«Самұрық-Қазына» қорының сатып алу әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры Азамат Сембай ұсталды. ҰҚК ресми тергеу басталғанын растады.
ҰҚК
Павлодар облысының Успен ауданында іс жүзінде жөнделмеген ауылішілік жолға 45 миллион теңге аударған шенеуніктер мен мердігердің былығын ҰҚК тергеп жатыр.
«Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ-ның экс-басшысы Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық күдігімен сот шешімімен қамауға алынды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Марат Ирменов тағайындалды.
Журналист Асқар Жалдинов ҰҚК төрағасының ауысуына байланысты арнайы қызмет тарихына шолу жасап, ведомствоны басқарған генералдардың тағдырын саралады.
Президент Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қызметінен босатып, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке тәртіптік жаза жариялады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, ведомствоға бірқатар маңызды тапсырма берді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
ҰҚК «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ төрағасы Елжас Отыншиевтің жемқорлық күдігімен ұсталғанын ресми растады. Іс елордадағы ақша толы чемодан оқиғасынан басталған.
Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертпек болған экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды. Олардың балаларға арналған үш бірдей астыртын орталығы әшкереленді.










