Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын «Respublica» партиясының тізімін тіркеді. Партия атынан сайлауға 75 кандидат түседі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Шешім Орталық сайлау комиссиясының сайлау науқаны аясында өткен үшінші отырысында қабылданды. Жиынға «Respublica» партиясының басшылығы, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының байқаушылары қатысты. Отырысқа Бас прокуратураның, Қаржы, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің өкілдері мен журналистер де шақырылды. Облыстардағы, Астана мен республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері бейнеконференция арқылы қосылды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бұған дейін жеті саяси партия сайлауға қатысуға қажетті құжаттарын ұсынған. Комиссияның сұрауы…

Толық оқу

Халықаралық арбитраж Қазақстанға Қашаған кен орнының операторы NCOC компаниясынан 2,3 триллион теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға уақытша тыйым салды. Алайда аралық шешім айыппұлды жоймайды және тараптар арасындағы дауға түпкілікті нүкте қоймайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. North Caspian Operating Company мәліметінше, арбитраждық трибунал Қазақстанға іс қаралып біткенге дейін айыппұлды өндіріп алуға бағытталған қандай да бір шара қолдануға тыйым салатын Restraining Order шығарған. Заңдық тұрғыдан алғанда, мұндай ұйғарым даудың қазіргі күйін сақтауға арналған уақытша қамтамасыз ету шарасы саналады. Қазақстанның Әділет министрлігі бұған дейін Қашаған операторына 2,3 триллион теңгені 2026 жылғы 20 шілдеге дейін төлеу міндеті қойылғанын мәлімдеген. Белгіленген мерзімде төлем…

Толық оқу

Қазақстанда спорт инфрақұрылымын дамыту жұмысы ауылдық елді мекендерге дейін кеңейіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жаңа спорт нысандары салынып, тұрғындардың дене шынықтырумен тұрақты айналысуына жағдай жасалуда, – деп жазады Ertenmedia.kz. Туризм және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Негізгі басымдықтың бірі ауыл тұрғындарын заманауи спорт инфрақұрылымымен қамтуға берілген. Қазір Қазақстанда 26 518 спорт нысаны жұмыс істейді. Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6 пайызға жеткен. Ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 62,1 пайызды құрайды. Ауылдағы қамту деңгейінің республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болуы өңірлерде спорт нысандары желісінің біртіндеп кеңейіп келе жатқанын аңғартады. Жаңа кешендер…

Толық оқу
Досым Сәтпаев Бектенов үкіметі туралы пікір білдірді.

Қазір қоғамда сайлауға қатысатын саяси ұйымдардың партиялық тізімі кең талқылануда. Өз кезегінде саясаттанушы Досым Сәтпаев тізімдер түзілгенімен елімізде шынайы бәсеке тудыратын партиялар қалыптаспаған айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, кез келген қонақтар тізімін алып, «партиялық тізім» деп атауға болады. Өйткені «партия» деген атаудың өзі ұйымның саяси табиғатына кепілдік бермейді. Партия мемлекет тіркеген заңды тұлға ғана емес, қоғамда нақты міндет атқаратын саяси институт болуы керек. – Партия қоғамдағы түрлі топтың мүддесін білдіріп, саяси бағдарын дербес қалыптастырып, билік үшін идеялық негізде бәсекеге түсуге тиіс. Осындай функциялар орындалмаса, ұйым қағаз жүзінде партия саналғанымен, мазмұны жағынан аталған мәртебеге сай келмейді, – дейді саясаттанушы.…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысында Металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Дәстүрлі мерекенің алғашқы легі кен өндірісімен біте қайнасқан, Кенді Алтайдың жүрегі саналатын Алтай қаласында өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіби мереке металлургия саласының ардагерлері мен еңбеккерлерін, өндірістік әулет өкілдерін, қала тұрғындары мен қонақтарды бір алаңға жинады. Металлург күні елдің индустриялық қуатын арттыруға үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілетін құрметтің айқын көрінісіне айналды. Салтанатты жиында Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев металлургтерді кәсіби мерекемен құттықтады. Ол тау-кен металлургия кешені Шығыс Қазақстан экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті. Аудан әкімінің айтуынша, саланың тұрақты дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне серпін беріп келеді. Өндіріс орындарының жұмысы…

