Автор: Назым Болатхан

Қазақстанның жаңа Конституциясы қандай болмақ

Қазақстанның жаңа Конституциясы қандай болмақ? Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов реформа жөніндегі комиссияға өзгерістердің тұтас жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа редакциядағы жобада Ата заңның 77 бабына түзету енгізілген. Бұл негізгі заң мәтінінің 84 пайызы өзгеріп, толық жаңарады деген сөз. Қолданыстағы Конституция кіріспе мен 9 бөлімнен, 101 баптан тұрса, ұсынылып отырған жаңа жобада кіріспе, 11 бөлім және 104 бап болады. Конституцияға екі жаңа тарау енгізілмек: «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі». Төрт бөлімнің атауы толық өзгертілді «Жалпы ережелер» → «Конституциялық құрылыстың негіздері»; «Адам және азамат» → «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер»; «Парламент» → «Құрылтай»; «Соттар және…

Толық оқу
Қазақ көрерменінің сүйікті актері

Қазақ көрерменінің сүйікті актері, театр мен кино майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков өмірден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Суық хабарды Михайл Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры жеткізді. Марқұм соңғы уақытта сырқатпен күресіп келіпті. «Өкінішке қарай, адам мүмкіндігі шексіз емес екен. Анатолий Николаевич тек актер емес еді, театрдың жаны, ар-ұяты әрі шын мәніндегі ақсақалы болатын», – деп жазды театр өкілдері. Әлемжелідегі жазба астында жүздеген көрермен көңіл айтып, оның сахнадағы шеберлігін ерекше жылылықпен еске алды. Бірі: «Ақтық сапарыңыз нұрлы болсын», – десе, екіншісі: «Сахна тағы бір жарық жұлдызынан айырылды», – деп мұңайды. Анатолий Креженчуков 1950 жылы 4 наурызда Алматыда дүниеге келген.…

Толық оқу

«Ұлттық қауіпсіздікті шайқаған транзит: Қазақстан банкі арқылы өткен қаражат қайда кетті» деп аталатын материал редакция шешімімен сайттан алынды. Ertenmedia өз оқырмандарына сенімді, тексерілген әрі тәуелсіз контент ұсыну ұстанымын берік сақтайды.

Толық оқу
ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болып, аяз бен көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада қаңтардың 26-сы күні қар жауып, боран соғады. Түнде 20-22 градус суық болса, күндіз ауа температурасы -13-15 градус шамасында сақталады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Қаңтардың 27-сі күні де елордада қар мен бұрқасын жалғасады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 15-17 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен еседі. Ал 28 қаңтарда жауын-шашын тоқтайды. Бірақ аяздың беті қайтпай, күндіз 17-19 градус, түнде тіпті 24-26 градус суық болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Алматыда алдағы екі күнде жауын-шашын жоқ.…

Толық оқу
FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты. Оқиға 24 қаңтар күні Алматы – Орал бағытындағы FS7167 рейсін орындау барысында болған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әуе компаниясы таратқан мәліметке сүйенсек, Орал әуежайына қонғаннан кейін ұшақты толық тексеру үшін Астанадан арнайы инженерлік-техникалық топ шұғыл аттанған. «Барлық техникалық тексерулер мұқият аяқталған соң ғана ұшақтың ұшуына рұқсат берілді. Әуе кемесі 25 қаңтар күні сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта сапарға шықты. Рейс кешіккен уақытта жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын ұсынылып, сұраныс білдірген 33 адам қонақ үйге орналастырылды», – деп түсіндірді FlyArystan өкілдері. Компания өз тарапынан барлық әрекет авиациялық қауіпсіздік пен техникалық талаптарға қатаң сәйкестікте атқарылғанын жеткізіп,…

