Қазақстанда жаппай тексерістен кейін 700-ден аса автомектептердің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрлігі жүргізген рейд жүргізуші дайындайтын жүйенің өзінде қордаланған олқылық аз емес екенін көрсетті. Елде қанша автомектеп жұмыс істеп тұр Ресми дерекке сай, қазір Қазақстанда 727 автомектеп бар. Алайда соларға жүргізілген тексеріс нәтижесі саладағы тәртіп қағаз жүзінде бір басқа да, шынайы жағдайда мүлде басқа екенін аңғартты. Тексеріс нені ашты Бақылау барысында бірқатар өрескел кемшілік анықталған. Кей автодромда жол таңбасы жоқ. Кей жерде жол белгілері қойылмаған. Жарықтандыру нашар. Оқу көліктерінің техникалық жай-күйі де сын көтермейтін жағдайлар тіркелген. Осы олқылықтың өзі-ақ мәселенің жай формалдықта емес екенін көрсетеді. Жолға…
Автор: Назым Болатхан
Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге бағытталған маңызды заң жобасы талқыланып жатыр. Заңға енетін өзгерістер мәслихат депутаттарының өкілеттігін кеңейтіп, халықтың жергілікті басқаруға тікелей араласу мүмкіндігін арттырмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Заң жобасының басты ерекшелігі жергілікті қоғамдастық жиналыстары мен жиындарының нақты айырмашылығын анықтап беру. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, жиналыс бұл өзін-өзі басқарудың тұрақты органы, ал жиын тұрғындардың тікелей қатысу формасы ретінде белгіленеді. Сондай-ақ аумақтық кеңестердің құрылуы мен қызметі нақты айқындалып отыр. Бұған дейін бұл норма нақты жұмыс істемеген. Енді аталған кеңестердің қызметі жанданбақ. Яғни, ауылдар мен қалалардың тұрғындары өз аумағын басқаруға белсенді түрде араласа алады. Сонымен қатар, мәслихат депутаттарының өкілеттіктері біршама кеңейтілмек.…
Қазақстанда су тұтынуды есепке алудың жаңа тәртібі күшіне енді. 27 наурыздан бастап елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау аясында су есептегіштерін цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Енді есептеу құрылғылары көрсеткіштерді өздігінен жіберіп отыратын «ақылды» форматқа көшеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Реформаның негізгі мақсаты елдегі су ресурстарын толықтай цифрлық бақылауға алып, көрсеткіштерді бірыңғай Smart Turmys платформасында жинақтау. Krisha-ның дерегінше аталған жүйе қазір әзірлену үстінде және болашақта барлық коммуналдық қызметтерді судан бөлек, жылу мен электр энергиясын да қамтиды. Жаңашылдыққа сәйкес, үйге кірер ауыздағы жалпы есептегіштер де, жеке пәтерлердегі құрылғылар да біртіндеп жаңартылады. «Ақылды» су есептегіштерінің басты ерекшелігі көрсеткіштерді қашықтан жіберіп қана қоймай, суды қашықтан…
Шымкентте ауқымды рейд жүргізушілерге екі жақтан қысым түсірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әуелі мыңдаған адам әкімшілік жазаға ілікті, артынша көлікке қажетті қарапайым қауіпсіздік заттарының бағасы күрт өсіп кетті. Соның салдарынан айыппұлдан сескенген жұрт автомагазинге лап қойып, нарықта бір күндік дүрбелең туды. Екі күнде мыңдаған заңбұзушылық тіркелді Жедел-профилактикалық шараның алғашқы 48 сағатында Шымкент полицейлері 3625 құқықбұзушылық дерегін тіркеген. Негізгі себеп көлікте жол ережесі талап ететін міндетті қауіпсіздік жиынтығының болмауы. Қолданыстағы талап бойынша әр жүргізушінің көлігінде толық медициналық дәрі қобдишасы, жарамды өртсөндіргіш, апат белгісі және жарық қайтаратын жилет болуы тиіс. Әсіресе тасжолда түнгі уақытта көліктен шығатын адам үшін әлгі жилет міндетті саналады. Көп…
Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемін 150 мың теңгеге көтеру мәселесі бойынша шешім осы жылдың соңына дейін қабылдануы мүмкін. Дегенмен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жаңа жалақы жүйесін бекітудің бірнеше маңызды кезеңдері бар екенін еске салды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақы көлемін арттырудың негізгі шарты оны есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеу және бекіту. Қазір бұл әдістеме медиандық жалақы деңгейін, еңбек өнімділігінің өсу қарқынын және ел экономикасының жалпы көрсеткіштерін негізге ала отырып дайындалып жатыр. Мұндай тәсіл ең төменгі жалақыны елдегі нақты экономикалық жағдайға сай анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, министрлік халықтың жаңа жалақы мөлшеріне қатысты асығыс шешім күтпеуін…
