Арыс қалалық мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялағанын білеміз. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, Арыс қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кездесуді «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда Президент Жолдауындағы негізгі басымдықтар, ел дамуына қатысты жаңа міндеттер және цифрлық өзгерістердің қоғам өміріне ықпалы талқыланды.
Алғашқы болып сөз алған Ермек Бекбосынов Жолдаудың саяси және қоғамдық маңызына тоқталып, ондағы бастамалардың ел өміріне әсерін жан-жақты түсіндірді. Оның сөзінен кейін Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс пен Арыс қалалық татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Расиль Байков пікір білдіріп, өз ұсыныстарын айтты.
Жиын соңында Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Президент Жолдауы Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы айқындаған жаңаша жұмыс тәсіліндегі жеті маңызды міндетке арнайы тоқталды.
Контекст
Облыстық мәслихат төрағасы инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистика мен туризмді жаңаша дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлікті цифрлық бағытта ілгерілету және адам капиталын дамыту мәселелерін кеңінен қозғады. Сонымен қатар облыс пен қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға да нақты тоқталып өтті.
Нұралы Әбішов Жолдаудағы әр тапсырма ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, тұрғындарды оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды. Жиын қорытындысында қатысушылар көтерілген бастамалардың өзектілігін атап өтіп, оларды іске асыру жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