Толық оқу
Берік Асылов

Денсаулық сақтау министрлігінің №103 бұйрығы онкологиялық дертке шалдыққан науқастарды өмірлік маңызы бар емнен қағуы мүмкін. Томотерапияны тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен алып тастауға наразы азаматтар Бас прокурор Берік Асыловтан араша сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz журналист Ботагөз Омароваға сілтеме жасап. Үндеу авторларының айтуынша, жаңа тәртіп ем қабылдап жүрген науқастарға да әсер еткен. Емдеу курсын бастап қойған азаматтарға оны аяқтау үшін енді қаражатты өз қалтасынан төлеуге тура келетіні айтылған. Томотерапия алты жыл бойы мемлекеттік медициналық көмек жүйесіне кіріп келген. Аталған әдіс қатерлі ісіктің бірнеше түрін емдеуде қолданылады. Кей науқасқа, соның ішінде сүйек кемігін трансплантациялауға дайындалып жүрген адамдарға клиникалық тұрғыдан баламасы жоқ…

Толық оқу
Chery

Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында Chery маркасының алғашқы гибридті автокөліктері сериялық өндіріске шықты. Кәсіпорын енді қуаттау мүмкіндігі бар Tiggo 7 PHEV және Tiggo 8 PHEV кроссоверлерін құрастырады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа модельдер ресми дилерлерде тапсырысқа қолжетімді. Аталған жоба зауыттың баламалы қуат көзін пайдаланатын New Energy Vehicles санатындағы алғашқы өндірістік тәжірибесі саналады. Қазақстандағы автокәсіпорындар бұған дейін негізінен дәстүрлі бензин қозғалтқышы орнатылған көлік шығарған. Гибридті модельдердің конвейерге қойылуы жергілікті автоөнеркәсіптің технологиялық тұрғыдан күрделі сегментті игере бастағанын көрсетеді. Мұндай автокөліктер электр қуатымен де, бензинмен де жүре алады. Сондықтан қуаттау станцияларының желісі толық қалыптаспаған елдерде гибридтерге сұраныс жоғары. Жүргізуші қала ішінде…

Толық оқу

Банан өсімдігінің сабағынан алынатын талшық тоқыма өнеркәсібінде мақтаның баламасына айналуы мүмкін. Ұқсас табиғи талшықтарды өңдеу тәсілдері өзге текстиль өнімдерін жаппай өндіруде бұрыннан қолданылып келеді. Сондықтан банан қалдықтарын матаға айналдыру технологиясын өнеркәсіптік деңгейге бейімдеуге мүмкіндік бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылар нақты өзгеріс болуы үшін әлемдік тоқыма өндірісінің мақтаға тәуелділігін азайту қажет екенін айтады. Мақта өнеркәсіпте басым орын алғанымен, оны өсіруге өте көп су жұмсалады. Банан талшығын пайдалану ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге әрі су ресурсына түсетін қысымды төмендетуге жол ашуы ықтимал. Industrial Crops and Products журналында 2022 жылы жарияланған зерттеуде банан талшығынан жасалған матаның кейбір қасиеті мақтадан жоғары екені анықталған. Зерттеу…

Толық оқу

Әлеуметтік желіде алдыңғы орындықтағы пакет үшін жүргізушіге айыппұл салынғаны туралы ақпарат тарады. Алматы полициясы мұндай мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, интернетте жарияланған сурет автоматты тіркеу жүйесі жинаған материалдың бір ғана бөлігі болған. Жеке кадр әкімшілік жауапкершілікке тартудың нақты себебін толық көрсетпейді. Полицияның түсіндіруінше, көліктің алдыңғы орындығындағы пакет тіркеу нысанына жатпаған және айыппұл салуға еш қатысы болмаған. Жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Аталған құқық бұзушылықты автоматтандырылған бақылау жүйесі тіркеген. Мұндай кешен шешімді бір суретке сүйеніп шығармайды. Әкімшілік қаулы қабылданған кезде бейнежазба, фотоматериал және өзге де дәлел толық зерделенеді.…

Толық оқу
темір өңдеу

Алматы облысының Қарасай ауданында металл конструкциялары мен тауарлық бетон өндіретін «Almaty W. S.» ірі зауыты ашылды. Жобаға 4,7 миллиард теңге инвестиция салынып, кәсіпорында 80-нен астам адам жұмыспен қамтылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өндіріс орны Әйтей ауылдық округінің аумағында орналасқан. Зауыт жылына 10 мың тонна металл конструкциясын, 300 мың текше метр тауарлық бетонды және дәл осындай көлемде сэндвич-панель мен профнастил шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында жыл сайын 10 мың дана модульдік ғимарат пен контейнер, 40 миллион цемент блогы мен тротуар плиткасын өндіру жоспарланған. Сонымен қатар терезе мен есік шығаратын желі іске қосылған. Қазір зауытта 80-нен астам маман еңбек етеді. Оның 50-і жергілікті тұрғындар.…

Толық оқу