Семейдің Қарағайлы шағын ауданында 1400 оқушыға арналған BINOM мектебінің құрылысы басталды. Жаңа білім ордасын келесі оқу жылына қарай пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мектептің іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, BI Group директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев және BINOM мектептер желісінің директоры Шолпан Қадырова қатысты. Шараға Қазақстанның Еңбек Ері, ұстаз Алма Шүкіжанова да келді. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылады. Берік Уәли Қарағайлының халық саны жылдам өсіп келе жатқан жаңа тұрғын аудандарының бірі екенін айтты. Мұнда мектеп жасындағы балалар қатары да жылдан-жылға көбейіп келеді. Сондықтан жаңа білім ордасының құрылысы өңірдегі орын тапшылығын азайтатын маңызды…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Талдықорғандағы Достық үйінде этномәдени кеңістік қағидатымен жұмыс істейтін этнокітапхана ашылды. Жаңа рухани орталық Жетісу өңірінің тарихы мен ерекшелігін танытып, түрлі этностың мәдени мұрасын кітап арқылы насихаттауға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кітапхана интерьерін безендіру кезінде қазақтың ұлттық мәдениетіне тән өрнек пен көркемдік элементтер кеңінен қолданылған. Оқу залында келушілерге кітап оқуға, өздігінен білім алуға және қажетті ақпарат іздеуге қолайлы жағдай жасалды. Рухани кеңістік облыс тұрғындары мен өңір қонақтарына тегін қызмет көрсетеді. Этнокітапхана жастарға, студенттерге, мұғалімдерге, ғалымдарға және этномәдени бірлестік өкілдеріне арналған. Мұнда кітапсүйер кез келген азамат келіп, қордағы әдебиетті пайдалана алады. Орталықта мәдени-ағартушылық кездесулер мен ғылыми іс-шаралар өткізу де жоспарланған. Кітапхана…
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес биылғы қорғаныс жұмыстары толық аяқталды. Химиялық өңдеу 1,8 миллион гектар аумақта жүргізіліп, ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ, – деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы екі жылда фитосанитариялық қызметтің жұмыс тәсілі айтарлықтай өзгерді. Шегірткеге қарсы өңделетін аумақ 3,1 миллион гектардан 1,8 миллион гектарға дейін қысқарып, 42 пайызға азайған. Министрлік мұны зиянкестер ошақтарын ерте анықтап, таралмай тұрып оқшаулаудың нәтижесімен байланыстырады. Бұрын негізгі күш шегіртке жаппай тарағаннан кейін оны жоюға жұмсалатын. Қазір мониторинг арқылы қауіп алдын ала бағаланып, өңдеу нақты ошақтарға бағытталады. Мұндай тәсіл егістікке түсетін қатерді азайтып, пестицид пен техниканы тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Өсімдіктерді қорғау құралдарын…
Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының терминалында мұнай тиеліп жатқан NELSA танкеріне ұшқышсыз аппарат соққы жасады. Жүк тиеу тоқтатылып, 22 адамнан тұратын халықаралық экипаж қауіпсіз жерге көшірілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дрон танкердің оң жақ артқы бөлігіне, қондырма мен машина-қазандық бөлімінің арасына түскен. Соққыдан кейін кеменің палубасы мен ішкі бөліктерінде өрт шықты. Жалын бірнеше сағат ішінде танкердің тиеу бригадасы мен консорциумның жедел құтқару топтарының күшімен сөндірілді. Өртті жүк сақталатын резервуарларға жеткізбеу мүмкін болды. Мұнай теңізге төгілген жоқ, танкер де суға батпай, қалқып тұр. Қазір мамандар кеменің техникалық жағдайы мен келтірілген зақымды бағалап жатыр. Экипаж мүшелері Каспий құбыр консорциумының сүйреткіш кемелерімен эвакуацияланды.…
Экран алдындағы тактика мен спорт алаңындағы шеберлікті бір нәтижеге біріктіретін фиджитал жарыстары әлемдік спорттың жаңа бағытына айналып келеді. Оның ауқымын Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі көрсетеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Болашақ ойындары» дегенде көпшіліктің ойына алдымен Dota 2, PUBG немесе Mobile Legends секілді киберспорт ойындары түседі. Алайда турнирдің басты ерекшелігі виртуалды сайыспен шектелмейді. Мұнда экрандағы тартыс нақты алаңдағы спорт бәсекесімен жалғасады. Фиджитал атауы ағылшын тіліндегі physical және digital сөздерінің бірігуінен шыққан. Спортшылар әуелі белгілі бір спорттың цифрлық нұсқасында сынға түсіп, кейін сол бәсекені шынайы алаңда жалғастырады. Жеңімпаз екі кезеңде жиналған…
