Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Назарбаев Эйткен

Financial Times Нұрсұлтан Назарбаевтың ағылшын тілінде жарық көрген жаңа мемуарына рецензия жариялады. Желі қолданушысы Алма Төлебаеваның назарын кітап мазмұнынан бөлек, оған алғысөз жазған британдық саясаткер әрі англикан дін қызметкері Джонатан Эйткеннің өмірбаяны аударды, – деп жазады Ertenmedia.kz. «From Dependency to Freedom» атты кітап 2026 жылғы 25 маусымда Ұлыбританияда сатылымға шыққан. Басылымда алғысөз авторы ретінде «The Reverend Jonathan Aitken», яғни дін қызметкері Джонатан Эйткен көрсетілген. Алма Төлебаеваның айтуынша, дәл осы есімнің таңдалуы кітаптың айналасындағы саяси және моральдық контексті тереңдете түседі. Эйткен журналистикадан саясатқа келіп, 1974-1997 жылдары Ұлыбритания парламентінің депутаты болды. Джон Мейджор үкіметінде 1992-1994 жылдары қорғаныс саласындағы мемлекеттік сатып алуға жауапты…

Толық оқу
Гаухар

Қазақстанда инклюзивті білім беру әр баланың қабілетін ашуға, оны ортадан шеттетпей, өз қатарымен бірге дамытуға бағытталады. №61 жалпы білім беретін мектеп директоры Гаухар Өтелбаеваның айтуынша, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың әрқайсысының өзіне тән даму жолы, мінезі, қызығушылығы және арманы бар. Өз кезегінде білікті маман тілшімізге инклюзивті білім берудің мәні, мектептегі қолдау жүйесі, педагог-ассистенттің рөлі, ата-анамен байланыс және бәріне ортақ мектеп мәдениеті туралы кеңінен әңгімелеп берді. – Гаухар ханым, инклюзивті білім беру сіздер үшін қандай ұғым? – Инклюзияны біз ерекше баланы мектепке қабылдау немесе оны жалпы сыныпқа отырғызу деп қана түсінбейміз. Оның мәні әлдеқайда терең. Әр бала мектепке келгенде өзін…

Толық оқу
қаржыгер, экономист Расул Рысмамбетов

Қазақстандық қаржыгер Расул Рысмамбетов жинақтың барлығын шетел валютасына аудару дұрыс стратегия емес деп санайды. Оның пікірінше, долларды жылдам пайда табудың жолы ретінде емес, теңгенің шамадан тыс әлсіреуінен қорғайтын құрал ретінде қарастырған жөн, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшы қаржыға қатысты ұстанымын TENGE TALKS YouTube арнасындағы сұхбатында айтты. Ол доллар бағамының алдағы қозғалысын болжауға тырыспайтынын жеткізді. Қаржылық шешімді валютаның міндетті түрде өсуі немесе арзандауы жөніндегі жорамалға сүйеніп қабылдауға кеңес бермейді. Расул Рысмамбетов жинақты бір құралда ұстамай, біртіндеп әртараптандыруды тиімді тәсіл деп есептейді. Қолға бос ақша түскен сайын оның бір бөлігін валютаға, қалғанын теңгелік қаржы құралдарына бөлуге болады. Мұндай тәртіп айырбастау бағамының ең…

Толық оқу
ауа райы жаңбыр найзағай

23 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал батыс пен оңтүстікте аптап ыстық сақталады. Павлодарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшеюі мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 13–15, күндіз 23–25 градус жылы болады. Алматыда да жаңбыр мен найзағай болжанып, күндіз 27–29 градус ыстық сақталады. Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Қалада түнде 19–21, күндіз 30–32 градус жылы болады. Түркістанда жауын-шашын күтілмегенімен, жел екпіні секундына 20 метрге жетіп, күндізгі температура 33–35 градус шамасында қалыптасады. Ақтауда…

Толық оқу
Аскарбек Манарбаев

Бүгінде еліміздің Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлық жүйесі жаңа талапқа сай қайта жаңарып жатыр. Әскерде бірыңғай атыс курсы, жаңа нормативтер және сарбаздардың дайындығын цифрлық бағалайтын «Бес қару» бағдарламасы енгізілуде. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы күштер Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті басқармасының басшысы Асқарбек Манарбаевпен сұхбаттасып, жаңа жүйенің мәні мен цифрлық бақылау және қазіргі соғыс тәжірибесінен алынған сабақтар жайында ой сабақтады. Енді соған назар аударсаңыздар. – Асқарбек мырза, Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық жүйесін қайта қарауға не себеп болды? – Қазіргі қарулы қақтығыстардың сипаты қатты өзгерді. Бұрынғыдай тек классикалық дайындықпен шектелу жеткіліксіз. Бүгінгі ұрыс алаңында сарбаз жылдам ойлап, тез шешім…

