Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Қазақстандық жас триатлоншылар Румынияның Изворани қаласында өткен Еуропа кубогының кезеңін екі жүлдемен аяқтады. Диана Ержанова жеке жарыста алтын алса, ұлттық құрама аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан құрамасы сапында Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Калерия Шнейдер, Аида Ким, Арсений Шевченко және Алхам Мұрат өнер көрсетті. Жарысқа Еуропа мен өзге құрлықтан келген мықты жас спортшылар қатысты. Қазақстандықтар жоғары бәсеке жағдайында тұрақты нәтиже көрсетті. Турнирдің басты жетістігі Диана Ержанованың жеңісі болды. Ол 400 метр жүзу, 11,5 шақырым веложарыс және 2,5 шақырым жүгіруден тұратын қашықтықты 35 минут 41 секундта еңсерді. Қазақстандық спортшы Румыния өкілі Тунде Джорджиана Кришанды жеті секундқа…

Толық оқу

Баянауылда Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы ашылып, курорттық аймақтың туристік инфрақұрылымы жаңа нысанмен толықты. Жоба өңірдің табиғи, тарихи және мәдени мұрасын заманауи технология арқылы таныстыруға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Баянауыл Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту нәтижесінде биыл курорттық аймақ бір маусымда 300 мыңға дейін турист қабылдай алады. Жаңа визит-орталық осы бағыттағы негізгі жобаның бірі саналады. Нысанның салтанатты ашылуына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты. Өңір басшысы туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, Баянауылдың табиғи әлеуетін толық ашу үшін инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. – Бүгін біз жай…

Толық оқу
Instagram, Facebook

Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінің жұмысында жаһандық ақау тіркелді. Meta сервистеріндегі іркіліс Қазақстанды қоса алғанда бірнеше елдің қолданушыларына әсер етті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Downdetector мәліметінше, мыңдаған адам Facebook пен Instagram қызметіндегі ақауға шағымданған. Қолданушылар жаңалықтар таспасын жаңарта алмай, жарияланымдарды ашу, жаңа жазба орналастыру және жеке аккаунтқа кіру кезінде қиындыққа тап болды. Ақау мобильді қосымшалармен қатар әлеуметтік желілердің веб-нұсқасына да әсер еткен. Facebook қолданушыларының бір бөлігіне аккаунттың сайттағы мәселе салдарынан уақытша қолжетімсіз екені туралы ескерту шыққан. Instagram-дағы негізгі шағым қосымшаның жұмысына, таспаның жүктелмеуіне және контент жариялау мүмкіндігінің шектелуіне қатысты болды. Қазақстандық қолданушылар да екі платформадағы іркіліс туралы хабарлап жатыр. Кейбір…

Толық оқу
Нұртөре Жүсіп

Жастардың өмірлік мақсаты қымбат телефон, сәнді көлік және сыртқы жылтырға қол жеткізумен ғана шектелмеуі керек. Қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіптің пікірінше, жас ұрпақ адамдық пен надандықтың мәңгілік майданында ар-ұят пен намыс жолын таңдауға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, көрсеқызарлық, көреалмаушылық пен бос мақтан адамды рухани мешеулікке жетелейді. Материалдық игілік тұрмысты жеңілдеткенімен, адамның азаматтық болмысын қалыптастыра алмайды. Жастың шынайы құны оның қандай телефон ұстағанымен емес, елі мен қоғамына қаншалықты пайда әкелгенімен өлшенеді. Нұртөре Жүсіп қазіргі жастарды сыртқы сәнге ғана қызықпай, ішкі рухани әлемін байытуға шақырады. Оның пайымдауынша, адам өз жан дүниесінің сұранысын елемесе, қолындағы дүниесі көбейгенімен, өмірінің мазмұны жұтаңдай береді.…

Толық оқу
экономика

Қазақстан қазір Орталық Азиядағы ең ірі экономика әрі халықаралық капитал үшін өңірге кіретін негізгі қақпа саналады. Елдің нарық көлемі, қаржы инфрақұрылымы, географиялық орны және институционалдық реформалары оны Өзбекстан мен көрші мемлекеттерден тартымды етіп отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары аясында All China Review басылымы Қазақстанның экономикалық мүмкіндігі мен инвестициялық тартымдылығына арналған мақала жариялады. Басылым еліміздің өңірдегі көшбасшылығын нақты макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырады. Қазақстан экономикасының көлемі Орталық Азиядағы өзге мемлекеттерден едәуір үлкен. Өзбекстанның жалпы ішкі өнімі 147,1 миллиард доллар деңгейінде бағаланса, Қазақстан экономикасы аталған көрсеткіштен екі еседен астам жоғары. Түрікменстанның жалпы ішкі өнімі 77,4 миллиард долларды, Қырғызстан…

