Қазақстанда жасанды интеллект саласына жауапты жеке министрлік құрылды деп хабарлайды Ertenmedia.
Мемлекет басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды.
Ведомство енді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі деп аталады.
Жарлыққа сәйкес, инновациялық даму бағытындағы қызметтер мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Бұрынғы министрліктің міндеттері мен функциялары осы екі ведомство арасында қайта бөлініп, бекітілді.
Үкіметке мемлекеттік органдардың штат санын қайта қарап, осы жарлықты жүзеге асыру тапсырылды. Жаңа министрлік ресми түрде 2025 жылғы 18 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.
Айта кетейік, президент жаңа ведомствоны құру қажеттігін 8 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған жолдауында мәлімдеген еді.