Жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған балаларды сату бойынша 6 қылмыстық іс тіркелген, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Orda.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді.
Биыл адам саудасына байланысты 197 дерек тіркелген. 70-ке тарта адам сотталды.
«Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 116-бабы («Адамның ағзасы мен тiнін алуға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою») бойынша 22 іс, адамды қанау мақсатында ұрлау 1 іс, қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру 4 іс, адам саудасы 17 іс, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту 15 іс, кәмелетке толмағандарды сату 6 іс, жезөкшелікпен айналысуға тарту 13 іс, жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық 119 іс тіркелді», – деді ол.
Шынар Көшербаева елде адам саудасы өршіп тұрғанын айтты.
Ол осы қылмыспен күресу үшін жүйелі шаралар қажеттігін мәлімдеді.