Бектеновтің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында түбегейлі өзгеріс бола қоймайды деп есептейді. Оның болжамынша, қазіргі министрлердің көбі қызметінде қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Балаева Астанадағы Ұлттық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол науқан барысында партиялар арасында салауатты бәсеке болғанын, ал Құрылтайдағы орындардың қалай бөлінетіні енді сайлаушылардың таңдауына байланысты екенін айтты.
«Бектенов? Қазіргі министрлер кабинеті өте кәсіби. Мемлекет басшысының нақты міндеттері мен бастамалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан көптеген министр өз қызметінде қалады деп ойлаймын», – деді Балаева.
Вице-премьер жаңа Үкімет құрамына енген жағдайда, медиа мен онлайн-платформаларға қатысты заңнаманы жетілдіру жұмысын жалғастыратынын жеткізді. Ақпарат кеңістігіндегі басты түйткілдің бірі ретінде жалған мәліметтің таралуын атады. Оның пікірінше, фейкті толық жою мүмкін емес, сондықтан журналистер кәсіби қағидаларды берік ұстанып, әр деректі мұқият тексеруге тиіс.
Бұған дейін танымал сарапшы қазіргі үкіметті қолдап, Бектеновтың дүлей дауыл кезінде билікке келгенін келгенін айтқан.
Айтуынша, осыған дейін үкімет жетекшілері (Смайылов, Мәсімов, Сағынтаев, Мәмин) молшылық жылдары инфрақұрылымды жаңартудың орнына, ақшаны мүлде басқа бағытқа жұмсап жіберген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







