Өскеменде көше жарығы мен мобильді байланыс жабдықтарын бір құрылымға біріктіретін «Қос мақсатты тіректер» жобасы қолға алынды. Қалада барлығы 9 тірек орнату көзделген.
цифрландыру
«ҚазМұнайГаз» жаңа технологиялар арқылы толысқан кен орындарынан қосымша 155 млн тонна мұнай өндіруді көздеп отыр. Компания мұнай беру көрсеткішін 42%-ға дейін арттырмақ.
Қазақстан өңірдегі әріптес елдер мен Әзербайжанға жасанды интеллект саласында күш біріктіріп, ортақ серіктестік құруды және арнайы декларация қабылдауды ұсынды.
Қазақстанның отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект енгізіліп, апаттарды 25%-ға азайту және жыл сайын 23 миллиард теңге үнемдеу жоспарланды.
Энергетика министрлігі AI & Digital Bridge 2026 алаңында энергетика нысандарын жасанды интеллект, кванттық шифрлау және антидрон жүйелерімен қорғаудың кешенді шешімдерін таныстырды.
Астанада өткен Astana AI Film Festival шетелдік сарапшылардың назарын аударып, жоғары бағаға ие болды.
Қазақстанда көші-қон саласында онлайн тестілеудің цифрлық форматы енгізіліп жатыр. Прокторинг жүйесі сынақты қашықтан әрі әділ өткізуге мүмкіндік береді.
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтіп, өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды.
Президент Тоқаев жасанды интеллект дамуына қатысты пайымын білдіріп, саланы шамадан тыс шектемеуге және технологияны өндіріске терең енгізуге шақырды.
Жасанды интеллект саласын реттеу, инновацияны тежемеу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау тепе-теңдігі туралы пікір білдірілді.










