Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы облысында ірі агроөнеркәсіптік парк салынады. Бұл туралы Ertenmedia «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа кешеннің құрылысын КТЖ еншілес компаниясы KTZ Express, ресейлік «Славтранс-Сервис» және «ТЛЦ Алатау» бірлесіп жүзеге асырмақ. Құжатқа Мәскеу облысында өткен халықаралық бизнес-миссия аясында Алматы облысының әкімі мен Мәскеу облысының губернаторының қатысуымен қол қойылды. Алматы іргесіндегі жаңадан салынып жатқан Алатау қаласында бой көтеретін кешенге «А» класындағы заманауи қоймалар, температурасы реттелетін қойма орындары, контейнерлік терминал, көтерме және бөлшек сауда орталықтары кіреді. Сонымен қатар, фитосанитарлық бақылау және кедендік рәсімдеу аймақтары да ашылады. Жаңа хаб өндірушілерді, экспорттаушылар мен ірі сауда желілерін ортақ жүйеге біріктірмек. Бұл отандық тауарларды…

Толық оқу

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты Алматы әуежайында болған даулы оқиға бойынша сот шешімі шықты. Суд прокурордың әрекетінен ешқандай заңбұзушылық таппаған деп хабарлайды Ertenmedia «Ақ Жайық» басылымына сілтеп. Бұған дейін Әбдіров Алматы әуежайында мас күйде жанжал шығарып, өзгелерді балағаттады деген ақпарат тараған еді. Осыған орай Маңғыстау облысының прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізген болатын. Прокурор Әбдіров айыптарды жоққа шығарып, «менің кім екенімді білген соң әдейі дау шығарды» деп мәлімдеген еді. Соттың анықтауынша, прокурор Алматы әуежайында екі жігітпен танысқан, олар да Ақтаудың тумалары екен. Кейін жолаушыларды ұшаққа жеткізетін автобус ішінде түсініспеушілік туындаған көрінеді. Сол кезде әуежай полициясының қызметкері Әбдіровке әкімшілік хаттама толтырған. Бірақ…

Толық оқу

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемінің болжамнан жоғары көрсеткішке жеткенін хабарлады деп хабарлайды Ertenmedia. Соңғы мәлімет бойынша, 2023 жылдан бері теңізге шамамен 5 миллиард текше метр су құйылып, жалпы су қоры 24,1 миллиард текше метрге жеткен. Бұл көрсеткіш 2025 жылға жоспарланған 20,6 миллиард текше метр межесінен асып түсті. Мамандар мұндай көлем тек 2029 жылға қарай жиналады деп күткен еді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банк грантының көмегімен Көкарал бөгетін екі метрге көтеру және жаңа гидротехникалық құрылыстарды салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқанын атап өтті. «Жобаның негізгі мақсаты Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі…

Толық оқу

Қазақстандық астық тұңғыш рет Қытай портында контейнер ауыстырмай Вьетнамға жеткізілді деп хабарлайды Ertenmedia. Ақмола облысының Ақкөл, Азат және Көкшетау станцияларынан жолға шыққан 17 мың тонна бидай Ляньюньган (Қытай) арқылы Хайфон (Вьетнам) портына дейін контейнер ауыстырмай жеткен деп жазады Ertenmedia. Бұл бұрын-соңды болмаған жаңа логистикалық тәсіл. Әдетте Қытай порттарына теміржолмен келген жүк теңіз контейнерлеріне қайта тиелетін. Бұл жолы жүк Қазақстаннан Вьетнамға дейін бастапқы контейнерлермен тасымалданды. Жаңа тәсіл астықтың сапасын сақтап, жеткізу мерзімін қысқартып, шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. «Кедентранссервис» компаниясының мәліметінше, аталған логистикалық жобаның табысты жүзеге асуы отандық астық өндірушілер үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттың жаңа көкжиегін ашады. Компания бұл жобаны бұдан…

Толық оқу

Алматы облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуда. Өңірде қазандықтар мен жылу желілеріне жөндеу жүргізіліп, жаңа қазандықтар салынуда, көмір мен сұйық отын жеткізіліп жатыр. Орталықтандырылған жылумен қамту Іле, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарында, сондай-ақ Қонаев пен Алатау қалаларында жұмыс істейді. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 176 шақырым. Облыста 18 қазандық пен жалпы жылу қуаттылығы 457,5 Гкал болатын 66 блок-модульді қазандық бар. 2065 көпқабатты тұрғын үйдің 1371-і (66,4%) жылумен қамтылған. Әлеуметтік салада 51 нысан (4,7%) орталықтандырылған жылумен жабдықталған. Қалған нысандар автономды қазандықтар мен баламалы отын түрлерін пайдаланады: газ – 29,7%, сұйық отын – 36,8%, қатты отын – 23,8%. Дайындық…

