Қазақстанда риелторлардың қызметіне жүгінбеген азаматтардан комиссия талап етуіне тыйым салынады. Сауда және интеграция министрлігі жаңа бірыңғай ереже әзірлеп жатыр.
Қазақстанда риелторлар мен жылжымайтын мүлік делдалдарының жұмысына бірыңғай талап қойылып, бақылау күшейтіледі. Тиісті заң жобасы Құрылтай қарауына жолданды.