Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

алматы кептеліс

Оң жақ рульді таксиге тосқауыл қойылды. Қазақстанда 70 мың автокөлік платформаға кіре алмайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2024 жылы Ішкі істер министрлігі, «Яндекс.Такси» және inDrive компаниялары өзара әріптестік жөнінде меморандумға қол қойып, ел аумағында оң жақ рульді көліктердің такси ретінде қолданылуын кезең-кезеңімен тоқтатуды бастаған еді. Бұл туралы депутаттық сауалға берген жауабында Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр еске салды. Оның айтуынша, әлгі қадам жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде бүгінде интернет-платформаларға оң жақ рульді 70 мыңнан астам көліктің кіру мүмкіндігі шектелген. Осы бағыттағы жұмыстар аясында бірқатар заңнамалық өзгерістер де әзірленді. Атап айтқанда: Рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көліктердің такси ретінде…

Толық оқу
Иран соғыс АҚШ

Иранның рухани көсемі Әли Хаменей АҚШ пен Израильдің бірлескен соққысынан қаза тапқанын жазғанбыз. Бүгін Теғрандағы билік тізгіні марқұмның ұлы Можтаба Хаменейге көшті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Iran International-дың мәліметінше, әзірдегі тағайындау қалыпты мұрагерлік емес, соғыс жағдайындағы шешім. Елдің Жоғарғы көшбасшысын сайлауға жауапты Сарапшылар кеңесі шешімді Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қысымымен қабылдаған. Шешім әзірге ресми жарияланбай, Әли Хаменей жерленгеннен кейін хабарланады. КСИР Можтабаны не үшін таңдады? Қазіргі таңда Иранның қауіпсіздік күштері ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін толық бақылауға ие болуы тиіс. Бұл ең алдымен әскерилер арасындағы алауыздықты тоқтатып, біртұтас басқару жүйесін сақтаудың қамы. Екіншіден, режимнің ішкі легитимдігін қамтамасыз ету. Әсіресе, режімнің…

Толық оқу
конституция

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Атырау облысын барды. Ұйым мүшелері қоғам өкілдерімен, мұнайшылармен, жастармен және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесуде Ерлан Қошанов алдағы референдумның тарихи маңызына тоқталып, жаңа Конституция Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси реформалардың жалғасы екенін атап өтті. «Жаңа Ата заң – бұл қоғам сұранысына жауап. Бұған халықтан 10 мыңнан астам ұсыныстың түсуі дәлел. Жаңа Конституцияда «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы нақты бекітіледі», – деді Мәжіліс төрағасы. Жергілікті жұртшылық үшін жаңа Конституциядағы еңбек құқықтарын қорғау, әділ еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер мәселесі маңызды екені…

Толық оқу
АҚШ Израиль

АҚШ Иранға қарсы әскери операцияны бастарда шектеулі әрі нақты мақсатты көздеп отыр және күшпен режимді ауыстыруды мақсат етпейді. Осылай деп АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Элбридж Колби Сенатта өткен тыңдауда мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дегенмен ол Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза табуына қатысты тікелей пікір білдіруден бас тартты. «Мен тек америкалық әскери операцияның мақсаттары туралы айтып отырмын. Аталған әрекеттер Израильдің операциясы», – деді Колби Сенаттың қарулы күштер комитетінде. Қазір Трамп әкімшілігі соғыстың негізгі жауапкершілігін Израильге ысыруға ұмтылуда. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, АҚШ Иранға соққы жасауды Израильдің жоспарланған әрекетіне жауап ретінде алдын ала қабылдаған. «Егер біз алдын ала әрекет…

Толық оқу
Дубайда не болып жатыр

Қазақстанның Көлік министрлігі мен отандық әуе компаниялары Таяу Шығыста қалған азаматтарды елге жеткізу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 3 наурызда FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі рейс орындап, 306 қазақстандықты елге жеткізді. Оның 151-і Астанаға, 155-і Алматыға қонды. «Air Astana» әуе компаниясы Сауд Арабиясынан жоспарланған эвакуациялық рейстерді іске қосты. Бүгін Мединадан екі Airbus A320 ұшағымен 290 азамат, Джиддадан екі Airbus A321 ұшағымен 339 азамат эвакуацияланады. SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат (Оман) – Алматы бағытындағы рейсті жоспарлап отыр. Boeing 767 ұшағымен орындалатын рейстің сыйымдылығы – 290 адам. Ұшақ Алматыдан жергілікті уақыт бойынша 19:00-де ұшады. Министрліктің…

