Еліміздің басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, кең аумақты антициклон ықпалымен ауа райы құрғақ әрі жылы болады. Алайда солтүстік пен шығыста атмосфералық фронт әсерінен қар мен жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі байқалмақ. Республика аумағында кей жерлерде тұман түседі. Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін жоғарылайды. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн салқындау – −2 мен +5 градус аралығында болады. Бүгін бірқатар өңірде қар, жаңбыр жауып, жел күшейген. Астанада күндіз −1…+1 градус айналасында көктайғақ, Алматыда −2 градус шамасында көшпелі бұлт шыққан. Шымкентте тұман түсіп,…
Автор: Самал Жолжаксын
Ақордада президент Тоқаевтың төрағалығымен «Digital Qazaqstan» жобасының жүзеге асырылуына арналған жұмыс жиыны өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мемлекеттік органдарға ауқымды міндет жүктелген. Әсіресе, қазақстандық IT-бизнесті қолдап, оны дамытуға ерекше көңіл бөлінуі қажет. «Осы бағытта айтарлықтай шаруа атқарылды. Astana Hub базасында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалды, отандық IT-қызмет экспортының көлемі бір миллиард долларға жақындады. Мемлекеттік қолдауды экспортқа бағытталған әрі зияткерлік меншік қалыптастыратын жобалар алуы керек», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласында жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуді маңызды деп санайды. Оның пікірінше, нақты сектордағы жасанды интеллектіні қолдану елдің технологиялық тәуелсіздігі мен экономикалық дамуының өзегіне айналмақ.…
Иранда тұратын этникалық қазақтар АҚШ пен Израиль тудырған қақтығыстың қысымына қарамастан Қазақстанға көшуге ықыласты емес деп хабарлайды Ertenmedia.kz Теғранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Жоқардың мәлімдемесіне сүйеніп. 12 наурызда өткен баспасөз мәслихатында елші Жоқардың айтуынша, Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті халықпен етене араласып, елмен тағдырын берік байланыстырған. «Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті қоғамға терең сіңісіп, өздерін ирандықтардан бөліп қарамайды. Тіпті 40 жыл бұрынғы Саддам Хүсейннің агрессиясы тұсында да қазақтар ирандықтармен бірге ел қорғауға шыққан», – дейді елші. Жоқардың сөзіне қарағанда, елшілікке түсетін сауалдардың дені екі ел азаматтарының сапары, іскерлік байланыстар және күнделікті тұрмыс-тіршілік мәселелерімен байланысты. Каспийдегі қауіпсіздік тақырыбына да тоқталған елші Иранға қатысты…
Air Astana әуе компаниясының 2025 жылғы таза пайдасы бірден 72,5 пайызға қысқарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компанияның Қазақстан қор биржасындағы есебіне қарағанда, өткен жылдың таза пайдасы 13,6 млн долларды құраған. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш әлдеқайда жоғары болатын. Компанияның акциялары жарияланған сәтте 5 пайыздан астам арзандап барып, қайта қалпына келе бастады. Air Astana есебіне сүйенсек, былтырғы күрделі жағдайға америкалық Pratt&Whitney компаниясы шығарған қозғалтқыштардың жиі істен шығуы себеп болған. Бір жыл ішінде қозғалтқыштар 22 рет жоспарсыз ауыстырылып, салдарынан маусым қызған шақта 13 ұшақтың ұшуы тоқтап қалған. Мұның кесірі әуе компаниясының қаржылық қорына айтарлықтай соққы жасаған. Соған қарамастан, Air Astana мен FlyArystan кіретін…
Қазақстанның басым бөлігінде 12-14 наурыз аралығында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің айтуынша, солтүстік пен шығыста соңғы күндері байқалған аяз бен қарлы боранның екпіні басылып, орнына жылы ауа массалары келе бастайды. Қазір осы өңірлерде ықпал етіп тұрған суық антициклон әлсірейді. «12 наурыздан бастап еліміздің барлық аймақтарында көктемгі ауа райы сезіле бастайды. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы нөл градус пен аздаған жылылыққа ауысады. Ал оңтүстік аймақтарда аптаның ортасына қарай күн 5-10 градусқа дейін жылиды», – делінген «Қазгидромет» болжамында. Наурыз айының жалпы сипаты құбылмалы болмақ: солтүстікте қарлы боран, оңтүстік пен батыста жауын-шашынды ауа райы жиі қайталанады. Орташа температура климаттық нормадан…