Жазғы демалыс маусымы қарсаңында қазақстандықтар жиі саяхаттай бастайды. Бірі демалыс орындарына асықса, енді бірі туған-туысына барады. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз мезгілінде қосымша пойыздарды іске қоспақ. Бұл туралы ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Ertenmedia.kz хабарлайды. Компанияның мәліметінше, биыл жазғы маусымда 13 бағыт бойынша қосымша пойыз жүре бастайды. Аталған пойыздардың 9-ы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан Алакөлге қатынайды: №254/253 Астана – Достық; №207/208 Алматы-2 – Достық; №221/222 Алматы-2 – Достық; №211/212 Алматы-2 – Достық; №457/458 Семей – Достық; №459/460 Өскемен – Достық; Алматы – Достық (№21/6942/6941/22 пойыздар құрамында); Қызылорда – Достық (№21/6942/6941/22 пойыздар құрамында); Павлодар – Достық (№31/6942/6941/32 пойыздар құрамында). Сондай-ақ…
Қазақстанда ынтымақты зейнетақының мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жиналған еңбек өтіліне тікелей байланысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсіресе әйелдер үшін туған жылына қарай белгіленген арнайы еңбек өтілі межесі бар. Сол көрсеткіш кейін төленетін зейнетақы көлеміне елеулі ықпал етеді. 1998 жылға дейінгі өтіл не үшін маңызды Қазақстанда 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесі өзгеріп, жинақтаушы модельге көшу басталды. Содан бері негізгі рөлді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті жарна атқарады. Соған қарамастан, азаматтар үшін республикалық бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы сақталып қалды. Оның көлемі дәл 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қарап есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, сол кезеңге дейінгі еңбек өтілі неғұрлым…
Қазақстандағы тасжолдарда соның ішінде Жетісу облысында, лазерлі қауіпсіздік жүйелері енгізіле бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа технология жарық сызықтарын тікелей жол бетіне түсіріп, жүргізушінің кеңістікті жақсырақ бағдарлауына көмектеседі. Мамандар осындай шешім жол апатын айтарлықтай азайтуы мүмкін деп отыр. Әңгіме жол төсемінің үстіне анық көрінетін жарық бағдарын түсіретін арнайы құрылғылар жайында. Жобаны «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы іске асырып жатыр. Бұл не үшін керек? Сала өкілдерінің айтуынша, мұндай жүйе жүргізушіге қозғалыс бағытын дәлірек ұстауға, жол жағдайындағы өзгеріске жеделірек жауап беруге және әсіресе ұзақ, бірсарынды учаскелерде зейінді жоғалтпауға жәрдемдеседі. Лазерлі бағдар түнгі уақытта және көріну деңгейі нашарлаған сәтте айрықша тиімді саналады. Жарық сызығы жүргізушінің көз…
Бектенов үкіметі шетелдіктердің елге кіруі мен құжат рәсімдеу тәртібін қайта қарап, бірқатар талапты жеңілдетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа өзгеріс инвестиция тартуға, білікті кадр әкелуге және экономиканың шешуші салаларын күшейтуге бағытталған. Жеңілдетілген тәртіп бірнеше санатқа арналған. Атап айтқанда, инвесторлар мен кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, сұранысқа ие маман иелеріне, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысатын шетел азаматтарына жаңа мүмкіндік берілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өзгерістер инвестициялық және жеңілдетілген режим аясында іске асырылады. Яғни мемлекет сырттан келетін капитал мен кадрды бұрынғыдан да нысаналы түрде тартуға көшіп отыр. Не белгілі? Жаңа тәртіп аясында қарастырылған басымдық та аз емес. Олардың қатарында арнайы виза…
Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) мен Qazaqgaz ұлттық компаниясы Ақтөбе облысында орналасқан «Северный-1» алаңында мұнай-газ қорын барлау бойынша міндетті келісімшартқа қол қойды. Бектенов үкіметі аталған кеніш елдің мұнай-газ өндірісіндегі ірі орталыққа айналады деп үміттеніп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Qazaqgaz ақпаратына сәйкес, жаңа кеніш Бұлаш және Бозоба кен орындарымен шекаралас жатыр. Бұған дейін жүргізілген зерттеулер аумақтарда көмірсутек қорлары 5000-6200 метр тереңдікте екенін анықтаған. Келісімшарт шарты бойынша CNPC барлау жұмыстары үшін 3,5 миллиард теңге (шамамен 7,4 млн доллар) инвестиция салады. Бұл қаражатқа компания алдымен 2D және 3D сейсмикалық зерттеулер жүргізеді. Келесі кезеңде негізгі барлау ұңғымасы бұрғыланып, қажет болса көлденең ұңғымалар да қазылады.…










