Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов АҚШ-та күмәнді қаржыға мүлік сатып алған кәсіпкерлердің тізіміне енді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Global Financial Integrity халықаралық зерттеу ұйымы соңғы 20 жыл ішінде АҚШ-та сатып алынған коммерциялық нысандардың шығу тегін тексерген. Сарапшылардың зерттеуіне іліккендердің қатарында Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері де бар. Олар Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, кезінде мұнай және газ министрі болған Сауат Мыңбаев және «Қазкоммерцбанктің» бұрынғы жетекшілерінің бірі Асқар Алшынбаев. Халықаралық ұйым АҚШ-тағы кемінде 25 коммерциялық нысанның күмәнді қаржыға алынғанын мәлімдеді. Олардың ішінде медициналық мекеме, кеңсе ғимараты және супермаркет бар. Жалпы сомасы – 35 миллион доллар. Жылжымайтын мүліктердің басым бөлігі делдалдар арқылы сатып алынған.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы әкімдігі қоғамдық көліктегі жолақысын тағы көтеруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаладағы қоғамдық көлік тарифі соңғы рет былтыр ғана 20 теңгеге қымбаттап, қолма-қол ақшасыз төлем – 100 теңгеге, ал қолма-қол төлем – 200 теңгеге жеткен еді. Енді әкімдік биыл жолақыны тағы 20 теңгеге көтеріп, электронды төлем құнын 120 теңгеге жеткізуді көздеуде. Қалалық мобильділік басқармасының айтуынша, қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығындарын ақтамайды. Алматыда орташа есеппен әр жолаушыны тасымалдаудың шынайы құны – 310 теңге, кейбір бағыттарда тіпті 400 теңгеден асып кетеді. Бұл айырмашылық жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия арқылы жабылуда. Биыл субсидия көлемі 68,7 миллиард теңге болса, 2024 жылға болжамды көрсеткіш…
Атырау облысының аумағы ұлғайып, өңір шекарасы кеңейтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы премьер-министрдің арнайы қаулы жобасында жазылған. Құжатқа сәйкес, Каспий теңізіндегі Қазақстанның аумақтық сулары есебінен жалпы көлемі 3 954 015 гектардан асатын жер телімі Атырау облысының аумағына қосылмақ. Қаулының түсіндірме жазбасында бұл өзгеріс мемлекеттік бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейтіні, сондай-ақ ешқандай әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық қиындықтар тудырмайтыны айтылған. Құжат қоғамдық талқылауға 15 шілдеге дейін ұсынылды. Айта кетейік, соңғы жылдары Атырау облысының аумағын кеңейту мәселесі бірнеше рет көтеріліп келеді. Әсіресе Каспий теңізінің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, мұнай-газ саласының жаңа мүмкіндіктерін ашу мақсатында аймақ аумағын ұлғайту маңызды деп саналады. Осыған байланысты, облысқа теңіз…
Алматыда өтіп жатқан сот отырысында Гүлмира Сатыбалдының ағайын-туыстарына судья тарапынан ескерту жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаланың қылмыстық істер жөніндегі сотында кәсіпкер Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты процесс жалғасуда. Сатыбалды бизнес серіктесін бопсалап, заңсыз қамап ұстады деп айыпталуда. Кезекті сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Сатыбалдымен бірге компанияда қызмет еткен кадр бөлімінің жетекшісіне сауал қойды. Адвокат бір сұрақты қайталап қойған кезде, Сатыбалды кенеттен ашуланып: «Мен қарсымын, ол адамдардың өздерін шақырып сұраңыздар», – деп қарсы жақ адвокатына ескерту жасады. Осы сәтте сот залында отырғандардың арасынан да шу шықты. «Құрметті сот, бұларға ескерту жасаңызшы. Біреуі тіпті ұйықтап, орындықтан құлап жатыр, тағы…
Қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш өзіне қатысты сот шешіміне шағым түсіргенімен, арызы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Апелляциялық шағым 3 шілде күні беріліп, сол күні қаралды. Дипломаттың қорғаушылары Сәкен Мамашқа тағылған айып толық дәлелденбегенін, оқиға Әбу-Дабиде орын алғандықтан, бұл іске Қазақстан сотының араласуға құқығы жоқ екенін алға тартқан. Дегенмен сот алқасы алғашқы инстанция шешімін күшінде қалдырды. «Апелляциялық сот алқасы алғашқы сот актісін өзгертуге немесе күшін жоюға ешқандай заңды негіз көріп тұрған жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың шығарған шешімі өзгеріссіз қалдырылып, берілген апелляциялық арыз қанағаттандырылмайды», – делінген ресми хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін, 28 маусымда сот шешімімен Сәкен Мамаш…
