Қазақстан халқы 2025 жылдың соңғы демалысын нағыз қысқы атмосферада өткізеді. Ел аумағында қар жауып, боран соғып, жаңа жыл алдындағы жолдарда қарбалас күшейеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазгидрометтің болжамынша, осы демалыста Қазақстан арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Бұл еліміздің басым бөлігінде ауа райын күрт өзгертіп, қар жауып, көктайғақ, тұман мен екпінді жел әкеледі.
27 желтоқсан, сенбі күні республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, кей жерлерде қатты боран соғады деп күтілуде. Дәл осы күндері батыс өңірде де ауа райы бұзылып, бұл жағдай жексенбіге дейін жалғасады.
Демалыстың соңына қарай қар солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстарға жетіп, жол қозғалысы қиындай түседі. Елдің оңтүстігінде ауа райы жұмсақтау болады, жаңбыр аралас қар жауады. Бірақ бұл өңірлерде де қыс өз мінезін танытып, барлық аймақтарды тұман басады.
Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта түнде –10-нан –18 градусқа дейін аяз болса, күндіз –8-ден 0 градусқа дейін суытады.
Елдің шығысында демалыс күндері түнде –20 градусқа дейін, ал күндіз –10 градус шамасында аяз күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде түнде 0-ден +5 градусқа дейін жылы, күндіз ауа температурасы +5-тен +15 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ таулы аймақтарда күн суытып, минус температура болады. Жылдың соңғы демалысы қар астында, жолдағы боран мен терезе сыртындағы тұман аясында өтеді.
Осыған Ertenmedia Астана әкімдігінің ауа райынан қалай пайда көріп жатқанын жазған еді. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жауын-шашынсыз өткен әрбір тәулік коммуналдық қызмет шығындарын 50-100 млн теңгеге дейін төмендетеді екен.

