Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов генералдар мен әскери шенділерді жеке құрамға қатысты жұмыстағы кемшіліктері үшін сөкті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Редакцияға қорғаныс министрі бағыныштыларын сынға алып жатқан сәт түсірілген кеңестің видеосы түскен.
«Жоғары шенді алу босаңсуларыңызға мүмкіндік береді ме? — деді қорғаныс министрі қарамағындағыларға.
Жақсылықов қоғам әскерден жастардың өмірін сақтауды талап ететінін баса айтты.
Кадрларға қарағанда, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа қызметіне толық сай келмейтіні жарияланған.
Сонымен қатар, Жақсылықов генерал-майор Нұртас Қабақовты әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш білдіретінін мәлімдеді.
ҚМ басшысы командирлер өз қарамағындағыларға қамқорлық жасауға, олардың қызметі мен кәсіби өсуіне жағдай жасауға міндетті екенін айтты.
«Кешіріңіздер, мен үнемі саусақ шошайтып, сіздердің тараптан бақылау жоқтығын көрсетіп отыруым керек пе?» — деді Жақсылықов жиналыста.
Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан әскерінде бірнеше оқиға болған еді. Сондай-ақ, кейінгі уақытта бірнеше сарбаз бен әскери қызметкер ажал құшты.