Алматы қаласының еңбек инспекциясы Burger King желісінің (QSR ЖШС) қызметкерлер шағымы бойынша тексеріс жүргізіп, компаниядағы бірқатар заңсыздықты анықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тексерістің басталуына компания қызметкері Әлібек Қаратайдың шағымы себеп болған еді. Тексеру барысында қызметкердің айтқаны расталды. Burger King-те еңбек заңнамасы жүйелі түрде бұзылған. Инспекторлардың мәліметінше, компания басшылығы қызметкерлердің еңбекақысын кешіктірген, жалақыдан олардың келісімінсіз ақша ұстап қалған, жұмыс істеген нақты уақыты дұрыс есептелмеген. Сонымен бірге мереке және демалыс күндері жұмысқа шыққандарға жалақы заң талап еткендей жоғарылатылған мөлшерде төленбеген. «Жұмыс ауысымдарының кестесі де қызметкерлерге заңмен белгіленген мерзімнен кеш жеткізілген», – делінген хабарламада. Бұдан бөлек, қызметкерлер қажетті арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарымен…
Әлемнің ең бай адамдарын саралаған Forbes журналының 2026 жылғы рейтингі жарияланды. Биыл тізімге Қазақстаннан алғаш рет екі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Былтырғы рейтингте 990 миллион доллармен елдің сегізінші бай кәсіпкері атанған Нұрлан Смағұлов биыл әлемдік миллиардерлер қатарын толықтырды. Forbes оның байлығын 1,3 миллиард долларға бағалап, 2858-ші орынға орналастырды. Қазақстандық екінші жаңа миллиардер Айдын Рахымбаевтың дәулеті 1,1 миллиард долларға жеткен. Forbes.com оны әлемдік рейтингте 3185-ші орынға шығарды. Қазақстандағы ең бай адам атағын биыл да Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким ұстап тұр. Оның байлығы бір жылда 7,1 миллиард доллардан 7,8 миллиард долларға дейін өсті. Ким…
12 наурыздан бастап Алматы көшелеріндегі бейнебақылау камералары жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастайды. Бұдан былай жүйе көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескендерді, қауіпсіздік белдігін тақпағандарды автоматты түрде анықтап, айыппұл салуға кіріседі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаладағы әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаевтың айтуынша, заң талаптары бұрынғыша қалғанымен, бұдан былай тәртіп бұзғандар камераға жиірек түсетін болады. Бұған дейін камералар тек алты түрлі заң бұзушылықты тіркеп келген еді: жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кету, жол таңбасы мен белгілерін елемеу, дұрыс емес жерде тоқтау немесе тұраққа қою, басып озу ережесін бұзу және жаяу жүргіншіге жол бермеу. Енді осы тізімге қауіпсіздік белдігін тақпағандар мен…
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы алдағы референдумға қатысатын бақылаушыларды оқыту, дайындау курстарын жалғастыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласындағы бас штабта бақылаушыларды кәсіби маман, саясаттанушы, сарапшы, Қазақстандағы бақылаушылар институтын қалыптастырушылардың бірі Досмахамбет Көшім оқытуда. Дос Көшім көптеген жылдар бойы республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқарып, сайлау процесін мониторингтеудің отандық мектебін қалыптастырды. Бақылаушыларға арналған арнайы семинар-тренингтер өткізіп келеді. Алдағы өтетін референдумға «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының бақылаушыларын дайындауда. Оқыту онлайн/офлайн форматта өтуде. Аймақтағы бақылаушылар семинар-тренингке ZOOM қосымшасы арқылы қатысуда. Оқыту курстары 13-наурызға дейін жалғасады. Әлеуметтік желіде «Қытайдың Нострадамусы» деген атпен танымал профессор Цзян Сюэцин сайтымызда АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың қалай аяқталатынын болжады.
Депутат Ерлан Сайыров елімізде қолға алынған конституциялық реформаның басты мақсаты қазіргі алмағайып кезеңде Қазақстанның саяси жүйесін орнықтыру екенін атап өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, конституциялық реформаның өзегі жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстандағы саяси жүйенің беріктігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жобада ұлттық рухани құндылықтарға ерекше назар аударылған. Конституцияның кіріспесінде «мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ жеріне» деген арнайы анықтама енгізіліп, еліміздің байырғы мемлекеттік дәстүрлері мен Алтын Ордадан жалғасқан саяси-мәдени мұрасы атап көрсетілген. «Жаңа Конституцияның басты принципі Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу. Бұл құжат қазіргі күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, ертеңгі ұрпаққа сенімді мемлекет қалдыруға бағытталған», – деді Ерлан Сайыров. Сонымен бірге, жаңа…










