Белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жұбайы Айгүлмен отасқанына 30 жыл толғанын айтып, қуанышымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осы ерекше күні ол жас отбасыларға арнап ізгі тілегі мен өнегелі өсиетін жеткізді.
– Жастарға айтарым, махаббат деген ұлы ұғым өмірде бар, оған күмәнданбаңдар!
Бір-бірімен тату-тәтті ғұмыр кешіп, шаңырақты биік, керегесін кең етуге әркімнің шамасы жетеді. Ұрпақ сүйіп, балаларға жақсы тәрбие берсеңдер, олардың қызығын көресіңдер.
Лайым әр қазақтың әулеті берік болсын, ажырасу дегенді мүлде ұмытсын! Бір-біріңді сыйлаңдар, қадірлей біліңдер! – деп жазды Мұхтар Тайжан.
Сонымен қатар, қоғам белсендісі жұбайы екеуі бүгін шаңырақтарының 30 жылдығын атап өтетінін жеткізіп, қуанышымен бөлісті.
Президент Тоқаев халықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жастарға ерекше өсиет айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







