Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

арманжан қызымен

Кәсіпкер Арманжан Байтасов кенже қызы Әйгерімді туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Ол қызының отбасына сыйлаған қуанышы мен жылуы үшін алғыс білдіріп, ақ тілегін арнады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Арманжан Байтасовтың айтуынша, 15 шілдеде Әйгерімнің туған күні туыстар мен жақын достардың ортасында аталып өткен. Ол барлық перзентіне тілейтіндей, кенже қызына да зор бақыт, мықты денсаулық және бойындағы қабілетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік тіледі. Кәсіпкер отбасында Әйгерімді еркелетіп «Рыжик» деп атайтынын жазды. Әкесінің сипаттауынша, қызы жарқын мінезді, ашық-жарқын, сұлу, мейірімді әрі айналасына шуақ шашып жүретін жан. «Әйгерімнің бізге сыйлаған бақыты үшін оған ерекше алғыс айтқым келеді. Ол өте…

Толық оқу
Бренда Фрикер

Ирландиялық танымал актриса Бренда Фрикер өмірден өтті. Ол 81 жаста еді. Қаралы хабарды актрисаның агенті Фил Белфилд растады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Бренда Фрикер әлемнің түкпір-түкпіріндегі кино және телевизия көрермендерінің жүрегінде сақталады. Агент актрисамен бірге жұмыс істеуді үлкен мәртебе санағанын жеткізді. Фрикер әлемдік кинодағы ең ірі жетістігіне «Менің сол аяғым» драмасындағы рөлі арқылы жетті. 1990 жылы ол екінші пландағы үздік әйел рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алып, аталған марапатқа ие болған алғашқы ирландиялық актриса атанды. Көпшілік оны 1992 жылы жарық көрген «Үйде жалғыз 2: Нью-Йоркте адасу» фильміндегі көгершіндерге қамқорлық жасайтын жалғызбасты әйелдің бейнесі арқылы жақсы таниды. Актрисаның Маколей Калкин сомдаған…

Толық оқу
көбейтұз көлі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болады. Бірегей экожүйені сақтау үшін көл акваториясы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына енгізіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Суының ерекше қызғылт реңкімен танылған Көбейтұз елдегі ең көрікті табиғи нысандардың бірі саналады. Көл Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан. Жыл сайын табиғи құбылысты тамашалау үшін мұнда мыңдаған турист келеді. Келушілер санының артуы жағалауда тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды қажет етіп отыр. Осыған байланысты Ақмола облысының әкімдігі көл маңын абаттандыру жұмысын қолға алады. Жоба экологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылмақ. Жағалау аумағында арнайы бақылау алаңы мен автотұрақ салынады. Тұрғындар мен…

Толық оқу

Қазақстанда міндетті автосақтандыру құны жүргізушінің тәуекел деңгейіне қарай жеке есептеледі. 100 мың теңгеден асатын полис жаппай құбылыс емес, мұндай баға жол апатына бірнеше рет кінәлі болған жүргізушілерге ғана қолданылуы мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылы автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің орташа бағасы 23 870 теңгені құрайды. Қорытынды сомаға 1,9 айлық есептік көрсеткішке тең базалық сыйақы, жүргізушінің жасы мен тәжірибесі, көлік түрі, пайдалану мерзімі, тіркелген өңірі және «бонус-малус» жүйесіндегі сақтандыру тарихы әсер етеді. 2026 жылы базалық сыйақы 8 217,5 теңге болып белгіленген. Ең қымбат полис көбіне «бонус-малус» жүйесіндегі ең төменгі М2…

Толық оқу

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы ұсынған тізімді тіркеді. Партия атынан сайлауға 63 кандидат қатысады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Шешім Астанада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің жетекшілігімен өткен комиссияның бесінші отырысында қабылданды. Жиынға «Ақ жол» партиясының басшылығы, халықаралық байқаушылар, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстардың, Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары отырысқа бейнеконференция арқылы қосылды. Күн тәртібінде халықаралық байқаушыларды аккредиттеу және партиялық тізімді тіркеу мәселесі қаралды. Нұрлан Әбдіров шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін аккредиттеу жұмысы жалғасып жатқанын айтты. Өтінім қабылдау сайлау науқанының күнтізбелік жоспарына…

