Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елде әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық туралы суық хабарлар жиілеген тұста арнайы мәлімдеме жасады. Дін қайраткері әйелге қол көтеру ерлікке жатпайтынын айтып, ер азаматтарды ашуын ақылға жеңдіруге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас мүфтидің айтуынша, адамның өз отбасында жәбір көріп, қорлыққа ұшырауы айрықша ауыр. Өйткені отбасы қорқыныш ордасына емес, әр адам өзін қауіпсіз сезінетін мекенге айналуға тиіс. «Әйел бір шаңырақтың шырағы. Біреудің аялап өсірген қызы, біреудің асыл анасы, біреудің сүйікті жары. Ол жаңа түскен шаңырағына қорғаныш пен жылулық іздеп келеді. Сондықтан ер азаматтың міндеті оған қорқыныш емес, қамқорлық сыйлау», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. ҚМДБ төрағасы Мұхаммед пайғамбардың…

Толық оқу
Қазақстанда 20 тамыздан бастап қандай смартфондар бұғатталады

Қазақстанда 20 тамыздан бастап IMEI-коды расталмаған смартфондарды сатуға тыйым салынады. Шектеу Apple, Samsung немесе Xiaomi секілді белгілі бір брендке емес, мемлекеттік жүйеде верификациядан өтпеген әрі елге заңды әкелінгені расталмаған құрылғыларға қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа талаптар 2026 жылғы 19 маусымда қабылданған телекоммуникация нарығын дамыту туралы заңда бекітілген. Негізгі нормалар ресми жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Енді сатушы телефонды сатып алушыға ұсынбас бұрын оның IMEI-кодын арнайы мемлекеттік базадан тексеруге міндетті. Тексеру кезінде құрылғының верификациядан өткені, бұғатталмағаны және Қазақстанның ұялы байланыс желісінде қолдануға шектеу қойылмағаны анықталады. Сатушы: телефонның барлық IMEI-кодын сатып алушыға төлем жасалғанға дейін көрсетуге; кодтарды қағаз…

Толық оқу
Қазақстандықтар алдағы уақытта

Қазақстандықтар 7 қыркүйектен бастап міндетті және міндетті кәсіптік жарна есебінен жиналған зейнетақы қаражатының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компанияларға бере алады. Қазір мұндай мүмкіндік жинақтың 50 пайызымен шектелген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп салымшыға зейнетақы активін кім басқаратынын өзі таңдауға жол ашады. Азамат жинағын Ұлттық банктің басқаруында қалдыра алады немесе инвестициялық портфельді басқарушыға сеніп тапсырады. Ең маңызды өзгеріс қаражатты жеке басқаруға беру кезінде ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді. Демек, салымшы жинағы белгіленген межеден аспаса да, оны басқарушы компанияға аудара алады. Алайда ақша қолға берілмейді және зейнетақы шотынан шығарылмайды. Қаражат БЖЗҚ жүйесінде қала береді, тек оны инвестициялау міндеті Ұлттық банктен таңдалған…

Толық оқу
айгүл орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Қазақстанда әйелді төмен санап, оны еркектің ырқына бағындыруды насихаттайтын теріс діни ағымдардың ықпалы қайта күшейіп келе жатқанын мәлімдеді. Оның пікірінше, отбасындағы зорлық-зомбылықты жеке адамның ашуымен түсіндіру жеткіліксіз. Қасіреттің тамырында әйелді адам емес, еркектің меншігі ретінде қабылдайтын қауіпті түсінік жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орынбек мұндай идеологияның салдары туралы 15 жылдан бері айтып келе жатқанын еске салды. Сол кезде теріс ағымдарға қарсы шыққаны үшін өзін «діннің дұшпаны» деп айыптағандардың енді әйелдердің басындағы қасіретке жауап беретін кезі келгенін айтты. «Мен он бес жылдан бері күресіп келе жатқан теріс ағымдардың нәтижесін ұлтымыз енді көріп жатыр. Көздерің жетті ме? Қайдасыңдар, тек…

Толық оқу
арман шораев головкин

Танымал саясаткер Арман Шораев ресейлік боксшыларға халықаралық жарысқа қатысуға рұқсат берген World Boxing федерациясының президенті Геннадий Головкиннің ойына үн қатты деп жазады Ertenmedia.kz. World Boxing атқарушы комитеті 30 шілдеде орыс боксшыларына қойылған шектеулерді алып тастаған. Бұдан былай Ресей өкілдері халықаралық жарыстарға бейтарап мәртебемен емес, өз елінің туы мен әнұранын пайдаланып қатыса алады. Головкиннің шешімі басқыншы елдің саясатын қолдамайтын көпшілік тарапынан қатты қарсылыққа ұшырауда. Осы жайтты еске салған Шораев Головкинге қарата, «есің барда, еліңді тап» деп отыр. «Бір ғана шешіміңмен, осыған дейінгі сый-құрметіңді шелектеп төгіп тастадың. Бүкіл ар-абыройыңды туалетке ағыза салдың. Сен үшін таңғы алтыда төсегінен түрегеліп, қолдау көрсеткен қаншама қазақтың…

