Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

су ішіп тұр

Қазақстанда минералды су мен алкогольсіз сусын өндірісі қарқынды өскенімен, дүкен сөрелеріндегі баға төмендемей отыр. Бір жылда ауызсу 15 пайызға, энергетикалық сусындар 19,6 пайызға қымбаттады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Energyprom.kz дерегіне сүйенсек, 2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында отандық кәсіпорындар 1,7 миллиард литр минералды су мен алкогольсіз сусын шығарған. Өндіріс көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,9 пайызға артты. 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім шамамен 2,8 есеге жеткен. Тәттілендіргіш қосылмаған минералды және газдалған су өндірісі 6,3 пайызға ұлғайып, 320,8 миллион литрді құрады. Нарықтың негізгі бөлігін өзге алкогольсіз сусындар алып отыр. Олардың өндірісі бір жыл ішінде 22,2 пайыз өсіп, 1,4 миллиард литрге жетті. Соңғы он…

Толық оқу
шомылу

Қазақстанда суға түсу маусымы басталғалы 69 бала су айдындарында қаза тапты. Ішкі істер министрлігі қайғылы жағдайдың негізгі себептерін атап, ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ведомство мәліметінше, жазатайым оқиғалар көбіне шомылуға жабдықталмаған аумақта тіркеледі. Жабайы жағажайларда су түбі тексерілмейді, қатты ағыс, иірім, тас пен қоқыс секілді қауіп болуы мүмкін. Балалардың қаза табуына ересектердің жауапсыздығы да әсер етіп отыр. Кейбір демалушы алкогольдік ішімдікке салынып, жағалаудағы балаларды қараусыз қалдырады. Соның салдарынан кәмелетке толмағандар қауіпті жағдайда жалғыз қалады. Ішкі істер министрлігі тыйым салынған жерде суға түскені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Жыл басынан бері аталған талапты бұзған 2700…

Толық оқу
TikTok

Алматыда жалған дипломын жыртып, онысын TikTok желісіне жариялаған колледж түлегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Полиция TikTok платформасына жүргізілген мониторинг кезінде қоғамда қызу талқыланған роликті анықтаған. Видеода жекеменшік колледж түлектерінің бірі диплом табыстау рәсімінен кейін көпшілік алдында диплом мұқабасына ұқсас затты жыртып тастайды. Тексеру барысында түпнұсқа диплом, оған қоса берілген қосымша және оқу орны тапсырған ресми мұқаба бүлінбегені белгілі болды. Ролик түсіру үшін алдын ала дайындалған мұқаба көшірмесі пайдаланылған. Бейнежазба интернетте кең таралып, түрлі пікір туғызған. Тексеру қорытындысы бойынша автор Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.

Толық оқу
ауа райы

Қазақстанда 16 шілде, бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей облыста жел күшейсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +22…+24 градус, күндіз +36…+38 градус ыстық болады. Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр болады. Түнгі температура +21…+23 градус шамасында болса, күндіз сынап бағанасы +41…+43…

Толық оқу
спорт

Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиада басталды. Көкшетауда жарыстың салтанатты ашылуымен қатар «Жаңа жағалау» аумағындағы заманауи скейт-парк пайдалануға берілді. Екі ауқымды оқиға өңірде кәсіби және бұқаралық спортты қатар дамытуға басымдық беріліп отырғанын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақмола облысы соңғы жылдары республикалық және халықаралық жарыстарды қабылдайтын ірі спорт орталығы ретінде танылып келеді. Өңірде заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, тұрғындарды дене шынықтыруға тарту және ауылдық жерлерде спортты қолжетімді ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасын өткізу құқығы биыл алғаш рет Ақмола облысына берілді. Мұндай таңдау өңірдің спорттық базасының айтарлықтай нығаюымен байланысты. Қазір облыста республикалық әрі халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары…

