Қазақстанға тіл тигізген Тигран Кеосаян комаға түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бұл туралы оның әйелі Маргарита Симоньян әлеуметтік желіде жазды
Маргарита Симоньянның айтуынша, Кеосаян қазір ауруханада жатыр. Ол бұл туралы айтқысы келмесе де, тілшілердің толассыз қоңырауынан кейін жағдай туралы желіге жариялауға бекінген.
«Соңына дейін айтқым келмеп еді. Бірақ тілшілер қоңырау шала бастағандықтан, өзім жазуды жөн көрдім. Менің күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді және комада жатыр. Көпшілік білетіндей, оның жүрегі ұзақ уақыт бойы қатты ауырған еді», — деп жазды ол.
ErtenMedia.kz анықтамасы
Тигран Кеосаян — кеңестік, орыс және армян кино және теледидар актері, кинорежиссер, сценарист, продюсер, бейнеклип режиссері, тележүргізуші және пропагандист.
2022 жылы 27 сәуірде Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты теріс мәлімдеме жасаған еді. Ол Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің оның Қазақстанға кіруіне тыйым салу туралы шешімін келеке еткен болатын. Сондай-ақ, ол бұл тыйымға қарамастан және биліктің рұқсатынсыз елімізге келетінін мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі оны Кеосаянның балағат сөздерінен кейін енгізген. Ол қазақстандықтарды Украинадағы жағдайға қатысты негізсіз айыптаған болатын.