарияланды. Leonardo мен Baykar компаниядағы үлесті тең бөліп, әрқайсысы 50 пайыздан иеленеді. LBA Systems-тің заңды және өндірістік басқару орталығы Италияда орналасқан. Leonardo кәсіпорынға авиациялық электроника, сенсор, пайдалы жүктеме, басқару жүйесі мен еуропалық сертификаттау тәжірибесін береді. Baykar ұшқышсыз платформаларды жобалау, сынау және жаппай өндіру мүмкіндігін ұсынады. Осылайша түрік дрондары италиялық электрондық жүйелермен және миссиялық жабдықтармен толықтырылады. LBA Systems портфеліне…

Толық оқу
алаяқ

Қазақстанда банктер мен компаниялардан түсетін ресми қоңыраулар телефон экранында арнайы белгімен көрсетіледі. Жаңа жүйе азаматтарға тіркелген ұйымның нөмірін қарапайым немесе күмәнді қоңыраудан бірден ажыратуға көмектеседі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңашылдық туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді. Қоңырау түскен сәтте экранда ұйымның атауы, арнайы жазу немесе белгі пайда болуы мүмкін. Оның нақты көрінісі әзірге жарияланған жоқ. Таңбалау заңды тұлғалардың ресми байланыс нөмірлеріне қолданылады. Негізгі мақсат – өзін банк, байланыс операторы немесе белгілі компанияның қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың әрекетін шектеу. Жүйе абонентке телефон тұтқасын көтермей тұрып қоңыраудың қайдан келгенін бағалауға мүмкіндік береді. Мәселенің ауқымы әлі де үлкен. Ішкі…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде 22 шілде күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірде екпінді жел, нөсер мен бұршақ күтіледі. Елдің батысында жауын-шашын азайып, ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» мәліметінше, Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус болады. Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +19…+21, күндіз +27…+29 градус болады. Қонаевта жауын-шашын күтілмейді, күндіз +28…+30 градус жылы болады. Шымкентте жаңбыр мен найзағай болжанып, жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.…

Толық оқу