Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналиске кеңес берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Үкіметтің баспасөз орталығында Бозымбаевқа БАҚ өкілі тарапынан сұрақ қойылды.
«Бұған дейін сіз премьер-министр болады деген әңгіме көп айтылды. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?» — деді журналист.
Бозымбаев сұраққа жауап бермей, кеңес берді.
«Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз», – деді премьер-министрдің орынбасары.
Айта кетейік, Қанат Бозымбаев биыл 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.