Толық оқу
Нұртөре Жүсіп

Қазақ әдебиеті өткеннің қасіреті мен тарихи батырларды ғана жырлай бермей, бүгінгі қала өміріне бет бұруы керек. Қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіптің пікірінше, жаңа заман қаламгерлері технология дәуіріндегі қазақтың тұрмысын, ішкі қайшылығын және күнделікті күресін әдебиеттің негізгі өзегіне айналдыруға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, қазақты тек ат үстінде жүрген көшпелі халық ретінде сипаттау тарихи шындықты толық ашпайды. Отырар мен Сығанақ секілді көне шаһарлар халқымыздың қала салып, сауда жүргізіп, ғылым мен мәдениет дамытқанын айғақтайды. Нұртөре Жүсіп қазіргі әдебиет өткенге қайта-қайта қарай бермей, бүгінгі қоғамның тынысын сезінуі қажет деп санайды. Өйткені қаладағы қазақтың өмір салты, дүниетанымы мен әлеуметтік ортасы түбегейлі өзгерді. Оның…

Толық оқу

Павлодарда өздігінен қозғала алмайтын азаматтарды оңалту құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылды. Бастама аясында мүгедектігі бар адам негізгі арбасы жөнделгенше немесе жаңасына ауыстырылғанша уақытша арба пайдалана алады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік жоба қозғалыс құралындағы ақауға байланысты азаматтардың үйден шыға алмай қалмауын көздейді. Арба істен шықса, мамандар оның техникалық жағдайын тексеріп, жөндеуге жарамдылығын анықтайды. Қажет болған жағдайда комиссия құралды жаңарту жөнінде шешім қабылдайды. Павлодар тұрғыны Александр Чебатов жаңа жобаның көмегіне жүгінген азаматтардың бірі. Ол төрт жыл бұрын биіктен құлап, ауыр жарақат алған. Содан бері тек арбамен қозғалады. Қолданыстағы тәртіп бойынша техникалық оңалту құралы бес жылда бір рет…

Толық оқу
металургтер күні ШҚО

Шығыс Қазақстанда Металлургтер күні өңірдің индустриялық қуатын қалыптастырған еңбек адамдарына құрмет көрсетумен ерекшеленді. Салтанатты шарада өндіріс ардагерлері, кәсіпорын қызметкерлері және адам өмірін құтқару кезінде ерлік танытқан мамандар марапатталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кенді Алтай Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі саналады. Өңір экономикасында металлургия кешені стратегиялық орын алып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіби мерекеге арналған жиында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сала өкілдерін құттықтап, өндіріс алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. Аймақ басшысының айтуынша, металлургиялық кәсіпорындар өндірісті цифрландыруға, заманауи технологияларды енгізуге және экологиялық тиімділікті арттыруға басымдық беруі қажет. Шикізатты терең өңдеу, еңбек өнімділігін көтеру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту де негізгі…

Толық оқу
Фонтан Астана

Қазақстанда 18 шілде, сенбі күні ауа райы құбылмалы болады: батыс, солтүстік және шығыс өңірде жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады. Түркістанда ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» болжамынша, Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +17…+19 градус, күндіз +34…+36 градус болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр шамасында. Түнде +24…+26 градус болса, күндіз сынап бағанасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте күн ала бұлтты әрі құрғақ болады. Жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +25…+27 градус, күндіз…

Толық оқу
Нұртөре Жүсіп

Қазақ жастарына ғылым, технология және кәсіпкерлік саласында биік мақсат қоятын тұлғаларды кеңінен таныстыру қажет. Қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіптің пікірінше, жас ұрпақтың қиялын оятып, ізденіске жетелейтін өмірбаяндық еңбектер мен медиажобалар көбейгені жөн, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, әлемге жаңашыл идеяларымен танылған Илон Маск секілді кәсіпкерлердің табыс жолын зерттеу маңызды. Сонымен бірге Қазақстаннан шыққан ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар мен технологиялық кәсіпкерлерді қоғамға кеңінен таныту қажет. Нұртөре Жүсіп қазақ жастарының арасынан да жаһандық деңгейде ойлайтын, ғылым мен өндірісте серпіліс жасайтын тұлға шығуы әбден мүмкін екенін айтты. Алайда мұндай әлеуетті ашу үшін жастарға нақты мысал, бағыт-бағдар және шабыт беретін оқиғалар ұсынылуы керек. Қоғам қайраткерінің…

Толық оқу