Қазақстанның әр өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, инфрақұрылымдық өзгерістер мен жергілікті өзекті мәселелерге арналған кәсіби сараптама алаңы.
Жетісу облысының Сарыөзек ауылында апатты үйлер мәселесі жыл соңына дейін толық шешімін табады. Тозығы жеткен баспаналарда тұрған 240 отбасы кезең-кезеңімен жаңа пәтерлерге көшірілуде.
Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіруге арналған кездесулер өтті. Жиындар Қонаев, Қаскелең қалаларында және Іле ауданында ұйымдастырылды.
Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысынан соққы жеген жасөспірім ауыр халде ауруханаға түсіп, комада жатыр. Өңірдегі әлімжеттік пен жүйелік салғырттық қоғам ашуын туғызды.
Өскемен қаласында қайтарылған активтер есебінен бой көтерген заманауи Гематология орталығы ашылды. Кешен 148 төсек-орынға және 24 орындық пансионатқа шақталған.