Қазақстан жастарының 82,7 пайызы болашаққа сеніммен қарайды. Олардың оптимизмі білім алуға, жаңа кәсіп игеруге және әлемдік тәжірибеге қол жеткізу мүмкіндігімен сабақтасып жатыр. Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті Қуаныш Өмірбек болған сұхбат барысында шетелде оқыған жастардың елге оралуы, кәсіби орта, ұлттық құндылық пен әлеуметтік лифт мәселесі кеңінен сөз болды. Енді осыған назар аударсаңыздар. – Мемлекет басшысы қазақ жастарының болашаққа оптимизммен қарайтынын айтты. Жастармен тікелей жұмыс істейтін маман ретінде олардың ертеңгі күнге сенімін неден байқайсыз? – Жастар ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген зерттеу нәтижесінде қазақстандық жастардың 82, 7 пайызы болашаққа оптимизммен қарайтыны анықталған. Меніңше, мұндай көрсеткіш жас буынның білім алуға, жаңа кәсіп игеруіне мүмкіндік…
Қазақстанда цифрлық кеңістік пен жасанды интеллектті дамыту жылы аясында киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және телекоммуникация саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды заңнамалық өзгерістер қабылданды. Жаңа талаптар мемлекеттік жүйелермен қатар, азаматтардың мәліметін жинайтын жеке компаниялардың да жауапкершілігін күшейтеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Елде алғаш рет цифрлық инфрақұрылымды қорғаудың бірыңғай құқықтық негізі қалыптастырылды. «Цифрлық кодекс» пен киберқауіпсіздік саласындағы жаңа нормалар аса маңызды ақпараттық жүйелерді қорғау тәртібін нақтылады. Стратегиялық цифрлық нысандарды бақылауда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттігі кеңейтілді. Еңбек заңнамасына жұмыс беруші мен жұмыскердің кибермәдениет талаптарын сақтау міндеті енгізілді. Мемлекеттік қызметшілер мен аса маңызды инфрақұрылымда еңбек ететін мамандар жыл сайын арнайы оқытудан өтуге тиіс. Негізгі цифрлық…
Шығыс Қазақстанда 2026 жылы 630 шақырым автомобиль жолы мен елді мекен көшесін жөндеу жоспарланған. Ауқымды жұмыс тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, туристік және экономикалық бағыттардың қолжетімділігін арттыруға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайды. Оған елді мекендердегі 5,4 мың шақырым көше желісін қосқанда, облыстың жол инфрақұрылымы 10,6 мың шақырымға жетеді. Биыл саланы дамытуға 56,9 миллиард теңге бағытталған. Жөндеу жұмысының 330 шақырымы республикалық тасжолдарға тиесілі. Жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерінің 300 шақырымнан астам бөлігі жаңартылады. Қазіргі уақытта облыстық және аудандық жолдардың 94 пайызы, республикалық бағыттардың 87 пайызы нормативтік…
Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында шағын көлемді кемелерді пайдалану тәртібін бұзған азаматтарға 109 әкімшілік жаза қолданылды. Қауіпсіздік талаптарын сақтамағандарға салынған айыппұл көлемі 1 миллион 654 мың теңгеден асты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жазғы маусым басталған 15 мамырдан бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жауапты органдармен бірге 90 күндізгі және 62 түнгі рейд өткізген. Тексеру кезінде шағын кемелердің құжаты, техникалық жағдайы және жолаушылар қауіпсіздігі назарға алынған. Заң бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Көп жағдайда кеменің борт нөмірі болмаған немесе белгіленген мөлшерден артық жолаушы тасымалданған. Құтқару жилетінің жоқтығы, кеме билетінсіз жүзу және навигациялық белгілерді елемеу деректері де анықталды. Жетісу облыстық ТЖД бастығы Қанат Алтынбеков қауіпсіздік…
Алматыда кезекте тұрған азаматтарға жалдамалы тұрғын үй бөлудің кезекті кезеңі басталды. Отбасы банк пәтер алу мүмкіндігі туған үміткерлерге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жолдап жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа кезеңде алдыңғы үлестіруден қалған 300 пәтер ұсынылады. Бұған дейін 816 жалдамалы баспана кезекте тұрған азаматтарға берілген. Қалған пәтер электронды кезек тәртібімен келесі үміткерлерге бөлінеді. Хабарлама алған азамат orken.otbasybank.kz порталына кіріп, жеке кабинетін тексеруі қажет. Жүйеде кезектің келгені және пәтердің бөлінгені жөніндегі ақпарат көрсетіледі. Одан кейін міндетті түгендеу рәсімінен өту керек. Түгендеу аяқталған соң үміткер ұсынылған баспананы қабылдау немесе одан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды. Жауап беруге тура бес жұмыс күні беріледі. Белгіленген…