Толық оқу
болат ақшолақов

Президент Тоқаевтың жарлығымен Серік Шәпкеновтің Атырау облысы әкімі қызметінен босауы әдепкі ауыc-түйіс емесін ішіміз сезген-ді. Қол астындағы екі бірдей орынбасардың (Тілек Махуов пен Мейіржан Мұқасов) жемқорлық күдігімен кісенделуі Шәпкеновтың түбіне жеткені анық. Дегенмен, редакциямыздың тұрақты сарапшы Нұрлан Жұмаханның пікірінше, бұл да басты уәж емес. Алып мұзтаудың бергі беті ғана деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір еліміздің сыртқы саудасы небәрі бес-ақ тауар түріне байланып тұр. Соның ішіндегі қара алтыннан түсетін кіріс қана емес, сыртқа жөнелтілетін физикалық көлемі де күрт құлдырауда. Мұнай экспорты 14 пайызға азайып, газ экспорты тіпті 73 пайыздан астам құлдилаған. Осындай алмағайып шақта ел бюджетін толтырып отырған өңірдегі шенділердің жемқорлық дауына…

Толық оқу
Дәулет Мұқаев

Мәжілістегі қызметін аяқтаған Дәулет Мұқаев алдағы Құрылтайдан депутаттық мандат күдер үзгенін байқадық. Шашын тақырлап алып, саяси хаттамадан еркін өмірге бір-ақ секіріпті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дәулет мырза әлеуметтік желідегі парақшасында сән қуаламайтынын айтыпты. Расында, жаңа образына қарасаң, депутаттықты былай қойғанда, галстук тағатын өзге қызметтен де дәмесі жоқ екені байқалып тұр. Саясатта шаш үлгісінің өзі кейде бейресми мәлімдемеге айналып кететіні белгілі ғой. Мәжілісте жүргенде Дәулет Мұқаев камерасы бар көзілдірік тағып келіп, сұрақ қойған журналистерді өзі түсірген еді. Ол кезде депутат пен тілші арасындағы әңгіме кім кімді бақылап тұр деген шағын медиаспектакльге ұласқаны есімізде. Енді мандат та жоқ, камералы көзілдіріктің де қажеті…

Толық оқу
ғарышкер

Халықаралық ғарыш станциясында сұйықтық ішу Жердегідей қарапайым әрекет саналмайды. Микрогравитация жағдайында су ыдыстың түбіне жиналмайтындықтан, NASA астронавтары ұзақ жыл бойы сусынды түтікшесі бар арнайы қаптамадан ішіп келді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ғарышкерлерге ұсынылатын сусын түрлері Жердегі мәзірден қатты ерекшеленбейді. Станцияда кофе, шай, алма сусыны, апельсин шырыны мен лимонад ішуге болады. Тек алкогольдік ішімдікке рұқсат жоқ. Сусындардың көбі ұнтақ түрінде жеткізіліп, кейін сумен араластырылады. Бірнеше ай бойы орбитада өмір сүретін астронавтар үшін кофе, шырын және тағам түрлерінің әркелкі болуы күнделікті тұрмыстың қалыпты ырғағын сақтауға көмектеседі. Кәдімгі кеседен ішу мәселесі 2008 жылы шешімін тапты. NASA астронавты Дон Петтит микрогравитацияда пайдалануға болатын капиллярлық…

Толық оқу
LHS 1140 b

Астрономдар Жерден шамамен 49 жарық жылы қашықта орналасқан LHS 1140 b экзопланетасының атмосферасынан гелий іздерін анықтады. Ғалымдар аталған жаңалықты Күн жүйесінен тыс тіршілікке қолайлы әлемді іздеудегі маңызды қадам деп бағалап отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. LHS 1140 b көмескі қызыл ергежейлі жұлдызды айналып жүреді. Көлемі Жерден сәл үлкен, ал массасы шамамен бес есе ауыр. Планета өз жұлдызының «тіршілік белдеуінде» орналасқан. Мұндай аймақтағы температура суға ғаламшар бетінде сұйық күйде сақталуға мүмкіндік беруі ықтимал. Science журналында жарияланған зерттеудегі модельдер LHS 1140 b суы мол әлем болуы мүмкін екенін көрсетті. Болжамдардың біріне сәйкес, планета массасының 10 пайызына жуығын су құрауы ықтимал. Негізгі бөлігі…

Толық оқу
Инклюзивті білім беру

Қазақстанда инклюзивті және арнайы білім беру жүйесін жаңғыртатын 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Құжат ерекше білім беру қажеттілігін ерте анықтап, балаға көрсетілетін көмекті өңірге тәуелді етпейтін бірыңғай модель қалыптастыруды көздейді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрлігі жоспарды өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындауда. Негізгі міндеттер қатарында мамандар даярлау жүйесін жаңарту, білім беру және оңалту ұйымдарының желісін кеңейту, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ортақ стандарттарын енгізу бар. Жаңа модель баланың ерекше білім беру қажеттілігін мүмкіндігінше ерте кезеңде анықтауға бағытталады. Қиындық дер кезінде байқалса, педагог, психолог, логопед және өзге мамандар көмекке жылдам қосыла алады. Мұндай тәсіл мәселенің күрделенуін күтпей, баланың әлеуетін ерте дамытуға мүмкіндік…

Толық оқу