Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

қазақ қызы

Шетелде жүрсе де, кәсіби біліктілігімен көзге түсіп жүрген қазақ қызының бірі Әсел Аяпова. Ол бүгінде АҚШ-тың AES корпорациясындағы энергетикаға арналған жаһандық дрондық инновациялық бағдарламаның директоры қызметін атқарады. Сондай-ақ ол Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясының және Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі деп хабарлайды Ertenmedia.kz Егеменге сілтеп. Әсел жетекшілік еткен бағдарлама АҚШ энергетикасы мен ғаламдық ұшқышсыз авиация саласында үлкен жетістікке жетті. Оның командасы халықаралық «AUVSI Award 2018» сайысында екінші орын алса, тағы бір беделді жарыста үздік үштік қатарынан көрінді. Осылайша, қазақ қызы өз кәсібилігін жаһандық деңгейде дәлелдеп отыр.

Толық оқу
Тоқаев 8 наурыз

Президент Тоқаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың қоғамдағы ерекше орнын атап өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Әйелдер қоғамның сарқылмас рухани байлығы, даналық пен қуаттың қайнар көзі. Олар тек шаңырақтың берекесі ғана емес, сонымен қатар жас буынның дүниетанымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді Мемлекет басшысы. Алайда Президент өз құттықтауында тек мерекелік тілектермен шектелмей, Конституция мен саяси реформалардың маңызын тағы бір еске салды. «Қазақстан қазір халық тағдырын айқындайтын ауқымды жаңғыру жолына түсті. Жаңа Халықтық Конституция жобасының негізінде мемлекетіміздің тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығы, азаматтардың мүдделері мен құқықтары жатыр. Конституция жобасы ана мен баланы қорғауға, отбасы және неке институтын…

Толық оқу
Тоқаев әзербайжан

Президент Тоқаев Иран аумағынан Әзербайжанның Нахшыван қаласына жасалған дрон шабуылын қатаң айыптады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, Тоқаев әлгі әрекетті бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы бағытталған акті деп атаған. Мемлекет басшысы оқиғаның жан-жақты және объективті тергеліп, Теғранмен бірлесе дипломатиялық жолмен шешілуіне үміт білдірді. Ол шиеленістің одан әрі ушығуына жол бермеу керектігін атап өтті. Еске салсақ, бұған дейін Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Иран аумағынан ұшырылған екі дронның Нахчыван автономиялық республикасына кіріп, бірі әуежай терминалының ғимаратына, екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп маңына құлағанын мәлімдеген. Шабуыл салдарынан төрт адам жарақат алды. Әзербайжан президенті Ілхам Әлиев оқиғаны «лаңкестік әрекет» деп бағалап,…

Толық оқу
АҚШ пен Иран соғысы

Бейжің мен Теғранның тактикалық «тұзағы» АҚШ пен Израилдің стратегиялық әлеуетін сарқып жатыр. Осы туралы тың деректер мен инсайдттар халықаралық қауіпсіздік саласында қызу талқыға түсе бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Иранның қазіргі әрекеті Қытайдың жасанды интеллект технологиясы және спутниктік қолдауымен жүзеге асып отыр. Операцияның мәні пластик пен ағаштан жасалған арзан әрі жалған әскери нысандарды пайдалану арқылы АҚШ пен Израильді құны миллиондаған доллар тұратын зымырандарын текке рәсуәлауға мәжбүрлеу. «Жалған нысандардың» ішінде зымыран қондырғылары, ұшақтар мен радиолокациялық станциялар бар. Әскери сарапшылардың пікірінше, осы әдіс қаржылық және әскери тұрғыда зор шығынға әкеп соғады. Мәселен, құны бірнеше мың доллардан аспайтын муляждарға қарсы америкалық «Patriot» зымырандарының құны…

Толық оқу
Ресей генерал

Ресейде тағы бір жоғары шенді генерал, бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгудың бірінші орынбасары Руслан Цаликов тұтқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Цаликовқа бюджет қаржысын жымқыру мен пара алуға байланысты барлығы 14 қылмыстық эпизод бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, генерал 12 рет мемлекет қаржысын талан-таражға салып, заңсыз табыс тапқан және 2 рет ірі көлемде пара алған деген күдік бар. Тұтқындаудың басты себебі Қорғанминнің тағы бір орынбасары Тимур Ивановқа қатысты қозғалған қылмыстық іспен байланыстырылып отыр. Бір жыл бұрын Цаликов дәл сол Ивановқа қарсы куәлік еткен болатын. Ивановтың өзі 1,185 миллиард рубль пара алды және 4 миллиард рубльден астам қаржыны банк арқылы жымқырды деген…

