Қазақстанда 2025 жылы ақылы жолдардан түскен қаражат көлемі 87 млрд теңгені құраған. Биылғы жоспар бойынша 100 млрд теңгеге жуық ақша жинау көзделуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz..
Оның айтуынша, ақылы жолдардан түскен қаражат тек сол жолдардың өзін күтіп ұстауға жұмсалады. Жиналған ақша ең алдымен жолдарды жөндеу мен арнайы техника сатып алуға бағытталады.
– Қазір екі жолақты жолдың бір шақырымының орташа жөндеу құны – шамамен 100 млн теңге. Егер жол төрт жолақты болса, онда бұл сома 1,5-2 есеге артады, – деді Дархан Иманашев.
Компания соңғы екі жылда 1200-ден астам арнайы техника сатып алған. Алайда бұл қажеттіліктің тек 45%-ын қамтып отыр. Компанияға әлі де 1500 техника қажет. Бір арнайы көлік құны шамамен 60-70 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, ақылы жолдардан түсетін қаражат жол бойындағы сервистік нысандарға да жұмсалуда. Соңғы екі жыл ішінде «ҚазАвтоЖол» 106-дан астам әжетхана орнатқан. Екі жыл бұрын олардың саны небәрі 62 болса, бүгінде 177-ден асып отыр.
Соңғы жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) цифрландыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