Толық оқу
Ақтау коммуналдық қызмет

Маңғыстау облысында коммуналдық техника паркі соңғы 20 жылда алғаш рет ауқымды түрде жаңартылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірдің қалалары мен аудандарына 115 заманауи арнайы техника табысталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы көліктер елді мекендерді санитарлық тазалауға, абаттандыруға және қоғамдық кеңістікті күтіп ұстауға пайдаланылады. Техниканы табыстау рәсімі 22 шілдеде Ақтау қаласында өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын күшейту үшін облыс әкімдігі «КАМАЗ Инжиниринг» акционерлік қоғамымен келісім жасаған. Келісім аясында жеткізілген 115 техника өңірдің барлық аумағына бөлінді. Жаңа көліктер бұған дейін құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың теңгеріміне берілді. Ақтау қаласына 24, Жаңаөзенге 27 арнайы техника бөлінді. Бейнеу…

Толық оқу
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Алтын Орда тарихындағы әйелдер: билік, дипломатия және мәдениет» атты ғылыми дөңгелек үстел өтті. Басқосуда ортағасырлық Еуразиядағы әйел көшбасшылығы мен олардың саяси, мәдени және рухани өмірге ықпалы талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара Алтын Орда тарихындағы әйелдердің орнын кешенді зерттеуге арналды. Ғалымдар олардың мемлекеттік басқару, дипломатия және мәдени мұраны қалыптастырудағы қызметіне назар аударды. Сонымен қатар әйел көшбасшылығын зерттеудің заманауи ғылыми тәсілдері сараланды. Ғылыми жиын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орда мұрасын халықаралық қауымдастықпен бірлесе зерттеу жөніндегі бастамасы аясында ұйымдастырылды. Бастама ұлттық тарихты жаңғыртып, Ұлық Ұлыстың құндылықтарын қазіргі өркениетпен сабақтастыруды көздейді. Қатысушылар тарихи мұраны жаңа деректер мен ғылыми…

Толық оқу
Ләззат Алшынова

Қазақстандық қоғам қайраткері, «Замандас 21» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Алшынова The Women Noble Prize 2026 халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Марапат оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін берілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл халықаралық сыйлықтың Номинациялық комитеті әлемнің әр түкпірінен түскен 120 үміткердің өтінімін қараған. Сарапшылар қоғамдық қызмет, әлеуметтік жауапкершілік және гуманизм қағидаттарына негізделген бастамаларды бағалады. Қорытындысында Қазақстан өкілі 2026 жылдың лауреаты ретінде танылды. Марапаттау рәсімі 9-17 шілде аралығында Швейцарияның Давос қаласында өткен Global Business Week 2026 халықаралық апталығы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға 40-тан астам мемлекеттен дипломаттар, инвесторлар, қоғам көшбасшылары мен іскер топ өкілдері қатысты. Халықаралық алаңда…

Толық оқу
Талғар мектеп

Талғар ауданының Нұра ауылындағы №12 орта мектептің күрделі жөндеуі төрт жылдан бері аяқталмай келеді. Мердігерлердің салғырттығынан мыңға жуық оқушы Мәдениет үйінде, әкімдік ғимаратында және көрші ауылдардағы мектептерде білім алуға мәжбүр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев білім ошағына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. 1969 жылы салынған мектеп ғимараты алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Алайда ұзаққа созылған жұмыс ауыл тұрғындары мен оқушыларға елеулі қолайсыздық туғызған. Жөндеуді бастапқыда «Sheberbuld» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Кейін компания жосықсыз мердігер деп танылып, 2025 жылғы қыркүйекте нысан «Еңбек Өскемен» серіктестігіне тапсырылды. Жаңа мердігер мектепті 2026 жылғы маусымда пайдалануға беруге міндеттенгенімен, жұмыс әлі…

Толық оқу
шетпе вокзалы

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысанның өткізу қабілеті екі есе артып, жолаушыларға арналған заманауи әрі қолжетімді орта қалыптасты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Вокзалдың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Құрылыс пен іргелес аумақты абаттандыру Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоба Маңғыстау ауданының көлік әлеуетін арттыруға бағытталған. Өңір басшысы жаңартылған вокзал тұрғындар мен облыс қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсететінін айтты. Оның сөзінше, теміржол ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі болса, вокзал өңір туралы алғашқы әсер қалыптастыратын маңызды нысан саналады. Нұрдәулет Қилыбай жаңа кешен Шетпенің көлік визит картасына айналатынын…

Толық оқу