Автор: Назым Болатхан

ринат зайытов

Депутат Ринат Зайытов Ата заңның тың нұсқасындағы мемлекеттік тілге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Конституцияның 9-шы бабының екінші тармағын асты-үстіне түсіріп талқылап тастаған қоғам Мәжіліс пен Ақорданың арасында арпалыс жүріп жатқанын біле бермейді. «Тісін көрсеткеннен ісін көрсетуді жөн санайтын азаматтар комиссияға бірнеше нұсқада өз өтінішін беріп, әлгі 9-шы баптың екінші тармағының өзгеруіне қол жеткізді! Енді жаңа нұсқадағы мәтінде орыс тілі тең емес, қатар қолданылады. Түсінген адамға аз жеңіс емес. Шүкір! Ең бастысы, осы жетістікті жеңіске айналдыру үшін бізге салқынқандылық өте қажет. Жетістік желігуді жек көреді. Ал біз әлі көп жетістікке жетуге міндеттіміз!» – деп жазды ол. Тақырыпқа…

Толық оқу
Ерлан Сайыров депутат

Конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасындағы тілге қатысты талқылау барысында қоғам тарапынан қарсылық тудырған бірқатар ұсыныстарды қабылдады. Соның бірі – 9-баптың 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне ауыстырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, әлгі шешім халықтың ұсыныс-тілегіне құлақ түрген мемлекеттің нақты қадамы. «Конституциялық комиссия отырысында Конституция жобасының 9-бабының 2-тармағындағы «тең» сөзі «қатар» сөзіне өзгертілді. Мұндай өзгеріс комиссияның қоғаммен ашық диалог орнатып, халықтың пікірін ескеріп отырғанын көрсетеді. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жұмыс істеп жатқанының дәлелі», – деп пікір білдірді депутат. Желіде журналист Тоқтар Жақаш осы өзгерістің құқықтық салдары туралы сауал қойды: «Тең» және «қатар» сөздерінің құқықтық күшін айқындадыңыздар…

Толық оқу
Тарық Волкан Оскай Боранбаев

Атышулы Қайрат Боранбаевтың бизнес серіктесі, NEF Qazaqstan басшысы Тарық Волкан Оскай ұсталып, Қазақстанға жеткізілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Алматыдағы құрылыс жобаларына бағытталған 6 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған. Тергеу анықтағандай, ол 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың маусымына дейін құрылыс компаниясын басқарып, жалған келісімшарт арқылы ақшаны өзінің еншілес компанияларының есепшотына аударып отырған. Қылмыс әшкереленген соң күдікті шетелге қашып, оған халықаралық іздеу жарияланған еді. Іздеу нәтижесінде күдікті Черногорияда қолға түсті. Бас прокуратураның бастамасымен және Интерполдың қолдауымен қашқын түрік елге жеткізіліп, қазір тергеу изоляторында отыр. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабына сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу…

Толық оқу
мұрат әбенов

Депутат Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасындағы сөз бостандығына қатысты шектеулердің неліктен енгізілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, шектеу ең алдымен азаматтардың құқығы мен ар-намысын қорғау үшін қажет деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық комиссияның отырысында депутат батыстан келген «бойкот» (cancel culture) феноменін қатты сынап, оның ел ішіндегі қоғамдық диалогқа қауіп төндіретінін айтты. «Қазір әлемде белең алған осы құбылыс кез келген пікірталасты жеке адамға қарсы шабуылға айналдырып, қарсылық білдірген адамның өзін тұқыртып, абыройын аяққа таптаумен шектеліп жатыр. Бұл даму емес, дағдарысқа апаратын жол. Осындай ойындар қоғамның радикалдануына, әлеуметтік шиеленіске, бөлінуге алып келеді. Сондықтан Қазақстанда сөз бостандығы басқа адамның ар-намысына тиісуге, оны қорлауға немесе қудалауға мүмкіндік…

Толық оқу
Қазақстан Олимпиада 2026

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада атлеттердің қалтасын қампайтар керемет мүмкіндік болғалы тұр. Олимпиада жүлдегеріне берілетін сыйақы бойынша Қазақстан әлемдегі ең жомарт елдердің сапына кіріпті. Мемлекет алтынмен апталған медалді жүздеген мың долларға бағалап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақ спортшыларына төленетін қаржылай марапат көлеміне Forbes та таңғалып жатыр екен. Басылым дерегінше, біздің ел алтын медаль иеленген атлетіне 250 мың доллар санап береді. Бұл ма, бұл АҚШ чемпиондарына төленетін сыйақыдан шамамен 7 есе көп. Әмірикалық спортшыларға алтын үшін әрі кетсе 37 мың доллар беріледі. «Қазақтардың қола жүлдегерге төлейтін сыйақысы да қомақты (75 мың доллар). Бір қызығы үшінші орын мен алтыншы орын алған спортшыға…

