Әлемдік бокстың аңызы Майк Тайсон Қазақстанға астаналық кинофестивальге келген сапарында қымыз ішіп қызық жағдайға тап болған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы фестивальді ұйымдастырушы Майра Қарсақбаева айтып берді. Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетовтың өтінішімен Қазақстанға әйгілі боксшы Майк Тайсон шақырылған. Ол елордаға жұбайымен, қызымен, енесімен және жақын досымен бірге келген.
Қонақтарды қарсы алған ұйымдастырушылар оларды алдымен мейрамханаға апарып, ұлттық тағамдарға толы мол дастархан жайған. Осы жерде Тайсонға қымыз ұсынылған.
– Біреу Тайсонға: «Қымыз ер адамдар үшін өте пайдалы, Қазақстанда тіпті 70 жастағы қариялар да бала сүйе алады» деп айтты. Осы сөзге қызыққан Тайсон бірден бір литрге жуық қымызды сіміріп салды. Мен оған «қымызға асқазан біртіндеп үйренуі керек» деп ескерткенмін, бірақ ол тыңдамады, – дейді Майра Қарсақбаева.
Рестораннан кейін фестивальге қатысушылар этно-ауылға бару үшін Бурабайға аттанған. Колоннада 20-30 көлік болып, олардың алдында және соңында полиция еріп жүрді. Жолға шыққаннан кейін бір сағаттай өткенде, Тайсон кенеттен іші ауырып тұрғанын айтып шағымданған.
– Айналамызда жазық дала, дәретхана жоқ. Абырой болғанда, алыстан ескі ауыл дәретханасын байқап қалдық. Бірден бүкіл кортежді тоқтатуға тура келді. Сол жерге тоқтап, Тайсон жағдайын реттеп алды. Кейін бәріміз «бұл жерге «Мұнда Майк Тайсон болған» деген тақтайша іліп кету керек еді» деп әзілдегеніміз бар. Ол кезде Тайсонның әйелі жүкті болатын, ол да қатты қиналса да, Бурабайға дейін шыдап барды. Бірақ Астанаға қайтар жолда олар жеке тікұшақпен ұшты, – деп есіне алады ұйымдастырушы.
Фестивальден соң Майк Тайсонға туған күніне орай 100 мың доллар сыйақы берілген. Тайсон бұл қаржының жартысын аутизммен ауыратын балаларға қайырымдылық ретінде аударған.
Блеглі блогер Қайсар Қамза «Түрмеде темекісіз қалдырмаңдар» деп елге үн қатты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