Толық оқу

Қазақстанның ең ірі мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГазға» (ҚМГ) ресейлік хакерлік топ кибершабуыл жасады деген ақпарат шықты деп хабарлайды Ertenmedia Dark Reading басылымына сілтеп. Seqrite Labs сарапшыларының айтуынша, шабуылды ұйымдастырған топ биыл сәуірден бастап белсенділік танытып келеді. Хакерлер ҚМГ-ның қаржы бөлімінің қызметкерінің электронды поштасын бұзып кіріп, компания қызметкерлеріне жалған хаттар таратқан. Хаттар «ШҰҒЫЛ!» деген тақырыппен тараған және қызметкерлерден «жаңа өзгерістерге байланысты жалақы мен жұмыс кестесі туралы құжаттармен танысып шығуды» талап еткен. Құжаттар архив түрінде ұсынылған. Ашқан жағдайда, қызметкердің компьютеріне хакерлер арнайы бағдарлама орнатқан. Сол арқылы олар компанияның ішкі жүйесіне кіріп, ақпарат ұрлауға мүмкіндік алған. Seqrite Labs бұл хакерлік топты «Noisy Bear» (Шулы…

Толық оқу

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданына барып, «Айгерім-1,2» және «Шаңырақ-1» шағынаудандарының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде тұрғындар ауызсу мен кәріз желілерінің құрылысы ұзаққа созылып кеткенін айтты. Әкім жағдайды өз көзімен көріп, мердігерлердің жұмысты баяу атқарып жатқанын атап өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Айгерім-1,2» аумағында су құбырының 104 шақырымнан астам бөлігі, ал кәріз желісінің 29 шақырымға жуық бөлігі салынуы тиіс. Жоба 2021 жылы басталғанымен, жұмыс қарқыны тұрғындарды да, әкімдікті де алаңдатып отыр. Дархан Сатыбалды жауапты мекемелерге бақылауды күшейтуді тапсырды және құрылысты келесі жылы толық аяқтауды міндеттеді. Әкім жол жөндеу мәселесін де көтерді. – Желі құрылысы аяқталған…

Толық оқу

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» алаңында тұрғындардың өтініштері мен өзекті мәселелерін тыңдау үшін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен кезекті жеке қабылдау өтті. Мұндай кездесулер соңғы жылдары өңір халқының билікке сенімін арттырып, нақты шешім іздейтін жаңа форматқа айналып келеді. Себебі тұрғындар үшін ең бастысы өз сөзінің естілуі, өтінішінің жерде қалмауы, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Қабылдауға жазылған 10 азаматтың өтініші өмірдің әр саласына қатысты болды. Олардың қатарында Жетісай, Созақ, Сауран, Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары бар. Әңгіме барысында көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік сипатқа ие — жұмысқа орналасу, медициналық нысандардың жетіспеушілігі,…

Толық оқу

Қазақстан Еуроодақ тарапынан санкцияларды айналып өтуге қатысты ресми ескерту алған жоқ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті деп хабарлайды Ertenmedia. Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан өз аумағы арқылы Ресейге салынған санкцияны айналып өту әрекетіне жол бермеу үшін қажетті шараларды жүйелі түрде қабылдап отыр. «Біз Еуроодақпен тұрақты диалог жүргіземіз. Бұған дейін қазақстандық көмірдің Ресей порттары арқылы транзитіне байланысты туындаған мәселе келіссөздер арқылы оң шешімін тапты. Басқа бағыттар бойынша да осы тәсілді ұстанамыз», – деді министрлік өкілдері. Сонымен қатар ведомство Қазақстан Еуроодақпен өзара қатынасты сыртқы сауданың ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық мүдделерді қорғау және сауданың тұрақтылығын сақтау негізінде құратынын атап өтті. Ertenmedia телеграм-арнасының…

Толық оқу

Мәжілісте Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті таныстырылды. Ertenmedia қай салаға қанша қаржы бағытталатынын егжей-тегжейлі тарқатып берді. Қаржы министрлігінің болжамынша, 2026 жылы республикалық бюджеттің кірісі 23,1 трлн теңгеге жетіп, дефицит ЖІӨ-нің 2,5 пайызынан аспайды. Ал 2028 жылға қарай тапшылықты 0,9 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Жалпы бюджет шығындары 27,7 трлн теңге көлемінде бекітілген, бұл биылғыдан 2 трлн теңгеге көп. Бюджет қаржысының қайда жұмсалатынына тоқталсақ, Президент бастамаларына 285 млрд теңге, мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуге 3,5 трлн теңге, өңірлерге субвенция ретінде 5,1 трлн теңге, ал төтенше жағдайлар мен күтпеген шығындарға 500 млрд теңге резервке салынады. Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, үкімет бюджетті Ұлттық…

Толық оқу