Қарағанды облысында балалар үйінің тәрбиеленушілерін тонап келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Соңғы жарты жыл ішінде күдіктілер жетімдерге тиесілі әлеуметтік есепшоттарды күшпен босатып, микрокредит ұйымдарынан олардың атына несие рәсімдеткен.
Қорқытып, ұрып-соғып, алдау арқылы жасөспірімдерді айтқандарына көндірген қылмыскерлер осылайша 10 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан топтың толықтай ұсталғанын мәлімдеді. Күдіктілерден автоматты қарудың оқ-дәрілері және жүзден астам патрон тәркіленді.
Қазір топ мүшелеріне қатысты «бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен бірге полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың басқа да зардап шеккендерді бопсалауы мүмкін екенін тексеріп жатыр.
Бұған дейін біз ел мектептерін қатыгездік жайлап жатқанын жазған едік. Қопа трагедиясы туралы толығырақ осы жерден оқыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