Толық оқу
Иран дрондары

Иран Сыртқы істерінің орынбасары Казем Гарибабади Нахчыванға жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді. Дипломат шабуылдың көрші елдерге емес, әскери базаларға бағытталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Иран Ислам Республикасы көршілес елдердің аумағына ешқашан соққы жасамайды. Біздің нысанамыз  тек АҚШ пен сионистік режимдердің әскери базалары. Аймақта Иранға қарсы пайдаланылатын әскери базалар орналасса, біз оларға соққы береміз деген ұстанымымызды бұрыннан ашық айтып келеміз», – деді Гарибабади AnewZ агенттігіне берген сұхбатында. Сонымен қатар, Иран өкілі аталған оқиға жан-жақты тексерілуі тиіс екенін атап өтті. Еске сала кетсек, 5 наурыз күні Әзербайжанның Нахчыван автономиялық республикасының аумағына Иран территориясынан ұшырылған екі дрон кіріп, біреуі әуежайдың терминалына соғылған,…

Толық оқу
жаңа ата заң

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында еліміздің белсенді азаматтары тәуелсіз бақылаушылар ұйымдарын құрып, маңызды саяси шараға даярлықтарын күшейтуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы өздерінің мақсат-міндеттері туралы мәлімдеме жасады. Аталған ұйымның мүшелері, саясаттанушылар Нұрболат Нышанбай, Бекнұр Кисиков, Исламбек Дастан және Нұргелді Әбдіғани бірқатар өңірлерде тәуелсіз бақылаушыларды оқыту жұмыстарын ұйымдастырып жатқанын хабарлады. «Біз Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Түркістан сияқты ірі қалаларда бақылаушыларды даярлап, оқытудамыз. Біздің қатарымызда тәуелсіз бақылаушылық институтын Қазақстанға алғаш әкелген саясаткер Дос Көшім, Бекнұр Кисиков секілді тәжірибелі тұлғалар бар. Тәуелсіз бақылаушы деген – қоғамның сергек саналы азаматы. Әрбір белсенді азамат бұл…

Толық оқу
Ермек Көшербаев

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжандағы әріптесі Жейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Иранның Нахчыванға жасаған дрон шабуылын талқылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзербайжан тарапы Иранның бүгін Нахчыван автономиялық республикасына жасаған шабуылынан мәлімет берді. Бейбіт тұрғындардың зардап шегіп, азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келгенін жеткізді. Жейхун Байрамов әлгі әрекет Әзербайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғу болып табылатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар Баку ресми Теғраннан болған оқиғаға байланысты шұғыл түрде ресми түсініктеме беруді, кешірім сұрауды және мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін жедел шара қабылдауды талап етіп отырғанын айтты. Еліміздің сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев өз кезегінде жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ахуалдың…

Толық оқу
АҚШ Иран соғысы

Ташкентте өткен баспасөз мәжілісінде Иранның Өзбекстандағы елшісі Мохаммад Әли Искандари АҚШ пен Израильді қатаң сынап, Тегеранның әрекеттері мен саяси жүйесін қорғап сөйледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Біз АҚШ-пен де, Израильмен де соғысып жатқан жоқпыз. Біз әлемді өз меншігі санайтын, агрессиялық көзқараспен күрес жүргізудеміз», – деді Искандари. Елші соғыс басталған уақытта дипломатиялық келіссөздер әлі жалғасып жатқанын айтып, қақтығысты Иранның бастамағанын ерекше атап өтті. «Бұл соғыс келіссөз үстінде басталды. АҚШ Израильге қырық жыл бойы осы қақтығысқа дайындалуға көмектескен», – деді ол. Елшінің пікірінше, Иранның Жоғарғы басшысына жасалған шабуыл дипломатиялық үдерістерге нұқсан келтіріп, халықаралық құқықты өрескел бұзған. «Бұл ма, бұл дереу қауіптің алдын алу…

Толық оқу
шетел валютасына сұраныс

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 5 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 493,36 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткішпен салыстырғанда бірден 6,13 теңгеге төмен деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің ресми бағамы 5 наурызда 499,83 теңге болып белгіленді. Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі сәтте Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы мынадай: Алматыда: Сатып алу – 491,75 теңге; Сату – 494,66 теңге. Астанада: Сатып алу – 491,01 теңге; Сату – 498,01 теңге. Айта кетсек, бұған дейін Ұлттық банк ақпан айындағы теңге бағамының өзгеруіне қатысты түсініктеме берген болатын. Ақпанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 0,7 пайызға нығайып, бір доллар үшін 497,69…

Толық оқу