Астанада 1 мамырдан бастап Есіл өзенімен серуендеу маусымы қайта басталады. Қала әкімдігінің мәліметінше, теплоходтар маусымға дайындалып, техникалық қызмет көрсетуден өткен. 24 сәуір күні кемелер суға түсірілді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Astana Tourism туризмді дамыту орталығы департаментінің директоры Саят Оразтайдың айтуынша, Есіл өзенімен серуендеу елордадағы танымал туристік демалыс түрлерінің бірі саналады. Жыл сайын оған қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығы жоғары.
Маусым басталар алдында барлық теплоход тексеріліп, бояу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар жолаушылар қауіпсіздігі үшін жаңа құтқару жилеттері сатып алынған.
Биыл өзен серуеніне арналған парк тағы төрт жылдам кемемен толықты. Олар ойын-сауық бағытындағы қысқа серуендерге арналған және әрқайсысы 12 адамға дейін тасымалдай алады.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, өзен серуені жазғы маусымда Астананың туристік тартымдылығын арттыратын бағыттардың бірі болып қала береді.
Астана қаласында ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