Толық оқу
мұхтар шаханов 2026

Әйгілі ақын, ұлт қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлемжеліде тараған видеоға қатысты ашық үндеу жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен, Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, қоғамға ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі денсаулық жағдайы өте күрделі, айтқан сөзін бірнеше минуттан соң ұмытып қалатын ауыр халде. Жақында ғана екінші ұлын жерлеген адамның көңіл-күйі, жан дүниесінің жағдайы қандай екенін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді. Қазір Атамыз қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем хабарсыз екенін түсініңіздер! Сондықтан, өтінемін, тыныштық беріңіздер!» – деді Жаңагүл Өмірбекова. Ол әлемжелідегі бір видео үшін ұлтқа адал қызмет еткен тұлғаның ар-намысына тиіп, қарғап-сілеудің еш негізсіз әрі әділетсіз әрекет екенін қадап…

Толық оқу
«Лондон банкі» және есепшоттағы 20 миллион доллар

«Лондон банкі» және есепшоттағы 20 миллион доллар. Петропавлдық зейнеткер интернеттегі инвестициялық алаяқтардың құрығына түсіп қалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, қылмыстық істі Қосшы қаласының тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Оқиға былай болған… Петропавлда тұратын зейнеткер әйел былтыр ақпан айында интернетте «тез әрі оңай табысқа жетесің» деген жарнаманы көріп, сеніп қалады. Сол мезеттен бастап белгісіз алаяқтар әйелге хабарласып, оны инвестициялық жобаға қаржы салуға үгіттеген. Олардың нұсқауымен зейнеткер бірнеше транзакция арқылы жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам ақшаны аударған. Бірнеше ай бойы алаяқтар әйелдің сеніміне кіру үшін үзбей байланысып, оның «инвестициясының» сәтті әрі табысты екенін дәлелдеумен болған. Олар әйелге…

Толық оқу
мемлекеттік нөмір алу

Қазақтар енді көлікке мемлекеттік нөмір алу үшін бұрынғыдай арнайы ХҚКО-ға барып кезек күтпейді.  «Азаматтарға арналған үкімет» мобильді қосымша арқылы жаңа цифрлық сервисті іске қосты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ереже бойынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелері үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің тізімі кеңейтілді. Енді оған автокөлік жүргізушілерінің арасында аса танымал, сұранысы жоғары «қалаулы» және «айнадай» (зеркальный) нөмірлер де кіреді. Осылайша, автокөлік иелері үшін таңдау мүмкіндігі артты. Жаңа онлайн сервис арқылы мемлекеттік нөмірді тапсырыс беру бірнеше минутты ғана алады. Ол үшін азаматтар смартфондағы ХҚКО мобильді қосымшасына кіріп, авторизация жасап, мемлекеттік нөмір таңдау қызметін таңдайды. Қосымшада қажетті әріп пен сан комбинациясын енгізіп,…

Толық оқу
Қазақтар енді телефон нөмірі немесе QR-код арқылы

Қазақтар енді телефон нөмірі немесе QR-код арқылы ақша аудара алады. Ұлттық банк елде мобильді төлемдер мен аударымдарға арналған жаңа банк аралық жүйенің негізін қалады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа жүйенің ең үлкен артықшылығы банк клиенттері бір-біріне қаражат жіберу үшін енді карта нөмірі мен ұзын-сонар реквизит іздеп отырмайды. Ақша аудару үшін алушының телефон нөмірін білу жеткілікті. Төлем бірден, бірнеше секундтың ішінде басқа банктегі есепшотқа түседі. Кәсіпкерлер үшін де тиімді шешім бар. QR-код арқылы төлем қабылдайтын бизнес иелеріне енді бірнеше банктің POS-терминалын қатар орнатып қоюдың қажеті болмайды. Клиент смартфонындағы қосымша арқылы бір ғана QR-кодты сканерлеп, өзіне ыңғайлы банктен бірден төлем жасайды. Ұлттық банк…

Толық оқу
депутат Бапи

Конституциялық реформаның түйткілдерін талқылаған Мәжіліс жиынанда депутат Бапи елге үндеу жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, көпшілік өзгерістің ауқымын толық бағалай алмай отыр. Әлемжеліде көбіне эмоцияға негізделген, сыңаржақ сындар жиі айтылады. «Назарбаев дәуірінде тұншыққан демократия енді ғана тыныс алды. Соның нәтижесінде конституциялық реформалар жасауға, саяси жүйені жаңартуға мүмкіндік туды. Осының астарын түсінбей, құр сынай беру өзіміз аңсаған демократияға жасалған қиянат», – деді ол. Жаңа Конституция жобасына қатысты ең өткір талас тіл мәселесі төңірегінде болып отыр. Депутат тіл мәселесінде халық көзқарасын толық түсінетінін, бұл тақырыпты жабулы қазан күйінде қалдыруға болмайтынын айтты. Дегенмен, бір гәп бар… Қазіргі күрделі геосаяси жағдайды ескеріп, тіл мәселесін…

Толық оқу