Ерғанат Әбени «Самұрық-Қазына» қорының заңнамалық мақсаты мен басқару үлгісін талдап, квазимемлекеттік секторды реформалау жолдарын ұсынды.
Самұрық-Қазына
ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқармасының мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады. Оған «Самұрық-Қазына» ісі аясында аса ірі мөлшерде пара берді деген күдік келуде.
Бұрынғы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Жақсыбек Құлекеев «Самұрық-Қазына» басшылығының ішкі рәсімдерді бұзып, кадр тағайындауға қысым жасағанын мәлімдеді.
Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек «Самұрық-Қазына» қорын таратып, қаржыны «Қазақстан халқына» аударуды ұсынды. Сарапшылар мәселеге қатысты түрлі көзқарас білдірді.
Дания Еспаева министрліктер мен «Самұрық-Қазына» қорындағы сатып алуларды сынап, отандық зауыттардың тапсырыссыз қалып отырғанын мәлімдеді.
Экономист Мұрат Темірханов Қазақстан экономикасындағы мемлекет үлесін азайту ісі 15 жыл бойы алға жылжымағанын мәлімдеп, бизнестің үнсіздігіне назар аударды.
«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталды. ҰҚК ресми тергеу басталғанын растады.
«Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ-ның экс-басшысы Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық күдігімен сот шешімімен қамауға алынды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» төңірегіндегі оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, жақын арада қорға жаңа төраға тағайындалатынын хабарлады.