Толық оқу
жөргекпұл 2026

Қазақстанда бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы биыл 10 пайызға өсті. Ал жұмыс істейтін ата-аналарға төленетін декреттік төлемнің орташа мөлшері 1,2 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңге болып белгіленді. Соған сәйкес, ел арасында жөргекпұл аталып кеткен біржолғы жәрдемақының мөлшері: бірінші, екінші және үшінші балаға 164 350 теңге; төртінші және одан кейінгі әр балаға 272 475 теңге. Егіз, үшем немесе одан көп сәби дүниеге келсе, жәрдемақы әр балаға жеке есептеледі. Мәселен, тұңғышы егіз болған отбасы екі бала үшін жалпы 328 700 теңге алады. Жөргекпұл ата-ананың жұмыс істейтініне…

Толық оқу
меркі мадина

Жамбыл облысының Меркі ауданында көз жұмған 19 жастағы Мәдина Рашидқызы 17 тамызда жер қойнына тапсырылды. Күйеуінен кетуге қамданып, жолға 15 мың теңге іздеген жас ананың артында сегіз айлық сәбиі қалды. Полиция оның өліміне байланысты өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәдина Өзбекстан азаматы болған, ал күйеуі Қазақстан азаматы. Екеуі екі жылға жуық отасқан. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның құрбысы Зейнеп Мұсахожанова Threads желісінде олардың хат алмасуын жариялап, Мәдинаның отбасындағы жанжал мен күйеуінің қол көтеретіні жөнінде бұған дейін де бірнеше рет айтқанын жеткізді. Соңғы кикілжің бір «Барни» бисквитінен басталған. Мәдинаның жазуынша, күйеуі тәттіні баласына әкелген, ал…

Толық оқу
қате айыппұл

Қазақстанның республикалық трассаларында жылдамдықты асырды деген қате айыппұл алған жүргізушілерге полицияға барып, кінәсіз екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Ішкі істер министрлігі жаңсақ рәсімделген нұсқамалардың автоматты түрде жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Техникалық ақау 13–14 тамыз аралығында Бас прокуратураның Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі — ЕРАП ақпараттық жүйесінде болған. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру деректерінің бір бөлігі нұсқамада бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате көрсетілген. «Нәтижесінде орташа жылдамдықты асыруға қатысты кейбір құқық бұзушылық бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде жаңсақ рәсімделді», — деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов. «ҚазАвтоЖол» республикалық трассалардағы бақылау кешендері қалыпты жұмыс істегенін атап өтті. Құрылғылар көлік жылдамдығын…

Толық оқу
ресей санкция

Еуроодақ күзде Ресейге қарсы санкцияның жаңа толқынын әзірлеп жатыр. Жобаға мүше 27 мемлекеттің бәрі келіссе, қара тізімдегі ресейлік азаматтар, компаниялар мен ұйымдар саны бірден шамамен үштен бірге көбейеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Калластың айтуынша, Брюссель Украинадағы соғыс басталғалы бергі ең ауқымды дербес санкциялар тізімін ұсынбақ. «Путин? Еуроодақ санкциялары Кремль үшін қымбатқа түсті. Ресейдің соғыс машинасы бір триллион еуродан астам қаржыдан қағылды. Күзде мен соғыс басталғалы бергі ең кең санкциялық тізімді ұсынамын. Ол қабылданса, шектеуге іліккен ресейлік құрылымдардың жалпы саны бірден үштен бірге артады. Мәскеу соғысты тоқтатқанша қысым күшейе беруге тиіс», – деді Каллас. Reuters-тің…

Толық оқу
Тоқаев Ақордадағы жиын

Ақордада президент Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және алдағы үш жылға арналған бюджетті жоспарлау мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы 2027–2029 жылдардағы бюджетте инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар құрылысына басымдық беруді тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты. Президентке экономикадағы қазіргі ахуал, 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және осы кезеңдегі республикалық бюджеттің негізгі параметрлері баяндалды. Бектенов? Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына биылға белгіленген экономикалық өсім…

Толық оқу