Толық оқу
көлік экспорты

2026 жылғы маусымда Қазақстанда 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл мамыр айындағы 147 668 көлікпен салыстырғанда 13,7 пайыз жоғары. Бір айдың ішінде елдегі көлік тіркеу қарқыны айтарлықтай өскен, деп жазады Ertenmedia.kz. Есепке қойылған көліктің 87,4 пайызы жеңіл автомобильдерге тиесілі. Жүк көлігінің үлесі 5,7 пайызды, тіркемелер 2,4 пайызды құрады. Мотоциклдерге 1 пайыз, автобустарға 0,9 пайыз, өзге көлік түрлеріне 2,6 пайыз тиесілі болды. Маусымда тіркелген көліктің басым бөлігінде қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше сантиметр аралығында болған. Мұндай автомобильдердің үлесі жалпы көрсеткіштің 34,5 пайызына жетті. Аталған санат елдегі автонарықта ең көп сұранысқа ие сегменттің бірі болып отыр. Отын түрі бойынша бензинмен жүретін көліктер айқын…

Толық оқу
өндіріс

Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда. Бұл бағыттағы жұмыстардың арқасында макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, бизнес ахуалды жақсарту және инвестиция тарту бағытында жүйелі шара қабылдап келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық саясатта жаңа инвестициялық кезеңді іске қосуға, адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және болжамды фискалдық саясатты орнықтыруға басымдық берілген. Қабылданып жатқан шешімдер жеке капиталдың белсенділігін арттырып, нақты сектордың ұзақмерзімді дамуына жағдай жасауға бағытталған. Қазіргі экономикалық өсім өндірістің кеңеюі, нақты сектордың қарқынды дамуы және салаларды әртараптандыру есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Елдің көлік-транзиттік әлеуетін нығайту да өсімнің негізгі тетігінің біріне айналған. Инфрақұрылымдық жобалар ішкі нарықты жандандырып қана қоймай, Қазақстанның өңірлік…

Толық оқу
реновация

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін қала дизайн-кодына сай жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Биыл аудан аумағындағы 67 үйдің сыртқы келбетін ретке келтіру жоспарланған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның жүзеге асырылу барысын Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Мирас Зейнолдин таныстырды. Оның айтуынша, жөндеу жұмысы сәуір айында басталған. Алғашқы кезеңде Абай даңғылы, Сәтбаев, Тимирязев көшелері мен өзге де ірі магистраль бойындағы үйлер іріктелді. Әр ғимаратқа жеке дизайн-жоба әзірленеді. Жоба барысында үйдің бастапқы сәулеттік келбеті, орналасқан ортасы және көршілес нысандармен үйлесімі ескеріледі. – Негізгі міндет үйлерді бір үлгіге түсіру емес, олардың сәулеттік ерекшелігін сақтай отырып, қаланың ортақ…

Толық оқу
Алакөл

25 шілдеде Жетісу облысының Алакөл ауданындағы Ақши ауылында «Алакөл толқыны» фестивалі өтеді. Жазғы маусымның ауқымды мәдени-ойын-сауық шараларының бірі Алакөл көлінің жағалауында ұйымдастырылады. Фестиваль табиғат аясындағы демалысты музыка, өнер және заманауи ойын-сауық бағдарламаларымен үйлестіреді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның негізгі мақсаты Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кеңінен таныту. Ұйымдастырушылар Алакөлдің қайталанбас табиғи сұлулығын насихаттап, ішкі туризмнің дамуына серпін беруді көздейді. Сонымен қатар тұрғындар мен қонақтарға сапалы әрі мазмұнды демалыс мәдениетін ұсыну жоспарланған. Көгілдір көл жағасындағы мерекелік бағдарлама көтеріңкі көңіл күй мен ерекше атмосфераға құрылады. Табиғаттың әсем көрінісі концерттік қойылымдармен және интерактивті шаралармен үйлесім табады. Қонақтарға жазғы демалыстың есте қаларлық сәттерін сыйлау көзделіп отыр.…

Толық оқу
референдум

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 72,1 пайызы Құрылтай сайлауы алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге дайын екенін білдірді. Зерттеу азаматтардың алдағы электоралдық науқанға қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Сайлау қоғамның саяси белсенділігі мен мемлекеттік іске араласу деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіш саналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтанулық зерттеу 2026 жылғы 3–13 шілде аралығында Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Сауалнама бетпе-бет сұхбат алу әдісімен ұйымдастырылып, оған 1640 респондент қатысты. Қатысушылардан сайлауға бару ниеті мен қазіргі партиялық таңдауы сұралды. «Сайлау алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге қатысуды жоспарлайсыз ба?» деген сауалға респонденттердің 72,1 пайызы оң жауап берді. Сауалнамаға қатысқандардың 14,2…

Толық оқу