Kaspi Group компаниясының акционері Вячеслав Кимнің жұбайы Татьяна Ким 2022 жылы Лондоннан аса қымбат екі пәтер сатып алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қаладағы элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерлердің жалпы құны – £25,7 млн. «Қаңтар оқиғасынан көп ұзамай сатып алынған екі пәтердің үлкені үшінші қабатта орналасқан. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайтын бұл пәтерде үш жатын бөлме, қонақ бөлме, асхана мен төрт жуынатын бөлме бар. Оның бағасы шамамен £20 млн тұрады. Ал бесінші қабаттағы екінші пәтерде бір жатын бөлме, қонақ бөлме және екі жуынатын бөлме орналасқан. Оның құны – £5,7 млн», – деп жазған «ВЧК-ГПУ» телеграм арнасы. Арна авторларының айтуынша, бұл…
Автор: Асылхан Бөрібай
Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктілер 18 маусымда «Паланка» кеден бекетінен Молдоваға кірген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Азаттық мәліметінше, Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев 19 маусым сағат 01.20-да Молдова астанасы Кишиневтен Антальяға (Түркия) ұшып кеткен. Бұл туралы шекара қызметіндегі дереккөздеріне сүйенген «Молдова: Актуально» телеграм-арнасы хабарлады. Дереккөздердің мәліметінше, күдіктілердің бірі Қаратаев Молдоваға бұған дейін бірінші рет 2024 жылы 19 мамырда «Леушен» кеден бекеті арқылы кірген. Ол елден шыққанда Кишинев халықаралық әуежайынан Франкфуртқа (Германия) ұшып кеткен. «Молдова: Актуально» телеграм-арнасы бейнебақылау камерасы түсірген күдіктілердің суретін және төлқұжатын жариялады. Қазақстан билігі күдіктілердің бірі Жақанбаев 21 маусымда ішкі істер органдарына өз еркімен берілді деп…
Экс-вице-министр Тимур Тоқтабаевтың ісіне қатысты тәркіленген Bentley Bentayga және Mercedes Maybach-ты сату бойынша сауда жүргізілмеді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Жалпы құны 200 миллион теңге болатын автокөліктер мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүлікті кейіннен беру және біріктіру үшін аукционға қойылады. Көліктерді тек бір қатысушыға сатуға рұқсат беру көзделген. «Ұсыныс мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау, мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында белгіленген өлшемдерге сәйкес болған кезде қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғаларға беруге арналған», — делінген хабарламада. Хабарландыру «Электрон сауда алаңында» жарияланған. Сонымен қатар, сайтта автокөліктердің суреттері де бар. Саудаға 2021 жылғы қара Bentley Bentayga V8 қойылды. Автокөлікті бағалау осы жылдың сәуір айында жүргізілді. Бағалаушы компания кроссовердің нарықтық құнын 104 миллион 316 мың теңге деп белгілеген. Ақ Mercedes-Benz Maybach s580 4MATIC 2021 жылы шығарылған автокөлік сәл төмен…
Киевте қастандықтың құрбаны болған қазақстандық Айдос Садықов қайтыс болды. Осыған байланысты Украина Бас прокуратурасы күдіктілерге тағылған айыпты ауырлатып, істі «тапсырыспен және топтасып адам өлтіру» бабына ауыстырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айдос Садықов 2 шілдеге қараған түні Киев ауруханасында көз жұмды. Қазіргі таңда қылмыстық істі Украина ұлттық полициясының Бас басқармасы жүргізуде. Аталған бап бойынша күдіктілер 15 жылдан бастап өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айдос Садықов Украинада ресми түрде босқын мәртебесін алған. Ал 2023 жылдың қазан айында Қазақстанда оған «әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырды» деген айыппен іздеу жарияланған еді. Бұған дейін журналист әрі депутат Ермұрат Бапи бұл оқиғаға…
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды. 5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.
Экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың дүние-мүлкін бөлу процесі басталды. Мұрагерлердің саны өте көп, бәрі қомақты үлестен дәмелі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bes.media дерегінше, Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін нотариус 2024 жылғы 3 қаңтарда мұрагерлік бойынша істі ашқан. «Назарбаевтың отбасы мүшелері, соның ішінде ұлы Нұрбол, жұбайы Динара және бірнеше баласы мұрагерлік құқығы туралы өтініш білдірді. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлесіне де қатысты», — деп жазылған мәліметте. Мұрагерлік құқығы туралы өтінішпен Нұрбол Болатұлы Назарбаев (1983 жылы 14 қарашада туған, мұра қалдырушының ұлы), Назарбаева Динара Кемелханова (1986 жылы 4 желтоқсанда туған, мұра қалдырушының жұбайы) жүгінген. Заң бойынша мұраның міндетті…
Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандашылар иелік еткен жерасты туннель белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстаннан сапасы кепілденбеген дәрілік заттарды заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. «Қазақстан арқылы Үндістанға, яғни Дели-Ташкент-Алматы рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізіліп, одан кейін туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент аймағына жеткізілгені аталып өтті”, — деп мәлімдеді Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ). Тоннел ұзындығы 310 метр. Тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 есірткіні тәркіледі. Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып,…
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, сондай-ақ, оның әйелі мен адвокатына қатысты іс пен үкімді қарайды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Істі қарау сағат 15.00-ге тағайындалған. Бұл туралы ақпарат сот кабинетінде пайда болды. Айта кетейік, ақпанда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарды. Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Өткен жазаны ескере отырып, бұрынғы шенеунік өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан…
Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткері Амалбек Тшанов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет еткер кезі туралы айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен ол кезде үлкен бірлестіктің бас директорымын, сонымен қатар, Жоғары кеңестің депутатымын, әлі жаспын. Оған дейін саясатқа араласу ойымда болған жоқ. Себебі мен үшін өндірісте жұмыс істеу бақыт болатын. Кейіннен маған сондай ұсыныс (Назарбаевтың кеңесшісі болу туралы) болды. Әрине, мен қуана қарсы алдым. Жаңадан президент сайланған, мен Жоғары кеңестің депутаты есебінде бәріне қатыстым. Оңтүстік Қазақстанның өкілі болып бардым. Бар пейілімізбен Нұрсұлтан Әбішұлының президент болуына аянбай қызмет еттік. Оның бәрін жұртқа түсіндірдік» — дейді Амалбек Тшанов Barys media-ға берген сұхбатында. Тшанов Назарбаев талантты…
Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға арнайы келуі екі елдің байланысын жаңа деңгейге көтергенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана әуежайында Си Цзиньпинді Президент Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды. Кездесуде Тоқаев Қытайды Қазақстанның ең жақын әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Саясаттанушы Асхат Қасенғали Қазақстанның сыртқы саясатында Ресейдің бұрынғы орнын біртіндеп Қытай басып келе жатқанын айтады. Оның пікірінше, екі елдің байланысы жылдан-жылға артып, арадағы қарым-қатынас тың деңгейге көтеріліп жатыр. «Си Цзиньпиннің Астанаға сапары Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысты шараның бір бөлігі ғана. Оның артында маңызды келіссөздер мен мемлекетаралық жобалар тұр. Қытай мен Қазақстан шекаралас мемлекет болғандықтан, экономикалық, мәдени, қорғаныс және саяси бағыттағы…