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі конструктивті рөлін қолдады.Бұл туралы көрші ел жетекшісі екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізу барысында айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Естеріңізге сала кетсек, шілденің 2 күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, осы мемлекеттік сапары арқылы Си Цзиньпин Қазақстанның абыройын жоғары деңгейге көтеріп отыр. «Си Цзиньпинің мемлекет жетекшісі ретінде алдына қойған үлкен мақсаттарының арасында Қазақстанмен жүргізілетін саясатқа ерекше мән беріліп отыр. Жалпы Орта Азия мемлекеттеріне деген көңілі бір бөлек, Қазақстанға деген көңілі бір бөлек. Сол себептен арнайы мемлекеттік…
Президент Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне сұхбат берді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың беталысына баға берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың негізі терең достық пен көршілікке құрылғанын ерекше атап өтті. «Қытай төрағасы, құрметті Си Цзиньпиннің былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығын» бастады. Пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Бейжің басшысының Қазақстанға жасағаны біздің елдер арасындағы байланыстың маңызын көрсетеді», – деді президент. Президенттің Қытайда өткізген сегіз жылы Тоқаев өз сөзінде Қытаймен жеке байланысы туралы да айтты. «Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімді ерекше жылылықпен еске аламын. Біз әрдайым ашық және сенімді әңгіме барысында маңызды мәселелерді, әлемдік…
Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген көліктер қай мемлекеттік органдарға берілетіні белгілі болды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Tengrinews.kz мәліметінше,Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген автокөліктер Бас прокуратура мен Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген. Екі көлік те мемлекеттік органдарға тегін берілген. «Kia Sorent маркалы көлігі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментіне берілсе,Toyota RAV4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша департаментіне берілді», дейді аумақтық басқарма басшысы Еркін Смағұлов. e-auction.gosreestr.kz Бұл көліктердің сатылғаны туралы ақпарат биыл көктемде мемлекеттік аукцион сайтында пайда болды. Ресми мәлімет бойынша, қара түсті 2021 Kia Sorento кроссовері 18,5 миллион теңгеге, ал 2021 жылы зауыт конвейерінен…
Желіде экс-министр Қуандық Бишімбаев изоляторда отырып төбелес шығарғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратқа ҚАЖК өкілдері жауап берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», — деп жазылған хабарламада. Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова да бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Қоғамдық қорғаушы Бауыржан Мусин де бұл ақпаратты теріске шығарды. «Қазір ғана ҚАЖД басшысына хабарластым, ол мұндай жағдай тіркелмегенін айтты», — деді ол. Сонымен қатар, адвокаттың сөзінше, апелляция шешімі күшіне енгеннен кейін Бишімбаев «Аршалы» колониясына ауыстыруы мүмкін. Еске салайық, 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық…
Желіде Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың Лондондағы Назарбаев тұрған үйді торуылдап жүрген видеосы таралды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. “Құрметті халайық, мына жерде диктатор Назарбаев қазақтардан қашып кетті. Ол — қазақтың жауы, нөмір бірінші ұры. Оны білір қойыңыздар. Себебі бұл сияқты ұры 200 млрд Қазақстанды ұрлап кеткен. Екі поколение қазақты тақырға отырғызған мұндай ұры дүниежүзінде жоқ. Диктаторлардың түр-түрі бар. Бұның ішіндегі ең азығыны осы адам. Міне, өзінің қазақтарынан қашып, 50 күзетшісімен бірге осы жерден қашып кетті. Сондықтан міне біліп отырыңдар бұл ит өз қазағынан қашып, өмір бойы осылай жүретін адам. Дүниежүзінде бұған ешқашан жақсылық болмайды. Қалған өмірін осылай өткізеді. Бұны батыс елдерінде, барлық…










