Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни радикалдар ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
ҰҚК полициямен бірлесе отырып, Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.
ҰҚК мәліметінше, терроризмді телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынған.
«Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған», — деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында олардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.