Аймақтар арасында ең көп алкогольсіз сусындар өндірген өңір — Алматы облысы: 1,2 млрд литр, жылдық өсім — 6,1%. Бұл өңір еліміздің 51,3%-ын қамтамасыз етті.
Екінші және үшінші орындарды Шымкент (272,3 млн литр, өсім 4,5%) және Астана (256,6 млн литр, 16,2%-ға азайған) иеленді.
Импорт үлесі 12,3%-ды құрады. Биылғы жеті айда импорт 5,8%-ға төмендеп, 273,1 млн литрді құрады.
Ішкі нарықтағы сату көлемі 2 млрд литр болды — бұл өткен жылмен салыстырғанда бірдей деңгейде (небәрі 0,6%-ға төмен).
Өңірлер арасында бағалар Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскен: бір жылда 17,4%-ға. Антилидерлер үштігіне Қарағанды (16,8%-ға), Батыс Қазақстан (15,3%-ға), Маңғыстау (13,7%-ға) және Алматы (13,5%-ға) облыстары кірді.
Ұлытау облысында баға айтарлықтай өспеген, бары 5,7%-ға.
Минералды және ауыз су бағасы 14,4%-ға, салқындатқыш сусындар 11,6%-ға, шырындар 10,8%-ға қымбаттады. Соның ішінде минералды су 14,7%-ға, ауыз су 13,6%-ға, газдалған сусындар 11,9%-ға, газдалмаған сусындар 10%-ға қымбаттағанын байқауға болады.