Толық оқу
Луиш Нани Ақтөбе

Әлем футболының әйгілі жұлдызы, кезінде «Манчестер Юнайтед» сапында жасындай жарқылдаған португалиялық Луиш Нани «Ақтөбе» клубына ауысты. Футболшы Instagram желісінде ақтөбелік командаға келгеннен кейінгі әсерімен бөлісіп, алдағы жоспарын жария етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Карьерамның жаңа белесіне қадам басқаныма қуаныштымын. Клуб иесі Нұрлан Артықбаевқа, басшы Арман Оспановқа және Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа жылы қабылдап, ерекше қолдау білдіргендері үшін алғысым шексіз. Клубтың болашаққа жасаған жоспары қатты әсер етті. Команданы Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге жеткізу үшін бар күшімді саламын», – деп жазды ол. Толық аты-жөні Луиш Карлуш Алмейда да Кунья әлемдік футбол тарихында Нани есімімен белгілі. Ол Португалия ұлттық…

Толық оқу
Көпқабатты үйде темекі тартып

Көпқабатты үйде темекі тартып, түкірініп, қолындағы қоқысты қалаған жеріне тастай салатын тұрғындар бұдай былай қатаң жазаланады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәселен, кіреберісте бірер сағатқа қалдырған қоқыс пәкетінің өзі қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік кодекстің 434-2-бабымен жазаланып, 43 250–86 500 теңге (10–20 АЕК) көлемінде айыппұл салуға не 40–80 сағат қоғамдық жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Кіреберісте шылым шегу де заңсыз. Сигарет, кальян, вейп және IQOS сияқты құрылғыларды пайдаланған адам 64 875–86 500 теңге (15–20 АЕК) ал терезеден тұқыл тастаған тұрғындар 43 250–86 500 теңге (10–20 АЕК) айыппұл арқалайды. Қоғамдық жұмысқа жіберілуі де мүмкін. Ал ішімдік ішіп, подъезде сауық құрғандарға 21 625–43 250 теңге (5–10…

Толық оқу
Қазақстандықтар алдағы уақытта

Қазақстанда зейнетақы төлемдері айтарлықтай өсті. Былтыр ел қазынасынан зейнеткерлерге жалпы сомасы 4 трлн 225 млрд теңге бөлінген. Соның ішінде базалық зейнетақыға 1 трлн 368,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 2 трлн 856,6 млрд теңге жұмсалған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елімізде зейнеткерлердің жалпы саны өткен жылы 2 млн 491 мың адамға жеткен. Орта есеппен алғанда әр зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы 143 143 теңгені құрады. Оның 95 549 теңгесі ынтымақты жүйе бойынша төленсе, 47 594 теңгесі базалық зейнетақы. 2025 жылдан бастап базалық зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне сәйкес 6,5%-ға көтерілсе, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсіп, инфляциядан 2%-ға артық белгіленді. Президент тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап…

Толық оқу
Тоқаев вице президент

Президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатса, билік алдымен вице-президентке өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, мемлекет басшысы қызметінен ерте кеткен жағдайда президенттік міндетті бірінші болып вице-президент атқарады. Егер әлдебір себеппен вице-президент те міндетті атқаруға қабілетсіз болса, бұл жауапкершілік Құрылтай төрағасына, одан кейінгі кезекте премьер-министрге өтеді. Қазіргі Конституцияның 48-бабына сәйкес, президент қызметінен мерзімінен бұрын босаса, міндет Сенат төрағасына жүктеледі. Сенат төрағасы президент міндетін атқара алмаған жағдайда, өкілеттік Мәжіліс төрағасына, одан кейін премьер-министрге өтетіні жазылған. Жаңа өзгерістер бойынша осы тәртіптің орнына вице-президент пен Құрылтай төрағасының атауы…

Толық оқу
Мәди Мырзағараев

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін қысқарту және адвокатура институтының конституциялық мәртебесін бекіту қажеттігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Спикердің айтуынша, жеке бас бостандығы — барлық құқықтың негізі және бұл қағидат Конституцияда нақты тетіктермен бекітілуі тиіс. Қазіргі қылмыстық процесте уақытша ұстаудың ұзақтығы адам құқығына тікелей қатер төндіреді. Мәди Мырзағараев технологиялық мүмкіндіктерді алға тарта отырып, бұл тәжірибені түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Уақытша ұстау — бұл тергеудің алғашқы кезеңіндегі мәжбүрлі, айрықша шара. Бірақ осы уақытша шараның өзі мейлінше қысқа мерзімге ғана қолданылуы тиіс. Ең бастысы — сот қарауына тез арада жеткізу.…

Толық оқу