Толық оқу
Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың алғашқы екі айындағы салық түсімдері туралы есеп берді. Қаңтар-ақпан айында жиналған қаражат көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,4%-ға, ал жоспарланған сомадан 13,7%-ға жоғарылаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жылдың алғашқы екі айында қазынаға 2,98 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 677,5 млрд теңгеге көп. Айта кетерлігі, өсімге биылғы жаңа Салық кодексінде көрсетілген жоғары мөлшерлемелер (ҚҚС-ның 12%-дан 16%-ға, сондай-ақ банктер мен казино үшін КТС-тің 20%-дан 25%-ға өсуі) әлі әсер ете қойған жоқ. Комитеттің түсіндіруінше, бизнес былтырғы төртінші тоқсан үшін салықты 25 ақпанда ескі мөлшерлемемен төлеген. Сондықтан қаңтар-ақпандағы деректер республикалық бюджеттің қазіргі жай-күйін айқын көрсетеді. Бюджеттің негізгі…

Толық оқу
ауа райы алматы шымкент

Алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етіп, жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауып, кей аймақтарда боран мен көктайғақ болады. Әсіресе, 4 наурыз күні елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын күшейіп, көбіне жаңбыр түрінде түседі деп күтілуде. Жел екпіні де күшейеді. «Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Сонымен қатар температура біртіндеп жоғарылайды», – деп хабарлады мамандар. Бүгін елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауса, солтүстік және шығыс аймақтарда 30 градусқа дейінгі аяз сақталуда. Алдағы тәулікте Астанада қар мен боран күтілсе, Алматыда күннің соңына қарай жаңбыр жауады. Шымкентте жауын-шашын болып, ауа температурасы…

Толық оқу
Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстанның білім беру жүйесінен БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) және ТЖБ-ны (тоқсандық жиынтық бағалау) толық алып тастау әзірге қарастырылмайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрлік қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесі объективтілік және әділдік принциптеріне негізделгенін атап өтті. Бағалау рәсімдері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер шеңберінде жүзеге асырылып, олардың тиімділігі үнемі бақылауда болады. Дегенмен ведомство жанынан білім саласының сарапшылары, ғалымдар мен қоғам өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар БЖБ мен ТЖБ өткізу форматын қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірлемек. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша бағалау рәсімдерінің сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар дайындалады деп жоспарлануда. Осылайша БЖБ мен ТЖБ-дан толық бас тарту жоспарда жоқ, бірақ бағалау форматы…

Толық оқу
Ирандағы жағдай

Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Тегеран Уашиңтонмен келіссөздерді қайта жандандыруға ұмтылуда деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әли Лариджани желідегі парақшасында Иранның Оман арқылы АҚШ-пен келіссөз жүргізуге әрекет жасағаны туралы The Wall Street Journal-дың ақпаратына жауап берді. «Біз АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейміз», – деп кесіп айтты Лариджани. Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран туралы мәлімдемелерін де сынға алды. «Аймақты өз елестерімен бейберекетсіздікке ұшыратқан Трамп қазір америкалық әскерилердің өліміне алаңдап отыр. Өзінің «Америка бірінші» деген ұранын «Израиль бірінші» ұранына алмастырып, Израильдің билікқұмарлығы үшін америкалық сарбаздарды құрбан етті», – деді Лариджани. Сондай-ақ, ол Трампты «жаңа өтіріктері…

Толық оқу
Astana English School

Астанадағы №81 мектептің директоры мен бас бухгалтері мемлекетке 600 миллион теңгеге жуық залал келтіргені үшін сотталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жақында Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Astana English School мектебін 10 жылдан астам уақыт басқарған 65 жастағы Гүлнар Садықова мен осы мекеменің 41 жастағы бас бухгалтері Айжан Атжановаға қатысты үкім шығарды. Журналист Михал Қозачковтың мәліметінше, директор мен бас бухгалтер бірнеше жыл бойы түрлі заңсыз әрекеттер арқылы қомақты қаражат тапқан. Мысалы… Мемлекеттік мектепте «өлі жандар» әдісі қолданылған: алты адам ресми түрде жұмысқа тіркелгенімен, мектепте бір рет те төбе көрсетпеген. Олардың жалақысын директор Садықова өзі алып отырған. Тек осы әдіспен бюджетке…

Толық оқу